Мамытбаева жанат абдиманаповна


Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-



Pdf көрінісі
бет36/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   93
2.2 Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың әлеуеті
Қазіргі жағдайда мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту және оның 
сапасын арттыру кадр саясатына және көбінесе педагог кадрларды даярлау және 
қайта даярлау мәселесінің қаншалықты тиімді жүзеге асырылатындығына 
байланысты. Сондықтан, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту үздіксіз 
білім беру жүйесіндегі маңызды бағыт болып табылады. 


82 
Жоғары білім беру жүйесі қазақстандық кадрлардың қалыптасуының негізі 
және елдің даму әлеуеті. Бұл жүйенің қаншалықты тиімді жұмыс істейтіндігі 
Қазақстан экономикасының қаншалықты табысты дамитынына байланысты 
болады. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі мақсаты - 
жаһандануды ескере отырып, нарықтық экономика жағдайында сапалы қайта 
құруды жүзеге асыру. Қазақстанда жоғары білім беруді дамытудың негізгі 
тармақтары, тиісінше негізгі бағыттары академиялық кредиттер жүйесіне 
негізделген кәсіптік кадрлар - бакалавриат - магистратура - докторантура (PhD) 
даярлаудың үш деңгейлі жүйесін қамтамасыз ету. Педагогикалық білім беруді 
жаңғырту қажеттілігі оның дамуының міндеттері, ішкі заңдылықтарымен және 
жеке 
тұлғаны, 
қоғамды, 
мемлекетті 
дамытудың 
перспективалық 
қажеттіліктерімен анықталады. Педагогикалық білім беру жүйесінде 
дайындалған мамандар отандық білім берудің үздік дәстүрлері мен әлемдік 
тәжірибені сақтау және тарату негізінде жаңару идеяларының тасымалдаушысы 
болуға шақырылады.Қазақстанның білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер 
болып жатқандығына байланысты ерекше атап өтуге болатын бірнеше жайттар 
бар: біріншіден, өзін-өзі еркін жүзеге асыра алатын, білім алушыға бағытталған 
жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру қажеттілігінен туындаған білім беру 
жүйесін жаңғырту. Әлеуметтік жауапкершіліктің оң типі мен қағидасы негізінде 
өмір сүру тәсілдері мен формаларын икемді өзгерту; екіншіден, ЖОО 
оқытушысының рөлі мен қызметі өзгерген кезде пассивті объектіден білім 
алушы білім беру үдерісінің белсенді субъектісіне айналған кезде дайын білімді 
игеру жеткіліксіз болатын дәстүрлі білім беру парадигмасының ауысуы; 
үшіншіден, Қазақстанның бірыңғай әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі, 
төртіншіден, бүкіл білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселесі туындады. 
Республикамыздағы қоғамдық өзгерулердің кеңдігі, күрделілігі білім 
саласына, нақтырақ айтқанда жоғары оқу орындарында білім беру 
бағдарламаларына жаңартулар енгізу қажеттілігін туындатады.
ЖОО болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудың мазмұны 
жаңарды, себебі нарықтық экономиканың сұраныстарына орай, нормативтік 
құжаттардың мазмұнына сәйкес бірнеше өзгерістер орын алғаны белгілі. 
Мысалы, педагогтің кәсіби стандартында тәрбиешіге қойылатын біліктілік 
талаптары, қажетті білім деңгейі, дағдылар жиынтығы, кәсіби тәжірибенің 
болуы анықталған. Мұндай талаптар еңбек функциясын сапалы орындау үшін 
белгіленген. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім бағдарламасы да 
(бакалавриат) педагогтің кәсіби стандартына негізделе жасалған [225]. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі әр баланың жеке 
ерекшеліктері негізінде мектеп жасына дейінгі балаларда қалыптасуы керек 
дағдыларды анықтайды. Ата-аналар қоғамын балаларды тәрбиелеу мен оқыту 
үдерісіне жан-жақты тартуға көп көңіл бөлінеді. Айта кетейік, модель 
нормативтік құжаттарды жетілдіру, педагогтердің даярлығы мен біліктілігінің 
сапасын арттыру, дамушы қолжетімді пәндік-дамытушы ортаны құру және 
қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы кезең-кезеңімен енгізілуде. Демек, 


83 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогін даярлауда осы қағиданың барлығы 
ескерілуде [226]. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудың негізгі 
ұстанымдарының бірі – білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту. 
Себебі, заман талабына сәйкес білімді, ғылымды қолдану – бүгінгі күннің өзекті 
мәселелері екені даусыз. Еліміздегі жоғары оқу орындары осы мәселелерді 
шешуде бірнеше мақсаттарды орындауда. Жоғары оқу орындарының негізгі 
ұстанымы – бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу, зерттеушілік іс-әрекет 
деңгейі мен ақыл-ойын арттыру, жоғары білімді мамандарды қоғам 
қажеттілігіне сай даярлау.Жоғары білім – маманның кәсіби құзыреттілігін 
қалыптастырып қана қоймай, тұлғаның өзіндік «Мен» тұжырымдамасын 
дамытады. Қазіргі кезде педагогиканың өзекті мәселелері – әлемдік білім 
кеңістігіне сәйкес бейімделген білім беру, кәсіби қалыптасудың сапасын 
жоғарылату, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі 
үздіксіздікті қамтуда оның рөлін арттыру. Сондықтан да, жоғары білім беру 
жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы негізінде дамыту өзекті мәселелердің бірі 
болып табылады. 
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің 
басты-міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған 
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын 
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық 
желіге шығу», – делінген болатын [3,с. 3]. Ендеше, жобалап оқыту 
технологиясының болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-
әрекетін даярлауда рөлі зор.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау мәселесі 
ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Ғылыми-зерттеу жұмыстары 
баршылық. Келесі кезекте ғалымдардың зерттеулеріне тоқтала кетсек. Мысалы, 
бірқатар зерттеу еңбектерінде студенттердің кәсіби педагогикалық даярлығы 
туралы ғалым педагогтар Қ.Е.Көшербаев [227], Л.Н.Ибраимова [228], 
Ж.А.Жусупова [229] болашақ мамандардың тәжірбиелі мамандармен 
ынтымақсатығының болуын қолдайды. Демек, жоғары оқу орны мен мектепке 
дейінгі ұйымдардың өзара ынтымақтастығы аясында боолашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогтерін даярлау әлеуетінің жоғарылайтыны белгілі.
Қазақстан Республикасының көлемінде мектепке дейінгі 
ұйым 
педагогтерін дайындауда ғалымдар Ж.А.Жусупова [229,с. 123], А.Қ.Менжанова 
[62,с. 9], С.Б.Бабаев [230], Б.О.Арзанбаева [50,с. 3], С.Н.Жиенбаева [71,с. 9], 
А.И.Балабаева [52,с. 8], С.Г.Батибаева [75,с. 8], Н.И.Храпченкова [76,с. 17], 
М.А.Прокофьева [77,с. 12], Ж.С.Хасановалардың еңбектері зерттеуімізге негіз 
болды [79,с. 3].
Мысалы, ғалым Н.И.Храпченкованың «Қазақстанда мектепке дейінгі 
тәрбиенің 
дамуы» 
еңбегінде 
болашақ 
тәрбиешілерді 
дайындаудың 


84 
маңыздылығы мен мазмұны анықталған [76,с. 4]. Қазақстанда мектепке дейінгі 
ұйымдардың даму үрдістері көрсетілген, ондағы оқу–тәрбие жұмысының 
мазмұны, нышандары мен әдістерінің бағыттары анықталған. 
М.А.Прокофьеваеның 
«Мектепке 
дейінгі 
мекемелердің 
болашақ 
тәрбиешілерін дене тәрбиесі міндеттерін шешуге даярлау ерекшеліктері» 
еңбегінде тәрбишілердің мақсат міндеттері сонымен қатар кәсіби іс-әрекеттері, 
тәрбиешілерді дайындаудың моделі құрастырылған [77,с. 6]. Болашақ 
тәрбиешілердің дене тәрбиесі міндеттерін шешуге деген ұғымының мәні 
анықталған, олардың мамандық қызметін қалыптастыруға арналған әдістемелер 
ұсынылған.Б.О.Арзанбаева болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
кәсіби-құндылықтық бағдарын зерделеп, мектеп жасына дейінгі балалармен 
ұлттық ойындарды ұйымдастырудың практикасын өз зерттеулерінде 
тұжырымдаған [50,с. 9]. 
Ж.С.Хасанованың 
«Мектепке 
дейінгі 
балаларды 
адамгершілікке 
тәрбиелеуде қазақ халық педагогикасын пайдалану арқылы тәрбиешілерді 
дайындау» 
зерттеуінде 
болашақ 
тәрбиешілерді 
дайындауда 
халық 
педагогикасының рөлін, тәрбиешілерді дайындаудың өлшем, көрсеткіштерін 
көрсеткен [79,с. 3]. Болашақ тәрбиешілерге ұлттық тәлім-тәрбие берудің 
өзектілігін қарастырған.А.И. Балабаеваның «Педагогикалық практикада 
студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру» зерттеуінде болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтарын даярлаудағы педагогикалық практиканың 
маңыздылығы талданған, мектепке дейінгі ұйымдарда өтілетін педагогикалық 
практика бағдарламасы және ғылыми әдістемелік нұсқаулық даярлаған [52,с. 
13].Б.Т. Жубатырованың «Ойынның педагогикалық-психологиялық негіздері» 
еңбегінде - балалардың іс-әрекеті ретінде ойынның өзіндік ерекшеліктері 
балалар өмірін ұйымдастыруда ойынның рөлі альтернативалық, шешімнің 
мүмкіндіктері; жобаланған нәтижелер; бағалау критерилері; танымдық, 
қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т.б. ойындар 
қолданылады [179,с. 20]. Келтірілген нәтижелерді жобалау арқылы білім 
алушының жан-жақты ойлана білуіне болжай алуына, шешім қабылдауына, 
тәуелділік жасауға жобаланған іс-әрекетте маңызды қызметтер атқарады. 
Ғалымдар Ғ.Т.Абилбакиева ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастыруды [53,с. 21], М.А.Шауенова У.Кайқауыстың 
«Қабуснамасындағы» педагогикалық идеялар негізінде болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерін даярлауды [55,с. 22], Т.С.Жұмашева болашақ 
мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби лидерлік әлеуетін дамытуды 
[56,с. 23], С.Т.Тілеубай болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
үштілділік коммуникативтік құзыреттілігін дамытуды [54,с. 16], А.Ж.Жакупова 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің экологиялық құзыреттілігін 
дамытуды [57,с. 25], Г.М.Мышбаева болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік құзыреттілігін Lesson study әдістемесі арқылы 
дамытуды өз зерттеулерінде зерделеген болатын [43,с. 16]. 


85 
С.Г.Батибаеваның «Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен 
дамуы» еңбегінде кеңес дәуірі мен қазіргі кезеңдегі қазақстанда қазақ 
балабақшаларының қалыптасуы мен даму жолдары анықталды [75,с. 3]. 
Болашақ тәрбиешілерді дайындау және қайта дайындау үдерісіне талдау 
жүргізген. 
Осылайша, зерттеушілік іс-әрекетті жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамыту өзіне төрт аспектіні кіріктіреді: мотивациялық; когнитивтік, іс-
әрекеттік, рефлексивтік. «Зерттеушілік іс-әрекетті жобалап оқыту технологиясы 
арқылы дамыту» түсінігінің сипаттамасынан болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамытудың келесі компоненттерін анықтадық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет