Мамық ЖҮнді аң терілерінің географиялық ЖӘне мезгілдік өзгергіштігі



Pdf көрінісі
Дата10.01.2017
өлшемі444,56 Kb.
#1547

С.Сейфуллиннің  120 жылдығына  арналған  «Сейфуллин  оқулары-10:  Мемлекеттің индустриалды-

инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау келешегі мен ғылымның

рөлі»  атты  халықаралық  ғылыми-теориялық конференциясының материалдары//Материалы

международной  научно-теоретической  конференции

«Сейфуллинские  чтения-10:  «Новые

перспективы  подготовки  конкурентоспособных  кадров  и  роль  науки  в  формировании

индустриально-инновационной  политики  страны»,  посвященной  120-летию  со  дня  рождения  С.

Сейфуллина. – 2014. – Т.1., ч.1. – Б.188-191



МАМЫҚ ЖҮНДІ АҢ ТЕРІЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

МЕЗГІЛДІК ӨЗГЕРГІШТІГІ

Захан С., Сейітқажы Ж.

Географиялық  өзгергіштік. Мамық жүнді  терінің сапасы  жануардың

мекен  ететін  ауданына  көптеп  байланысты  келеді,  яғни  географиялық

тұрғыда өзгермелі болады. Мысалы солтүстік түлкісі онтүстік түлкісінен

үлкен  және  жақсы  мамықтанған.  Бір  ауданда  мекендейтін әртүрлі

жануарлардың терісі ұқсас  сипатта  болады.  Географиялық  өзгермеліктің

жалпы заңдылықтарын қарастыратын болсақ: Бірінші кезекте аң терісінің

географиялық  өзгерулігі  оның тіршілік  ету  ортасына  байланысты.  Бұл

жайт  жер үсті  жануарларында  нақты  байқалады  (бұлғын,  сусар,  тиін,

қара түлкі т.б), қос мекенділерде (ондатр, кәмшат, құндыз) азырақ, ал жер

асты аңдарында өзгеру үрдісі төмен.

Негізгі  климаттық факторға қоршаған  ортаның температурасы

жатады.  Ол  терінің мөлшері,  мамықтануы,  жұмсақтығы  және  жүн

жабынының бояуы (түсі) сияқты қасиеттеріне әсер етеді.

Әдетте 

солтүстіктің

аңдары 

оңтүстіктің

аңдарынан

үлкен.

«Климаттық

интервал»

ережесі 

бойынша

қоршаған 

ортаның

температурасы  төмендеуінен  жануардың денесі үлкейеді.  Бұл  жануар

ағзасының жылу  реттеу  механизмімен  түсіндіріледі,  яғни  жануардың

денесі  неғұрлым үлкен  болған  сайын  денеде  жылу  энергиясы  соғұрлым  көп

өндіріледі  де  оның салыстырмалы  шығыны  аз  болады.  Жануардың  әрбір

түрінің  өзінің  «климаттық интервалы»  болады.  Мысалы  ақ тиінда  ол

интервал12-ден 25

0

С аралығында.

1 сурет. Климаттық интервалдың графиктік сұлбасы

Географиялық күрт өзгергіштікке  байланысты  мамық жүнді  аң

терілерін түр ішінен кряж (өңірлік түрлерге) бөліп қарастыруға болады.

Кряж    дегеніміз  мекен  еткен  географиялық  өңірлеріне  тән  тауарлық

ерекшеліктерді  (белгілерді) өздеріне  сақтаған  мамық жүнді  аңдардың түр

ішіндегі  жиынтығы.  Кряжға  көбінесе  сол  аңның мекен  еткен  яғни  терісі

дайындалған  географиялық  өңірдің аты  беріледі,  мысалы  амур  тиіні,якут

тиіні, алтай тиіні т.б.

Солтүстік  аңдарының жүн  жабыны қою  және  жақсы  мамықтанған,

жүн талшықтары жіңішке әрі жұмсақ.

Суық және құрғақ  өңірлерде  (мысалы  Якутияда)  аңдардың жүн

жабыны  мамықты, қою,  жібектей  жылтыр,  жұмсақ, жіңішке,  терісі

нығыз келеді.

Күрт  ауыспалы,  суықтау  климатты    шөлейт  аудандарда  (Қазақстан,

Орта  Азия)  тіршілік  ететін  аңдардың жүн  жабынының мамықтылығы,

қоюлығы мен жұмсақтығы төмендеу.

Суық және  ылғалды  теңіз  климаты  жануарлардың жүн  жабынын

мамықты,  айқын өңді,  бірақта

қатқыл  болдырады.  Тері  жабынының

қалыңдығы мен тығыздығы орташа болып келеді.

Жылы өңірді мекендейтін жануарлардың жүн жабыны аласа, сирек әрі

қаттылау болады. Тері жабыны салыстырмалы түрде қалың және болбыр

келеді.

Жүн жабынының реңі де географиялық өзгеріске ұшырайды. Солтүстік

өңірлердің жәндіктері  неғұрлым  ашық реңді,  орманды өңірлердікі өте

қаныққан,  далалық және  шөлейт өңірлердікі  сұрғылт  (құм  тәрізді)  болып

келеді.

Географиялық фактор  теріге  де әсер  етеді.  Жүн  жабыны қою  боп

келетін  солтүстіктің терілері  оңтүстікке қарағанда  жұқа, әрі  нығыз

болады.

Мезгілдік өзгергіштік. Аң терілерінің сапасына оларды аулау  мезгілі де

әсер  етеді.  Жүн  және  тері  жабынының жыл  мезгілдеріне  сай өзгеруі

жануар 

ағзасының

сыртқы 

орта 

жағдайының 

өзгеруіне,

әсіресе

температураның  өзгеруі  арқылы  айқындалады.  Мұндай құбылыс  жүн

жабынының мезгілдік  ауысуы  (түлеуі)  мен  тері  жабынының  қалыңдығы

және тығыздығының өзгеруіне байланысты.

Түлеудің

сипаты  мен  жиілігі  мынадай  көптеген  факторларға

байланысты:жануардың түрі  мен  жасы,  тіршілік  (азықтану)  жағдайы,

температураның мезгілдік өзгеруі т.б.

Мамық жүнді  терілерді  жаздық және қыстық деп  бөледі.  Жаздық

терінің сапасы қыстыкінен төмен. Әдетте жаздық терінің жүні сирек әрі

қысқа  болатындықтан  мамықты  бұйымдар  жасау үшін  сапасы қыстық

терілерге жетпейді.

Жүн жабыны реңді (пигментті) жануарлардың тері жабыны қыс, жаз

мезгілдерінде ақшыл болады. Жүннің өсуі кезінде (көктем, күз) тері жабыны

күңгірт  (баран)  түске  енеді.  Бұл  көрініс  терінің жалпы  аумағын  алып

жатуы  мүмкін,  немесе  жекелеген  топографиялық бөліктерде  орын  алады.

Бұл  жерлерде  тері  жабыны  күңгірттенеді,  себебі  жаңадан өсіп  келе

жатқан  жүн  талшықтарының түбірі  жақсы  пигменттелгендіктен тері

ұлпасының түсін өзгертеді.  Бұл  көріністі  терінің астыңғы  жағынан  да

байқауға  болады.  Жүн  жабыны қаншалықты  күңгірт  болған  сайын  тері

жасушасының түсі  де  соншалықты  күңгірттенеді.  Жүн  жабыны  ақшыл

болса тері жасушасы да ақшыл болады. Жүн жабыны түсінің қалыптасуы

аяқталған  кезде  тері  жасушасыда  соған ұқсас  реңді  болып  келеді.  Терідегі

дақтардың пішіні  мен  түсіне  терінің шел  жағынан қарап,  көру  арқылы

түлеу  барысын,  яғни  жүн  жабынының жай-күйін    білуге  болады  (2-сурет)

және  осы  тәсілмен  көптеген  мамық жүнді  аң терілерінің сұрыпын

анықтайды.

2 - сурет. Тиін терісінің мезгілдік өзгеруі (түлеуі)

мұндағы:  1,2,3….айлар  реті:  1-қаңтар,  2-ақпан,  3-наурыз  т.с.с.

Жоғарғы  (1)  сұрыптық

терілер  желтоқсанның

соңғы  жартысынан

ақпанның бас  кезіне  дейінгі  терілер.  Күздің соңы  мен  ерте  көктемдегі

терілер 2-сұрыпқа, қалғандары 3-сұрыпқа жатқызылады.

Әртүрлі  жануарлар  терісінің түлеу  саны  жыл  бойына  бірдей  емес.

Көптеген мамық жүнді аңдар (бұлғын, сусар, сасық күзен, қара түлкі, түлкі,

қоян,  ақкіс  т.б)  жылына  екі  рет  түлейді.  Көктемде қыстық мамық

жаздыкімен,  алкүзде  жазғы  мамық  қысқымен  ауысады.  Көртышқан  жаз,

күз, көктемде түлейді.

Қысқы ұйқыға  кететін  аңдар  (сусар,  борсық, шұбар  тышқан  т.б)    бір

рет  түлейді.  Олардың түлеуі  көктемнен  бастап  күздің соңына  дейін

созылады. Жаздық мамық өспейді. Жазда тек қана сиреген, өңсіз,  негізінен

қылшықтан  тұратын қысқы  жүн қалады.  Түлеу  кезінде  жүн  жабынының

ауысуы  терінің барлық аумағында  бірден  жүрілмейді.  Жануарлардың  әрбір

түрі өзіндік  топографиялық бөліктердің түлеу  кезегімен  ерекшеленеді.

Кейбір жануарларда түлеу үрдісі басы мен алдыңғы аяқтарынан  басталып,

мойын  бөлігімен  артқы  аяқтарына,  сосын  жон  арқасының алдыңғы  бөлігі,

бүйір, қабырғаға  жалғасып,  жон  арқаның артқы  бөлігі,  бөксе құйрықпен

аяқталады.  Басқаларында  түлеу  керісінше  жүрілуі  мүмкін,  яғни құйрық

бөкседен бастап басымен аяқталуы мүмкін.

Түлеу  уақыты  жануардың түріне  байланысты,  сондай-ақ жасы,

жынысы,  климаттық жағдайға  да  байланысты  болады.  Кейбір  аңдарда

(тиін) қысқы  жүн  жабыны  ерте  жетіледі  (2-сурет).  Ал  кейбіреулерінде

(ондатр)  біршама  жайырақ.  Ұрғашы  буаз  аңдардың көктемгі  түлеуі

біршама  ертерек  басталып,  тезірек  аяқталады.  Кешірек  туған  төлдің

түлеуі ересек аңға қарағанда жайырақ жүріледі.

Түлеудің жүрілу  уақытына  климаттық жағдай  айтарлықтай әсер

етеді. Қысы ұзақ өңірлерде көктемгі түлеу жайырақ басталады. Ал қысқы

мамықтың жетілуі қысы қысқа өңірлерден  ерте  аяқталады.  Бір өңірдің

өзінде  температураның  өзгеруінен  түлеу үрдісі  ерте  немесе  кеш  жүрілуі

мүмкін.  Ерте  түскен  аяз қыстық мамықтың жетілуін  жеделдетеді.

Аңдардың түлеу уақытын күн жарығын ұзарту арқылы  реттеуге болады.

Үй  жануарларында  түлеу үрдісі  тұрақты  емес.  Дененің кейбір

бөліктерінде жүннің ауысу үрдісі мүлде жүрілмеуі де мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет