Мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру;
Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Міндеті: Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің сөзі :
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Отырыңыздар! Біздің бүгінгі «Мамандықтар әлемінде» атты пікір алмасу сабағымызға қош келдіңіздер!
Пеедагог кәсіптік бағдар беруші деген кім?
Кәсіптік бағдар беру (профориентация) – қоғам тенденциясы мен қажетін ескеріп, оқушылар мен жастарға мамандық таңдауға көмектесу.
Кәсіптік бағдар беру педагогының жұмысының негізгі міндеттері:
Оқушыларға кәсіптік өзін-өзі ацқындауды шешуде көмек көрсету;
Олардың құндылық бағдарларын, қабілеттері мен мүмкігдіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, кәсіптерді дербес және саналы таңдауын қалыптастыруға ықпал ету.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 - 11 сынып оқушыларының алдында тұрған басты мәселе – болашақ мамандығын таңдау. Ал мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандықты таңдау туралы не білеміз?
Мамандық таңдау дегеніміз не?
Осы сұраққа жауап беру үшін біз бүгінгі пікір алмасу сабағымызды ұйымдастырып отырмыз.
Сабағымыз 7 кезеңнен тұрады,
1. «Менен сұрақ, сенен жауап».
2. «Жұмбақ жан» айдары. Кеңес беру
3. «Ал сен кімсің?».
4. «Ең жақсы» ойыны.
5. Мотивациялық видео «Мамандық таңдауда қателеспе».
6. Кеңестер.