Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет22/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   93
гносеологиялық тұғырлар 
деп аталады.
Бұл атау педагогикадағы «әдіснама» түсінігі ғылыми әдебиеттерде 
«гносеология» немесе «білім теориясы» түсініктерінің өзіндік ерекшелігімен 
сипатталатындығына 
байланысты. 
Гнесеологиялық 
платформаны 
пайдаланушылар оқыту әдістерінің бір бағытын - шындықты оқытудың 
когнитивті әдісін немесе оқу объектісінің когнитивті үдерісі туралы ғылымды 
атап көрсетеді. «Педагогикалық әдіснама - бұл педагогикалық теорияның 
бастапқы ұстанымы, негізі мен құрылымы, ғылыми қалыптастыру қағидалары, 
негіздері мен әдістері туралы білім жүйесі. Бұл үнемі өзгеріп отыратын, дамып 
келе жатқан қоғамның үдерісін дәл сипаттайды.
И.С.Ладенко «Оқыту әдістерін қалыптастыру гносеологиялық мектептің 
дербес ғылыми пәні, ол қарама–қайшылықтар теориясы негізінде оқу 
шындығының объектілерін талдайды және оның дамуына жағдай туғызады», –
деген көзқарас білдіреді. Зерттеуші педагогтердің ғылыми-педагогикалық ойлау 
проблемаларының басымдығы мен бағдарлануына байланысты және ғылыми-


54 
педагогикалық ізденістің логикалық негізін іздейді. Зерттеудің осы әдістемелік 
саласына тән когнитивті кеңістіктік гетерогенділіктің ерекшелігі гносеологияға 
ғана емес, онтологияға да қатысты [196]. 
В.В.Краевский «Ұсынылған базаның қалыптан тыс болуымен, пікірлердің 
әртүрлілігімен үйлескенде, барлығына міндетті мүмкін емес әдіс енді мүмкін 
болды. Осылайша, әдістің дербес болу құқығы туралы бұрын пайда болған 
идея қолдау тапты», – деп тұжырымдайды [21,с. 244]. 
В.И.Загвязинский оқыту әдістемесін анықтауда оны ғылыми-
педагогикалық зерттеудің бастапқы жағдайы, құрылымы, моделі және әдісі 
туралы ғылым ретінде түсіндіреді [25,с. 105]. Инновациялық үдеріс 
әдіснамасын белгілі ғалымдар Н.Р.Юсуфбекова [197], В.А.Сластенин [198] және 
т.б. қарастырды. 
Қазіргі кезде «өмір бойы оқу» 

«lifelong leаrning – LLL» және «өмірлік 
білім алу» - «life wide leаrning», үздіксіз білім беру, әлемдік кеңістікке шығу, 
білім берудің бәсекеге қабілеттілігі, «тілдің үштұғырлығы» және т.б. сынды 
білім беру стратегиялары көрініс тауып жатыр.
 
Зерттеудің әдіснамасы мен теориялық негізін анықтауда зерттеушілер 
ғылыми теорияларды құру және зерттеуге негізделген болжамдарды түсіндіру 
үшін жеткілікті педагогиканың әдіснамасына, педагогикалық ойларына, 
тұжырымдамалары мен теорияларына сүйенеді. Бүгінгі таңда әдіснамалық 
педагогика ғылымының түрленуіне байланысты проблеманың өзекті болуы 
мен педагогикалық зерттеудің түсініктері, принциптері мен әдістерінің пайда 
болуына қарай болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуды жаңа тұрғыдан 
қарауға мүмкіндік берді. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі тәжірибе 
барысында мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық даралығын 
қалыптастыруға аксиологиялық тұғырдың маңызы зор екенін байқадық. Білім 
алушының дамуына, тәрбиелеу мен оқыту үдерісін ұйымдастыру, қабілеттері 
мен ерекшеліктерін білу маңызды. Қазіргі білім саласында жүргізілген 
зерттеулерде педагогтің рухани, адамгершілік құндылықтарды бекітуде 
белсенді ұстаным қажет екені, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі 
субъективті белсенділігінің көрінісі ретінде мектеп жасына дейінгі балаға деген 
құндылық қатынасы университеттің білім беру үдерісінде маңызды болуы керек 
екенін ескеру қажет.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың әдіснамалық базасы ретінде
бірқатар тұғырларды атауға болады: акмеологиялық, аксиологиялық, жүйелілік, 
іс-әрекеттік, инновациялық. 
Аксиологиялық тұғыр болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі мектеп 
жасына дейінгі балалардың шығармашылық даралығын қалыптастыруға 
дайындаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені оны жүзеге 
асыру оң мотивацияны, саналы көзқарасты, қызығушылықты және тұрақты 
мотивацияны қалыптастыруға ықпал етеді.


55 
Әдіснамалық тұғырдың бірі жүйелік тұғыр, оның мәні объект олардың 
арасындағы қатынастар мен байланыстар элементтерінің тұтас жиынтығы 
ретінде, яғни жүйе ретінде зерттеледі. Жүйелік тұғырдың теориясы ғалым 
Ф.Королевтің және т.б. еңбектерінде жүйеленген [199]. Жоба кезінде мектеп 
жасына дейінгі балалардың шығармашылық даралығын қалыптастыруға 
дайындық жүйесі құрылатындығына сүйенеміз. Болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогі кәсіби педагогикалық даярлаудың құрылымдық элементтерін (пәндер, 
педагогикалық практика) негізінде және жалпы принциптер бойынша жұмыс 
істейді. Зерттеу барысында біз болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың 
мотивациялық, 
когнитивті, 
іс-әрекеттік, 
рефлексивті 
компоненттерін 
анықтадық. Бұл компоненттердің әрқайсысы болашақ тәрбиешінің зерттеушілік 
іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуда үлкен рөлге ие 
екенін зерттеу барысында көрсетті. Әр компонентке сәйкес әдіснамалық 
тұғырлар да анықталып, алынды. Келесі кезекте әр тұғырдың зерттеуіміздегі 
орны мен рөлін талдағанды жөн деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет