Соған орай сөйлеу тілінің лексикасы және кітаби лексика деп
ажыратылады.
Қолданылу аясына байланысты сөйлеу тілі лексикасына:
қарапайым сөздер, диалект
сөздер және кәсіби сөздер, табу,
эвфемизмдер жатады. Мұндай сөздер тек сөйлеу стилінде ғана
емес, көркем туындылар тілінде стильдік-көркемдік мақсатпен,
әр түрлі образ-бейнелер жасауда қолданылады (кейінгі тақы-
рыпта арнайы сөз етіледі).
Бір
жағдайды, хабарды тура айтпай тұспалдап жеткізетін
сөздер табу (эвфемизм) делінеді. Стильдік тұрғыдан ұтымды
тәсіл болып танылады:
-
Бұларың кім? – деді Ұлпан.
-
Төрттен астам аулының жігіттері ғой «Алтыбақан»
құрып жатқан.
-
Төрттен астам?..
Төрттен астам – Бесбай аулы дегенді білдірер (Ғ.Мүсірепов).
Кітаби лексика – ойды нақты, дәл, анық беру үшін жазба
әдебиеттерде қалыптасқан сөздер мен сөз оралымдары.
Кітаби
лексикаға көбіне саяси-әлеуметтік терминдер, әр алуан техни-
калық,
экономикалық, іскерлік атаулар т.б. жатады. Белгілі бір
стиль түрлерінде қолданылу аясына қарай ерекшеленеді. Мә-
селен, әр түрлі салалық терминдер ғылыми еңбектерде, әр түрлі
оқулықтар тілінде көбірек ұшырасады. Ал көркем әдебиетте,
ресми іс қағаздары тілінде, публицистикалық
стильдерде сирек
ұшырасады.
Байырғы сөздер, сирек қолданылатын сөздер көркем
әдебиет стилінде көбірек жұмсалады. Көркем әдебиет,
ғылыми
шығарма, публицистика т.б. түрлерінде кітаби лексика элемент-
тері қолданылады.
Шайтан – сайтан нұсқалы сөздердің алғашқысы – бей-
тарап лексика, стиль түрлерінің бәрінде қолданылады, ал сайтан
«сиқырлы» деген ауыс мәндегі сөз көбінесе көркем әдебиет
стилінде, ауызекі сөйлеуде жұмсалады.
Елбасы – Президент жарыспалы қатарларының ресми құ-
жаттарда
Президент сөзі, газет-журналдар тілінде,
яғни пуб-
лицистикада, көркем әдебиетте суреттеме нұсқасы Елбасы сөзі
қолданыла береді.