Кірлемеген көңілдің ашығында (Абай).
Көңіл сөзімен тыңнан тіркес жасап, шебер стильдік үлгі
танытқан – Абай. Әрине, көп мағыналы сөз өзінің эстетикалық
қызметі жағынан әр ақын-жазушыда әр түрлі стильдік өң алады.
Әдебиеттегі көп мағыналы сөздің
кейбірі ауызекі сөйлеу
стиліне ауысып, жалпыхалықтық болып кетеді. Айталық,
аяз,
үскірік аяз, өкіріп тұрған аяз, ақырған аяз, қолқаңды қауып
тұрған аяз деп, халық аузында қолданыла береді. О
баста
фольклордан ауысқан тілдік бірліктер болып табылады.
Төмендегі үзіндіге назар аударалық:
Дауылбай аттан
түсіп, оязбен құшақтасып, қоштасқан жерде әлі тұр. Ұлық-
тың құшып тұрып арқасынан қаққаны әлін алып қойғандай,
орнынан қозғалар емес. Шала мас. Бәрі шала. Көңіл ала. Ояз
күліп аттанса да, Дауылбайдың күдігі жанын жеулі. Әлгі Алсай
сойқаны болысқа қатты сойқан болды. Ояз мәдениетті, зиялы
кісі. Сыпайы мінезбен бәрін жуып-шайып сыр білдірмей кетті.
Ал бірақ ішінен не деп кетті. ...Ел құлағы елу, болыстың ақ
ордасын тал түсте ат ойнақтатып, бір кедей сабалап кетіпті
деген сыбыс жер-жерге жайылып кетсе, сол жаман. Сүйекке
таңба. Масқара таңба. Қап, ит Алсай. Жер басып жүрсем,
ендігі ісім сенімен болсын (Ш.Мұртаза). Жай сөйлеммен-ақ
күрделі ой шебер жеткізілген. Автор сөзі арқылы Дауылбай ойы
бейнеленіп берілген. Мұнда
шала сөзінің көпмағыналылығы,
контекстік мағынасы жақсы ашылған. Ішпей мас, шала мас. Бәрі
шала, Дауылбайдың көңіл-күйі де шала.
Дауылбай мінезі ар-
қылы шен үшін, шекпен үшін не нәрсеге де бара алатын Абай
сынаған кей қазақы мінез көз алдымызға келеді. Берілген
үзіндіде көріктеуіш амал-тәсілдер болмаса да, контекст ішінде
сөздердің беретін мағынасы терең, эмоциялық мәні басым.
Достарыңызбен бөлісу: