5 қадам Сұранысты да назарда ұстаңыз Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білуде пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған конкурстарда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандықтарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы бар. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызды қай жоғары оқу орнында қалай даярлайтынын анықтаңыз.
6 қадам Мамандар не дейді? Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде мектеп психологы немесе психолог-кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тесттер де бар.
7 қадам Қорытынды шешім Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңіз ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екі бөлікке бөліп, плюс және минус жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз. Тізімде 3 пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп – ең соңғы шешім қабылдаңыз.