Мамандыѓы: ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау


Көкірекаралық (көкірекорталығы)



бет17/33
Дата23.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#62532
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
58.Көкірекаралық (көкірекорталығы), оның жоғарғы және төменге бөлінуі. Төменгі көкірекаралықтың алдыңғы, ортаңғы және артқы болып бөлінуі.
59. Несеп шығару жүйесі
Несеп және жыныс ағзаларының филогенезі және онтогенезі. Құрылыстары мен қызметтерінің ерекшеліктері.
60.Несеп ағзалары (несеп шығару жүйесі).
Бүйрек, оның дамуы, құрылысы, қызметі. Бүйрек сегменттері. Нефрон — бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі (өлшемі). Бүйректің қан тамырларының ерекшеліктері. Бүйректің топографиясы (синтопия, скелетотопия) оның ішастарға қатынасы. Бүйректің қабықтары, бүйректің бекітетін аппараты, бүйрек сабағы (аяқшасы) элементтерінің топографиясы. Бүйректің рентгенанатомиясы.
61.Несеп шығаратын жолдар. Бүйрек тостағандары (кішкене және үлкен) бүйрек түбекшесі. Несепағар, оның бөліктері, топографиясы, ішастарға және қан тамырларына қатынасы; несепағар қабырғасының құрылысы, оның қысыңқылары (тар жерлері).Несеп қуығы: оның пішіні, орналасуы, қабырғасының құрылысы. Қуықтың ішастарға қатынасы (функциональдық жағдайына байланысты). Еркек пен әйелдің несеп шығаратын өзектері. Несеп шығару жолдарының рентгенанатомиясы. Несеп жүйесі ағзаларының даму кемістіктері.
62.Жыныс ағзалары
Сыртқы және ішкі жыныс ағзаларының дамуы. Еркек және әйел жыныс ағзаларының гомологиясы, даму аномалиясы (гермафродитизм). Әйел және еркек жыныс ағзаларының құрылысы және қызметтерінің ерекшеліктері.
63.Еркек жыныс ағзалары. Атабез, оның топографиясы мен құрылысы. Атабез қосымшасы. Атабездің қабықтары. Ұма. Атабездің түзілуі (пайда болатын жері) мен төмен түсуі. Шәует (ұрық) шылбыры, шәует шығаратын және шәует лақтыратын түтіктер. Қуық асты безі. Шәует көпіршіктері. Буылтық-несеп шығаратын өзек (буылтық-уретралық) бездері, оның топографиясы, құрылысы. Еркек жыныс ағзасы, оның құрылысы.
64.Әйел жыныс ағзалары. Анабез, оның топографиясы, құрылысы, ішастарға қатысы. Анабездің циклдік және жасқа байланысты өзгеруі. Анабездің қосымшалары. Жатыр, оның топографиясы, пішіні, бөліктері, ішастарға қатысы, қабырғаларының құрылысы. Жатыр байламдары. Жатыр түтігі, оның бөліктері, топографиясы, құрылысы. Ішастарға қатысы. Қынап, қынап күмбезі, қынап қабырғасының құрылысы. Әйел жыныс ағзаларының рентгенанатомиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет