134.Бассүйек нервтерінің вегетативтік нерв жүйесімен байланысы, құрамында вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің талшықтары бар нервтер.
135.Жеке бассүйек нервтеріне сипаттама беру: ядролары, нервтің топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары, сыртқы проекциясы, басқа нервтермен байланыстары. І, ІІ жұп нервтерінің анатомиясының ерекшеліктері.
ІІІ, ІҮ, ҮІ жұп нервтерінің анатомиясы.
136. Үшкіл нерв (Ү-жұп), оның сезімтал және қозғалтқыш түбіршіктері. Үшкіл түйін. Үшкіл нерв тармақтарының топографиясы, нервтендіру аймақтары, вегетативтік түйіндермен (қанат-таңдай, құлақ, төменгі жақсүйек асты түйіндері) байланысы.
137. Бет нерві (ҮІІ-жұп), оның топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары. Аралық нерв, иін (тізешік) түйіні. Аралық нерв пен бет нервінің ара қатынасы.
138. Кіреберіс-ұлу нерві (ҮІІІ-жұп), оның бөліктері (кіреберіс және ұлу). Олардың түйіндері (кіреберістік, иірмелік) және тармақтары.
139. Тіл-жұтқыншақ (ІХ-жұп) және кезбе (Х-жұп) нервтері, олардың топографиялары, түйіндері, тармақтары және нервтендіру аймақтары. Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтерінің құрамындағы вегетативтік талшықтар, олардың шыққан жерлері және нервтендіру аймақтары.
140. Қосымша нерв (ХІ-жұп), оның топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймағы.
141. Тіл асты нерві (ХІІ-жұп), оның шығу тегі, топографиясы, нервтендіру аймағы, мойын өрімімен байланысы.
142. Вегетативтік (автономдық) нерв жүйесі.
Вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы мен қызметінің заңдылықтары. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінуі. Вегетативтік нерв жүйесінің мидағы және жұлындағы орталықтары. Вегетативті нерв жүйесінің шеткі бөлігі. Вегетативтік нерв жүйесінің талшықтарының шығу тегі мен жүру жолдары. Түйінге дейінгі және түйіннен кейінгі нерв талшықтары.
143. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі. Мидағы және жұлындағы орталықтары. Шеткі бөлігі. Бас, мойын ағзаларының, жүректің, өкпенің нервтенулері. Өңештің, асқазанның, ішектің, бауырдың, ұйқы безінің, көк бауырдың, бүйректің, бүйрек үсті безінің және жамбас астауы ағзаларының нервтенулері. Интрамуральдық өрімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |