М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет72/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

Параллелизм (гр. – қатар жүруші) – сөз әсерін күшейту, 
әшекейлеу және ойды нақышты жеткізу үшін қолданылатын 
стильдік айшықтаудың бір түрі. Екі нәрсені қатарластыра, жа-
настыра алып бейнелеу тәсілі. Бұл көркем шығармаларда, ауыз 
әдебиеті үлгілерінде жиі қолданылады. Мәселен, мақал-мәтел 
мен афоризмдерде жиі кездесетін құбылыс: киім кірі жуса 
кетер, көңіл кірі айтса кетер; елдің елдігі ерінен танылар, елдің 
байлығы жерінен танылар. 
Параллельдер, әсіресе, өткен дәуірлердегі поэзиялық шы-
ғармаларда, дидактикалық толғауларда сөз қайталау арқылы, ұқ-


сас және антитезалы сөйлем құрылымдарын келтіру арқылы құ-
рылған ұтымды тәсіл: 
Атамыз біздің бұ Сүйініш, 
Күйеу болып барған жұрт. 
Анамыз біздің Бозтуған, 
Келіншек болып түскен жұрт. (Қазтуған). 
Сөздің мәйегін терең танып, оны көрнекі де әсерлі жұм-
саудың өнегесін көрсеткен ұлы билердің көркем сөз үлгілерінде 
бұл айшықтау түрі ұтымды қолданылған. 
Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы. 
Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы. 
Қызың жақсы болса – жайқалып өскен құрағы. 
Әйелің жақсы болса – 
Бірінші – иманың, 
Екінші – жиғаның, 
Үшінші – ырысыңның тұрағы (Төле би). 
Антитеза (шендестіру) – қарама-қарсы ұғымдарды ай-
шықтап суреттеу. Нәтижесінде белгілі бір зат-құбылыстың, 
ұғымның суреті, сыр-сипаты қарсылықты қатынаста бейнеленіп, 
соның негізінде сөздің экспрессивтік-эмоциялық бояуы қоюлана 
түседі, көбінесе антонимдер арқылы жеткізіледі: Өссе тілім, 
мен де бірге өсемін. Өшсе тілім, мен де бірге өшемін 
(Ә.Тәжібаев); Үлкен қара үйдің іші де ертедегі байлықтың, қа-
зіргі күндегі жұтаң кедейліктің жайын айтып тұр екен 
(Ғ.Мүсірепов). 
Антитеза жолымен поэтикалық синтаксиске құрылған 
фразеологизмдер тілімізде жиі кездеседі: мың асуға бір тосу, 
бірде бие, бірде түйе, сенің атың тұра тұрсын, менің атым 
жүре тұрсын, бетегеден биік, жусаннан аласа т.б. 
Оксюморон – мағынасы қарама-қарсы антоним сөздер 
өзара тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін лексикалық- стилис-
тикалық тәсіл, тапқырлық, көркемдік әсер, бейнелі ұғым туды-
ратын біртұтас сөз бірлігі. Мысалы, тірі жетім, тірі өлік, жан-
ды өлік, жарлы бай, алпыстағы бозбала, жақсы өлім, пышақ-
сыз бауыздау, жіпсіз байлану, уәдеден шығу (уәдеде тұру) т.б. 
Көркем әдебиет стилінде, публицистикалық шығармаларда қол-
данылады: Тірі өлік боп жүрмін ғой, жұртқа қарайтын бетім 
қалмады (Көркем әдебиеттен); Ойласам, олар – жанды өлік 


(Шәкәрім); Қоғамда тірі жетім атанған қаншама тастанды 
балалар саны өсуде (Газеттен). 
Каламбур (фр. – сөз бен сөз тіркестерінің дыбысталуы 
жағынан ұқсас келуінен туатын стильдік айшықтау, құбылту 
түрі. Олар, негізінен, омонимдер мен омографтардан құралады. 
Көбінесе поэзиялық шығармаларда стильдік-эмоциялық әсер 
беру үшін, ұйқастың мәнін күшейту үшін қолданылады. Калам-
бурдың түрлері сатиралық, юморлық жанрдағы туындыларда 
жиі кездеседі. Каламбур жасау өте шеберлікті талап етеді, 
талғаммен жұмсауды қажет етеді. Мысалы:
Қалқам, жаным, қарағым, 
Бетіңе келмес қарағым. (С.Торайғыров) 
Аяғыңа қарамай, 
Басып алдың қара май. (М.Әлімбаев) 
Градация (дамыту) – стильдік айшықтаудың бір түрі, 
алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра суреттеу тәсілі. Кезінде 
Ахмет Байтұрсынұлы бұл стилистикалық тәсілді «дамыту» деп 
атаған. Көркем шығармаларда зат, құбылысты, оқиғаны асыра 
не кеміте суреттей отырып, сол құбылысқа бейнелілік сипат 
беріп, көркемдік мән үстейді: Қиқу салып құзға ұшқан, Құздан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет