баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты.
Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың
жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанаты-
ның ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қасы жү-
рекке шабар жендеттің жебесіндей. Тоғжан үйдегі
сөзге құлақ
салып, не күліп, не қымсына, сұлу қастары бір түйісе түсіп, бір
жазылып толқып қояды. ...Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен кө-
зін ала алмай, телміре қарап қалды (М.Әуезов).
15-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден синтаксистік-
стильдік категория парцелляция тәсілін тауып, оның қол-
данылу уәжін анықтаңыз.
1.Мейірхан бұл үйге Мақсұт өлген соң көп келген жоқ.
Қашқалақтағандай. 2.Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл
тұманды жамылып сазарғандай.3.Алыстан
қарағанда, Арқалық
бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз. 4.Әйелдер сол түні
таң атқанша шам жағып, ұйықтамай, құдайдан тілек тіледі.
Сыйынды, жылады (М.Әуезов). Жүйрігі үзеңгі тістеп,
сәл ғана
қалыңқы келе жатқан – Ай-Шешек. Үнсіз. Ораз-Мұхамед бұры-
лып қарай жаздап, қалт бөгелді. Жүрегі сыздап қоя берді
(М.Мағауин). Сатылмаған не қалды? Сатылып жатыр.
Өтпелі
кезең өкіндірмесін дейсің. Өкіндіреді. Осы мен кіммін, қай елде,
қай мемлекетте, қандай ұлт бейнесінде өмір сүріп жатырмын
деген сұраққа жауап іздейсің. Сен де ойлан. Ізден
(Ш.Мұртаза).
Достарыңызбен бөлісу: