Мамандыѓы: ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау


Жүректің артериялары және веналары



бет21/33
Дата23.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#62532
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
93.Жүректің артериялары және веналары. Алдыңғы кеуде қабырғасындағы жүрек шекараларының және оның тесіктерінің проекциясы.
Жүректің жасқа байланысты және типтік анатомиясы. Жүрекқап (перикард). Кеуде қуысындағы ірі тамырлар: қолқа, өкпе сабауы, өкпе веналары, жоғарғы және төменгі қуыс веналар.
94.Артериялар Кіші қан айналымының артериялары - өкпе сабауы, оның дамуы, топографиясы. Өкпе ішіндегі оң және сол өкпе артерияларының негізгі тармақтары. Үлестік, сегменттік және үлесшелік артериялар.
95.Үлкен қан айналымының артериялары. Қолқа, оның дамуы, топографиясы, бөліктері: қолқа буылтығы, қолқаның жоғарылаған бөлігі, қолқа доғасы, қолқаның төмендеген бөлігі. Жүректің тәжді артериялары. Қолқа доғасының тармақтары.
96.Мойын мен бас артериялары. Жалпы, сыртқы және ішкі ұйқы артериясы, оның топографиясы, тармақтары. Сыртқы ұйқы артериясы, оның тармақтары, топографиясы. Ішкі ұйқы артериясы, оның тармақтары мен топографиясы. Ми мен жұлынның қанмен қамтамасыз етілуі. Үлкен мидың артериялық (Виллизи) шеңбері. Бұғанаасты артериясы: топографиясы, олардың оң және сол жақтағы орналасу айырмашылықтары; бұғанаасты артериясының тармақтары.
97. Қол артериялары. Қолтық, иық, шынтақ, кәріжілік артериялары, олардың топографиясы, тармақтары, сыртқы проекциялары. Алақанның (беткей және терең) артериялық доғалары, оларды түзетін артериялар, топографиясы, алақан бетіндегі проекциясы.Бұғанаасты, қолтық, иық және қолдың басқа артерияларының тармақтары арасындағы маңызды анастомоздар.
98.Мойын мен бас артериялары арасындағы анастомоздар.
99.Кеуде қолқасы, оның топографиясы. Париетальды және висцеральды тармақтары, олардың арасындағы анастомоздар.
100.Іш қолқасы, париетальды және висцеральды тармақтары, топографиясы, арасындағы анастомоздар.
101.Жалпы мықын артериясы, топографиясы, сыртқы және ішкі мықын артерияларына бөлінуі. Сыртқы мықын артериясы, топографиясы, тармақтары.
Ішкі мықын артериясы, париетальды және висцеральды тармақтары, олардың арасындағы анастомоздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет