тұрғыдан зерттеп-зерделеу мәселесі аса маңызды болып отыр.
Осы бағыттағы түбегейлі ғылыми зерттеу жұмыстары бірінші
кезекте радио-теледидар тілі дейтін мәселелердің жете сөз
етілмей, қарастырылмай келе жатқандығын алғаш рет таныған
ғалым М.Серғалиевтың
16
бірқатар мақалалары мен ой-тұжы-
рымдарынан басталады. Ғалым телехабарлардың тіл тазалығы
жөнінде, ондағы тележүргізушілер мен дикторлардың тілінде
ұшырасатын бейнормалық элементтердің орынсыз қолдану мә-
селелерін
сынай отырып, тіл мәдениетінің көрсеткіші – газет-
журналдар мен радио, теледидар тілі екенін пайымдай келіп:
«Солай бола тұра, радио тілі, телевизия тілі дейтін мәселелер
тасада қалып келе жатыр. Саусақпен санарлық газет мақалалары
бұл олқылықты тіптен толтыра алмайды. Әлі бұл тұрғыдан тео-
риялық та, практикалық та мәні бар жайлар толып жатыр. Он-
дағы жылдар бойы жинақталған материалдар негізінде радио
тілінің де, телевизия тілінің де теориясын жасайтын мезгіл
жетті» – дейді. Бұл пікірдің айтылғанына біраз уақыт өтті. Бұл
бағытта жоғарыда айтылғандай, теледидар
тілін зерттеу ісі қолға
алынып, теориялық мәселелері біршама ғылыми тұрғыдан иге-
ріле бастады.
Радио-теледидар хабарларының тілі қандай дәрежеде
дегенде, жинақтап айтар болсақ, жаңалықтарды дер кезінде
жеткізу қызметінің қалыптасқандығы; материалдардың нақтылы
тақырыппен, жүйемен топтастырылуы; диалогке қатынасушы-
лардың сөйлеуге әзірлену дәстүрі; хабар жүргізушінің еркін түр-
де, қысылмай сөйлеуі; хабардың
берілу тәртібіне сәйкес тех-
никалық құралдардың пайдаланылу реті т.б. біршама тартымды
сипатта көрінеді.
Радио-теледидар тілі ауызекі сөйлеу тілімен тең емес,
арақатынасын ажырату керек. Осындай шарттары сақталмайды
(ұйым-мекеменің атаулары толық айтылмайды, орыс сөздерінің
орынсыз қолданылуы, бір сөздердің жөнсіз қайталанулары т.б.).
Әрине, сөздерді сұрыптап, керегінше пайдалану хабардың жанр-
лық ерекшелігіне қарай жүзеге асады. Ауызша сөйлеу түрі бол-
ған соң, әдеби тілде, оның норма-заңдылықтарын мүмкіндігінше
16
Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997, 134-б.
сақтап жеткізуі қажет. Әсіресе, орфоэпиялық норма, оны құ-
райтын заңдылықтарды меңгеру, тыңдарман дұрыс түсініп қана
қоймай, әсерлі қабылдауы үшін дауыс, интонация, екпінді дұ-
рыс қою, кідіріс жасау,
дауыстың сазы, қарқыны, сарыны,
биіктігі тәрізді сапалық ерекшеліктерін жетік игеру маңызды
болып есептеледі. Осы талаптар тұрғысынан кездесетін кемшін
тұстар, жайттар баршылық
(техникалық құралдар жеткізіл-
Достарыңызбен бөлісу: