меңгергендігін көрсетеді, екіншіден,
мұндай сөйлемдер ойды
мәнерлі, бейнелі етуге қызмет етеді, үшіншіден, ерекше әуен,
ырғақпен айтылып, шығарма тілінің әсемдігін, әуезділігін, көр-
кемдік бояуын қалыңдата түседі.
Мына мысалға назар аударалық:
Дауылбайдың қаһары қыстан жаман. Қыс өтер, көктем
шығар, құстар қайтып оралар. Ал Дауылбай ше? Ол өткінші
ме? Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің. Бәрі
өтеді, Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де,
жарлыны да, байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір
Зұлқарнайын өлмес еді. Ол да кетті. Топырақ болды. Кім біледі,
сол топырақтан бір байғұс балшық илеп, қыш құйған шығар...
Ал Дауылбай кім, Ескендірдің қасында?. Осындай тұстарда ав-
тор кейіпкердің болмысын бейнелеу арқылы өзінің көзқарасы
мен пікірін де білдіре кетеді. Өз бағасы мен көзқарасын нақты
жеткізеді. Қысқаша мәтіндегі
Ал Дауылбай ше? Ол өткінші ме?
Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің? деген сөй-
лемдер риторикалық сұраулы сөйлемдер сипатында берілген.
Автор осы сөйлемдерінде эмоционалды мағына туғызу үшін
ойын жеткізудің әсерлі құралы ретінде риторикалық сұрақ фор-
малы сөйлемді қолданған. Мақсаты – оқырманға философиялық
толғамды ой салу, өзінің түпкі ойын аңғарту.
Стильдік
қаратпалар адамға да, жансыз заттарға да айты-
лады. Олар көркем әдебиет стилінде көбіне эпитеттермен, ода-
ғайлармен келеді, сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын құ-
былта түсу үшін жиі жұмсалады.
Жеңіме жамаудың түскенін,
Кедейлік, сенен көремін!
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін! (Ақтамберді).
Ой, қарындастар-ай! Дүниеде сөз баққан адамның ата-
ғына қызықпағайсың. Өзіңді өзің күң қыласың (Ж.Аймауытов).
Жазушы Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе»
романындағы
Тұрардың қысқа ғана
«О, Қызыл Жебе» деуінің өзі де табиғи
шығады, автордың стильдік мүддесінен туған құбылыс. Мұндай
қолданыстар ойдың мазмұнына экспрессия мен эмоция туғызу
үшін де қажет. «О» қаратпасы жазушы шығармашылығына тән
бірден-бір көркемдік құрал, негізінен кейіпкер сөздерінде жиі
қолданылады. «О» қаратпасының орнына өзге
бәрекелді, жаса-
сын, ура т.б. сияқты қаратпаларды қолданса, сол сәттің, уақыт-
тың шындығы шынайы көрінбес еді. Мысалы:
-
О, жарықтық Жуалы! — деді Ахат.
- О, найсап... — деп Сақан палуан тұра ұмтылған.
-О, дәу, жараған бурадай бұрқырап неғып отырсың? — деді.
- О, соры қайнап, сорпасы төгілген бейшара Бердіқұл!
Бұл жерде автор «О» қаратпасын белгілі бір стильдік қа-
жеттілікпен орынды қолданып отырған.
Жоғарыдағы мысал-
дарда «О» қаратпасы мәтін ішіндегі айтылған ойға ерекше си-
пат, эмоциялық реңк береді. Аталмыш шығармада «өй», «е»,
«ой» қаратпалары да кездеседі. Қолданылған қаратпалардың
ішінде «О» қаратпасын автор кейіпкерлердің ішкі психология-
лық жай-күйін суреттеуде стильдік құрал ретінде жиі қолданған-
дығы байқалады.
Парцелляция термині – француз тіліндегі «parceller» сөзі-
нен алынған, «ұсақ бөлшектерге бөлу» дегенді білдіреді. Жалпы
тіл білімінде зерттеушілер Л.В.Щерба, В.В.Виноградов,
С.Е.Крючков еңбектері арқылы «қосымша тіркес» ұғымында
кеңінен қолданысқа енген. Ал қазақ тіл білімінде танымал ға-
лымдар М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, Р.Сыздық бұл құбылысқа
қатысты өз ой-пікірлерін айтқан болатын. Парцелляцияның
қандай
категорияға жататыны, тіл білімінің қай саласының
зерттеу нысаны ретінде қарастырылу керектігі көпке дейін басы
ашылмай, анықталмай келді. Дегенмен де, парцелляция
құбылысы – арнайы зерттеуге алынып
2
, синтаксистік-құрылым-
дық категория екендігі нақтыланып, бөлшектелген сөйлемдер
ретінде қарастырылды. Парцелляцияның семантикалық, синтак-
систік функциялары анықталып, ғылыми тұрғыдан негізделді.
Біздің түсінігімізде, парцелляция – негізінен көркем әде-
биет стилінде жұмсалатын синтаксистік-стилистикалық катего-
рия,
тілдің бейнелілігін, ойдың әсерлілігін күшейтетін экспрес-
сия құралы. Яғни белгілі бір сөйлем мүшесін стильдік мақсат-
пен сөйлемнен жеке алып бөлшектеп орналастыру дегенді біл-
діреді. Сөйлемдегі негізгі ойға қосымша ақпарат, эмоционалдық
2
Ақыжанова А. Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы (бөлшектелген
сөйлемдер).А., 1999
реңк-бояу беретін стильдік құбылыс. Бөлшектеп шығарылған
сөйлем мүшесі парцеллят мүше болып табылады. Парцеллят –
дербес фраза болып бөлшектелген біртұтас сөйлемнің құры-
лымдық бөлігі. Демек, парцелляция тәсілінің стильдік ерекше-
ліктерін, мағыналық-интонациялық қырларын жалпы тілдік
норма, стилистика тұрғысынан
жан-жақты қарастыруды қажет
етеді.
Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл тұманды жа-
мылып сазарғандай. Жым-жырт (М.Әуезов). Мұнда жым-
жырт парцеллят сөзін бөлшектеп орналастырудағы жазушының
мақсаты – табиғаттың жанға жайлы жазғы кезін әсерлі етіп су-
реттеу болып табылады.
Әйелдер сол түні таң атқанша шам жағып, ұйықтамай,
құдайдан тілек тіледі.
Сыйынды, жылады (М.Ә.). Соңғы бір-
ыңғай парцеллят сөздердің кейіпкерлердің ішкі эмоциялық жан
күйзелісін, дәлірек айтқанда, Ғазизаның амандығын жай тіле-
мей, жылап, сыйынып тілейтін әжесі мен анасының нақты пси-
хологиялық жай-күйін жеткізуде
жұмсалып тұрғандығын аңға-
руға болады.
Достарыңызбен бөлісу: