М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет85/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

 
 
 
 
 


III ЛЕКСИКА-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СТИЛИСТИКА 
 
1-тапсырма. Мәтіннен эмоционалды-экспрессивті мән 
туғызудағы сөздер мен тіркестерді тауып, бейнелілік сипа-
тына талдау жасаңыз. 
Туған баласының алдында беделі жоқ әке сорлы. 
Рысқұлдың бағы бар. Тұрар оны пайғамбардай сыйлайды. Жер 
бауырлаған жеті жасар бала не біледі дейтіндердің соры қалың. 
«Әке көрген оқ жонар» болса, сол жеті жастағы жеткіншек 
Тұрар туған әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, 
мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп жасымай-
тын жігерін көріп өсті. Тұрар үшін Рысқұл ер біткеннің ішіндегі 
одағай оқ жетпесі... 
Аспандағы ай мен жұлдыздар төбеден төніп, бәрін 
көріп, бәрін байқап тұрған сияқты. Рысқұлға кінәлай қарайтын 
тәрізді. Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен жұлдыздар 
сезіп, секем алып: – Әттеген-ай, бекер болды-ау, – деп үндері 
жоқ, тек іштен тынып қалғандай. Талғардың мұз дулыға киген 
жеті шыңы қабағына қырау қатқан батырлардай сұсты. Айнала 
төңіректің жауығуынан Рысқұл жабыққан. «Осым не далбаса?» 
– деп налыған. Жүйрікті қолға түсіру әу баста қызық та сияқты 
еді. Қиын әрекеттің өз қызығы, желігі бар. Соған қол жеткен 
соң, ақыл кіріп, желік қайтып, көңілдің құлазыған кезі еді бұл 
(Ш.Мұртаза). 
2-тапсырма. Мағыналық-стильдік бояуына қарай лек-
сикалық сөздерді (кітаби, бейтарап, эмоционалды-экспрес-
сивті) топқа бөліп, әрқайсысына мысалдар тауып жазыңыз.
3-тапсырма. Сөйлемдерден синонимдерді тауып, кон-
текстегі стильдік бояуына, қолданысына талдау жасаңыз. 
Үнсіз далада жинала берген ойлар, әсіресе өз тірлік-
теріне байланысты туып, өсіп-өрбіп жататын ойлар айты-
луды керек ететін сияқты; Бұл кездегі жиналыстың бір де 
бірі айқайсыз, шусыз өткен емес; Манағы ұрыс-керістің у-
шуы басылған соң, шешесінің іргесіне келіп жата қойып
еді, таң атқанша ұйықтай алмады; Қаланы қапталдай орап,
мұнартып тұратын көк зеңгір қалың орман. Астан-кестен; 
Өңінде емес, түсінде әлденеменеге малтығып, қозғалыс-қи-
мылың өнімсіз, ділгір бір халге түскендейсің; Ашу, азап,


қайғы, мұң, қорқу-қобалжу, мою дегендер есіме де келген
емес (Ғ.Мүсірепов). Ғазизаның ұяң, жұмсақ қарайтын қара 
көзінде және ылғи шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың 
уайымның салған ізі бар; Мұңлы кемпірдің шер-уайыммен 
сарғайған жүзі анық көрінеді; Өзен кейде тура ағып, кейде 
иіріліп, бұраң-шимай жасайды (М.Әуезов). Сондықтан аталас 
ағайын іргелерін тым алшақ ұстамай, қанаттас, қатарлас қон-
ғаны мақұл (Қ.Жұмаділов). Көзіме жас бер, жылайын, Сабыр 
бер, шыдам қылайын. Адам баласы жылап туады, кейіп өледі 
(Абай). Бұлар орыстарға жаны ашып, бүйрегі бұрып, бауыры 
езіліп бара жатқан жоқ (К.Смайылов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет