Мамандыѓы: ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау



бет13/23
Дата12.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#137855
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Жауап эталоны: Балада, тесіп кіргізу құрсақтың алдыңғы қабырғасында симфиздің үстіңгі жиегіне жасалынады.
80. Ауруда қабыну процесінде бүйректің милық заты зақымданған. Бұндай жағдайда нефронның қай бөлігі өзгереді.
Жауап эталоны: Бұндай жарақатта нефронның Генле ілмегі зақымданады.
81. Бір бүйректің экскреторлық ағашының рентгендік суретін алу үшін контрасты затты сәйкес несеп ағарға салады. Қандай ориентирлер бойынша несеп ағардың тесігін қуықтың шырышты қабатынан табады?
Жауап эталоны: Несеп ағарлардың тесіктері үш бұрышты алаңының бүйір бұрыштарында орналасқан, қуықтың шырышты қабатында қатпарлар болмайды.
82. Қынап арқылы жатыр мойнын қарағанда гинеколог онда көлденең саңлауды көрді. Әйел бұрын босанған ба?
Жауап эталоны: Гинекология келген әйел бұрын бала тауып босанған.
83. Жатыр түтігін алу үшін гинеколог жатырың кең жалғамасының қай жерін хирург кесуі керек?
Жауап эталоны: Хирург жатыр түтігін алу үшін түтіктің шажырқайын кеседі.
84. Босанудан кейін несеп-жыныс диагфрагмасы жарақаттанды, оның кесірінен несепті ұстау қабілеті бұзылды. Бұл жағдайда қай бұлшық ет жарақаттанды.
Жауап эталоны: Шат аралығы жарақатынан кейін несеп шығару өзегінің сфинктері бұзылды.
85. Баланы қарағанда дәрігер оның сол аталық безі құрсақ қуысының ішінде екенін байқайды. Бұндай орналасуы аномалия ма немесе даму вариантты ма?
Жауап эталоны: Аталық бездің шат каналының тереңгі сақинасында орналасуы аномалия деп саналады.
86. Қуық асты безі секрет шығарып қана қоймайды. Сонымен бірге несеп шығаратын өзектің сфинктірі қызметін атқарады. Адам өмірінің қай периодында тек несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады?
Жауап эталоны: Жыныстық қабілетке жеткенше несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады.
87. Ауру еркектің қуық асты түбірің маңайында ісік пайда болды. Қуықтың синтопиясын ескергенде ісік қай ағзаға көшуі мүмкін?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет