Мамыр бірлік күні мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні



Дата09.06.2023
өлшемі16,02 Kb.
#99972

1мамыр – бірлік күні


1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл айтулы мереке  1996 жылдан бастап тойланып келеді. Мерекені тойлаудағы негізгі мақсат – Қазақстан халқының біртұтас ел екендігін көрсету.
Өзінің үлкен бір жеңісімен ерекшеленетін мерекелердің бірі, әрі бірегейі де осы күн. Себебі 1995 жылы елімізде алғаш рет ешбір елде болмаған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сипаттайтын, маңызы зор құрылым - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Бүгінгі таңда көптеген ұлт өкілдері, атап айтқанда, өзбек, қырғыз, татар, әзірбайжан, орыс, кәріс, т.б. бір шаңырақ астында тату-тәтті, ынтымақ пен бірлікті ту етіп өмір сүріп жатыр.
Жыл сайын осындай айтулы мерекеде ұлт өкілдері киелі шаңырақ астында береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта, шын достықтың ортасында өмір сүріп жатқандарын тойлайды. Мереке барысында әр ұлт өздерінің әндерін шырқап, ұлттық билерін билеп, ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеп, басқа этнос өкілдеріне тағы бір мәрте паш етеді. Сонымен қатар, мереке көңілді, қызықты өтуі үшін түрлі дәрежедегі спорттық шаралар ұйымдастырылып, ойындар ойнатылады.
Бірлік пен ынтымақ күнін тойлау елімізде тұратын басқа ұлт өкілдері үшін маңызды. Себебі, олар өздерінің ұлттық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік ерекшеліктерін барша әлемге көрсетуге және сол мәдениетті сақтауға үлкен мүмкіндік алады. Әрі бұл күн ұлт пен ұлыстың дамуы үшін де оң әсер етері сөзсіз.
Елімізде қалыптасқан халықтар достығының арқасында бүгінгі таңда мемлекетіміз өркендеп, бірлік пен ұйымшылдықты ту етіп, ілгері дамып келеді. Ұйымшылдық пен татулықтың жоғары деңгейге көтеріліп, келісім мен бірліктің сақталуы – еліміздегі бейбіт өмірдің кепілі, баға жетпес байлығы болмақ.

“Өрел орта мектебі” КММ


5 “а” сынып оқушысы
Айару Утельбаева
Жетекшісі: Баспақова Маржан Серікбекқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет