Мамыртай Құралай 8 «б» сынып



Дата01.03.2023
өлшемі14,77 Kb.
#70853
Байланысты:
эссе-мамыртай құралай нұрғалиқызы


Мамыртай Құралай 8 «б» сынып
Жер ана бізге қуат беретін,қуаныш сыйлайтын екінші анамыз.Табиғат анамен сырласуға да болады,мұңдасуға да болады.Ол барлығын естиді,сезеді.
Неге менің табиғатты ана деп атағанымды білесіз бе?Өйткені ол бізге ғаламның бар кереметін сыйлады.Тауды да,тасты да,өсімдікті де,жануарды да,өзен-көлді де алақанында мәпелеп отырған Жер анамыз емес пе?!Қасиетті,қастерлі жер анамызға әрқашан құрмет көрсетіп жүру керек қой.Әлемнің не бір кереметтерін қызғанбай ақ бізге тарту етіп жатыр.Адамзат баласы үшін аянбайды,қашанда қолындағы барын береді,бойындағы нәрін береді.
Байқайсыз ба табиғатта бір ұлы күш бар сияқты,бұл ана мен баланы бір-біріне тартатын күштен де зор!Қаншама жылдар бойы жанды дүние мен адам сыйластықта,теңдікте өмір сүріп келді.Тіпті ата-бабаларымыз табиғатты бағалағаны сонша,ондағы аңдарды сүйді,оларға табынды.Қанша жыл өтсе де бізді біріктіріп,қосып,сыйластырып келе жатқан қандай күш деп ойлайсыз?Бұл Тәңірінің күші.
Абай Құнанбаев табиғатты ең жанды,ең керемет,ең тамаша суреттеген ақындардың бірі.Табиғаттың түрлі құбылыстары мен жыл мезгілдері туралы әсерлі өлеңдері бәріне таныс шығар.Табағаттың сырларын жүрегімен ұға білген,көріністерін шынайы бейнелей білген қазақтың ақынының «Қыс»,»Күз»,»Жаз» сияқты өлеңдері бар.
Бұл өлеңдерде мезгілдердің қызығы мен шыжығы,ызғары мен аязы,шырайы мен шуағы туралы айтылады.Жалпы айтқанда қазақ халқының әр жыл мезгілін ерекше құрметтеп,әр жыл мезгелін әр түрлі қылып қарсы алатыны.Абайдың өлеңдеріне сүйенсек,Абай атамыз да осынау ғажап жаратылыс та,күн де,ай да Тәңірінің жаратқан кереметі деп санайды.Яғни адам басына Алла берген бақ десекте болады.Әрине,мен Абай атамыздың пікіріне толық қосыламын.Түрлі тылсым,ғажайып дүниені жаратқан Тәңәріміз ғой.Сондықтан Құдай береген бағалы сыйлық -көз жетпес шыңдарды,шегі жоқ аспанды,шеті жоқ галактиканы барынша бағалауға тырысайық!!!!
Сонымен қатар Абай Құнанбаев түрік,неміс,орыс ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударған.Сол аудармалардың бірінде Гатенің «Горные вершины» атты өлеңінің қазақша нұсқасы «Қараңғы түнде тау қалғыпты» шығарған еді.Бұл менің жүрегімді баураған таңғаларлық әндердің бірі десем қателеспеспін.Түн ішіндегі тыныштық,ай мен жұлдыздардың аспан ортасында жымың қағып адамдарға қарайласатыны,күллі әлем тыныш ұйқыға кететіні,түнгі әсем пейжаз анық суреттелген.
Тәңірі қандай шебер еді.Күнді де,түнді де,уақытты да,бақытты да адамдар үшін жаратты.Оның әр туындысын бағалайық!!Өзімізге берілген баға жетпес табиғат пен сөз жетпес ғажайыптарды қорғау,сақтау,үнемді пайдалану біздің міндетіміз емес пе?
Бірақ қазірде табиғаттың қадір,қасиетін түсінетіндер аз ғой.Табиғатымыз,Жер анамыз,жан-жануарларымыз біздердің,яғни адамдардың кесірінен жапа шегуде.Бұлай жалғаса берсе өзімізді,тіршілікті жойып жіберуіміз әбден мүмкін.»Қолда барда,алтынның қадірін біл» демей ме бабамыз.Бәрі өз қолымызда!Жер ананы қолдайық,қорғайық,көмек берейік,аман алып қалуға қол ұшын созайық!Сіздің Жер шарын қорғауға деген кішкене әрекетіңіз,оны сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет