Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!
Жадыра Шамұратованың «Сағыныш»
шығармасының осы
электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма
kitapjaris ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана
оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп
сенемін.
(Новелла)
Ескі вагон арасында
сықырлаған дыбыс шығарып, мӛңкіп ала
жӛнелгендей мінез танытса, үстел үстіндегі суып қалған шай шайқалып
тӛгіле жаздайды. Станциялар мен ауылдар кӛзге жиі шалынып, шоқ-
шоқ болып ӛскен ағаштардың да қарасы кӛбейіп келеді. Аспанды бұлт
торлай бастағанда «ертең де екі тізем бастырмай,
сырқырап шығатын
болды ау» деп уайым етті.
– Күз келгенде қайда барасыз, сіздің жасыңызда алыс сапарға
шығу оңай емес. Ол кісіні ӛмір
бойы іздеумен келесіз ғой, тірі болса
әлдеқашан табар едіңіз, енді жаныңызды күтіп отырсаңызшы, –
деген
қызының сӛзін ойына алды.
– Іздесем ӛз бауырым, сенен ақша сұрадым ба, болмаса ерігіп жүр
ме екенмін, – деп кілт ете қалған.
Енді келіп, мұның кӛңілін қимай жолға бірге шыққан қызын аяп
келеді. Ӛзіне қызы болғанымен, ол да үш немеренің әжесі. Жасы
еңкейгенде туған жерді бір кӛріп,
топырағына табанын тигізсе,
батпандай салмағы білінер жүкті кӛтеріп жүрген кәрі жүрегі содан бір
жеңілдік табатындай кӛреді. Сол ӛзі туған үйдің орнын бір кӛрсе...
Таныр ма екен? Ӛмір бойғы іздеген туған бауырын таппаса да, сол ӛзі
ӛскен ауланы бір кӛрудің ӛзі айтып тілмен жеткізе алмас сезімге бӛлерін
іші сезеді. Дәл осы отырысында жайбарақат, сабырлы кӛрінгенімен,
бүкіл ішкі дүниесінде алабӛтен толқынысты
бастан кешкен кемпір
вагонның жоғары тӛсегінде қаннен-қаперсіз ұйқы құшағындағы
жасамыс әйелге кӛз салды да, ӛз ойымен ӛзі болып кетті.
****
Қаланың ескі бӛлігімен кетіп бара жатып татар үйлерді кӛрсе,
кӛңілі қараптан-қарап алабұртып кететіні бар. Ол үй кімнің үйі болды
екен,
қандай адамдар тұрды екен, тағдырлары не болды екен деген
ойлар шырмайды. Екі қабатты етіп салынған,
терезелері қақпақты
сондай татар үйлердің бірінде қалған ӛзінің балалық шағы туралы үзік-
үзік суреттерді қайыра еске түсірудің ӛзі кейде ұйқысын қашырса, кейде
жанын жылытады. Кемпір тағы да ойға шомып кетті.