М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата30.01.2017
өлшемі1,98 Mb.
#3013
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

 
Сұрақтар: 
1.Синтаксистік стилистика нені зерттейді? 
2.Экспрессивтілікті  білдірудің  синтаксистік  тәсілдерін  анық-
таңыз. 
3.Синтаксистік  синонимдердің  экспрессивтілік-стильдік  дең-
гейін мысалдармен ашып көрсетіңіз. 
4.Жай  сөйлем  түрлерінің  стильдік  қолданысын  тілдік  деректер 
негізінде түсіндіріңіз.  
5.Құрмалас сөйлем түрлерінің функционалды стильдердегі көрі-
нісін сипаттаңыз. 
6.Күрделі  синтаксистік  тұтастық  категориясына  тән  белгілерді 
атап көрсетіңіз. Мысалдар арқылы стильдік сипатына талдау жа-
саңыз. 
7.Сөйлем мүшелерінің инверсиялануының стильдік мәні. 
8.Қайталамалардың түрлері, стильдік мәні.  
9. Бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі. 
10.Қосүнді  сөз  дегеніміз  не?  Оның  жұмсалуындағы  стильдік 
ерекшеліктерді мысалдармен дәйектеңіз. 
11.Автор бейнесі дегенді қалай түсінесіз? Бұл ұғымның синтак-
систік жүйемен байланыстылығы бар ма? 
  
Әдебиеттер: 
1.
 
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. 
2.
 
Балақаев М
., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
  Қазақ 
тілінің стилистикасы. Алматы, 1966, 1974, 2005. 
3.
 
Сыздықова  Р.  Абай  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысы. 
Алматы, 1970.  
4.
 
Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 2005. 
5.
 
Шалабай  Б.  Көркем  әдебиет  стилистикасы  (оқу  құралы). 
Алматы, 1999. 
6.
 
Серғалиев  М.  Синтаксистік  конструкциялардың  синонимия-
сы (методикалық нұсқау) ҚазМУ. Алматы, 1987. 
7.
 
Серғалиев  М.  Синтаксис  және  стилистика.  Алматы:  ҚазМУ, 
1997

 

8.
 
Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. 
Алматы, 1977. 
9.
 
Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің инверсия-
лануы. Алматы, 1968. 
10.
 
Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаусыз мүшелердің орналасу 
тәртібі. Алматы, 1970. 
11.
 
Кәрімов Х. Қанатты тіл. Алматы, 1995. 
12.
 
Хасанова  С.,  Жексембаева  Ғ.  Қазақ  тілінің  стилистикасы. 
Алматы, 1998. 
13.
 
Әлісжанов С. Ғылыми прозаның синтаксисі. А., 2007.  
14.
 
Жакупов  Ж.  Қазақ  тілінің  функционалдық  синтаксисі: 
Филол. ғыл.докторы авторефераты. А.,1999. 
15.
 
Әлкебаева  Д.  Қазақ  тілінің  прагмастилистикасы  (оқу  құра-
лы). Алматы, 2007. 
16.
 
Қанабекова М. Қазақ  тілінің стилистикасы. Алматы, 2004. 
17.
 
Солганик Г. Я. Синтаксическая стилистика. М., 1973.  
18.
 
Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1983. 
19.
 
Ефимов А.И. Стилистика русского языка. М., 1969. 
20.
 
Cтилистика  русского  языка.  Под  ред.  Н.М.Шанского.  Л., 
1989. 
21.
 
Виноградов  В.В.  Стилистика.  Теория  поэтической  речи. 
Поэтика. М., 1963. 
   
 
 
ТІЛДІҢ КӨРКЕМДЕУІШ ҚҰРАЛДАРЫ 
 
5.1. Троптар – тілді бейнелі жұмсаудың тәсілдері 
 
Әдеби  тiлде  қолданылатын  түрлi  көркемдік  троптардың 
рөлi  айрықша,  эстетикалық  қызметі    зор.  Олардың  басты  қыз-
метi  сөздің  ерекше  экспрессивтілік  бояуға  ие  болуы,  образ-
дылық  мағынаға  көшуі  болып  табылады.  Сөздің  образға  енуі 
оның әр түрлі мағыналық өзгеріске түсуі нәтижесінде анық кө-
рінеді. Образдылық мәнге ие болып, экспрессивтілік бояу алған 
сөздердің  стилистикалық  әсері  ерекше.  Бұлар  –  өмiр  құбы-
лыстарын бейнелi түрде танытудың аса тиiмдi тәсiлдерi. 

Троп  (грек  tropos  –  айналым,  тіл  оралымы)  –  ауыспалы 
мағынада  қолданылатын  атау,  ойдың  көркемдік-бейнелілік 
сипатын  танытатын,  әр  түрлі  эстетикалық  мәнде  жұмсалатын 
сөз  образы.  Ол  бейнелілік  қасиетке  ие,  сондықтан  көбінесе 
көркем  әдебиет  стилінде,  ауызша  сөйлеудегі  шешендік  өнерде 
жиі  жұмсалады.  Демек,  бір  сөзде,  сөз  тіркесінде  немесе  бір 
сөйлем  ішінде  құрылымы,  құрамы  өзгермей-ақ,  бірнеше  ма-
ғыналарды қамтиды. Троптың түрлеріне: метафора, метонимия, 
синекдоха,  шендестіру,  дамыту  т.б.  жатады.  Ауызекі  сөйлеу 
стилінде  жиі қолданылған  троптардың  эмоциялық-экпрессивтік 
қуаты  арта  түседі.  Көркем  әдебиетте  кейіпкерлер тілінде,  сати-
ралық  туындыларда,  сондай-ақ  баспасөз  тілінде  де  қолда-
нылады,  ресми  іс  қағаздары  мен  ғылыми  стильдерге  тән  емес 
құралдар. 
Эпитет.  Лингвистикалық  еңбектерде,  оқулықтарда  эпи-
тет – көркем образды троптың бір түрі, ойды бейнелі бояуымен 
жеткізетін құрал ретінде сипатталады. Қысқасы, эпитет – заттың 
не  құбылыстың  айрықша  белгісін,  қасиетін  білдіретін  бейнелі 
сөз. Эпитет, кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, кез келген 
анықтауыш  емес,  оқушының  жан  дүниесін  баурап  алатын  бей-
нелі, образды сөздер мен сөз тіркестері болады. Мысалы: Бояуы 
көшкен  қара  қожалақ  пеш,  тісі  сынған  қара  сандық,  сөре  үс-
тіндегі кетік шара, аяқ-табақ бәрі де көзге жат секілді көрінді  
– сүреңсіз өмірден туған көңілсіз жайтты аңғартатын эпитеттер. 
Абайдың  «жүрек»  сөзімен  байланысты  туған  қаншама  эмоцио-
налды  эпитеттерін  білеміз.  Адамның  портретін  жағымды,  жа-
ғымсыз  сөзбен  беретін  (көптеген  жазушыларда)  ерекше  сурет-
темелі  эпитеттер  назар  аудартады:  Қисық  көзді  келген  тапал 
сары  жігіт  немесе  шықшытты,  қалың  ерінді,  ұзын  мұрынды, 
кішкене көзді, бидай өңді жігіт еді (Б.Майлин). 
Табиғат  көріністерін  суреттеуде  де  эпитеттердің  атқара-
тын  қызметі  зор.  Мысалы,  Қаракөк  толқындар  жұтардай  ұм-
тылып  кеп,  суық  құшағын  ашады.  Көкжал  толқындар…,  ұял-
шақ күн, ойнақшыған күн. Эпитеттер әр түрлі сөз табынан жаса-
лып,  грамматикалық  құрылысы  да,  семантикалық  мағыналары 
да әр алуан болатындығы белгілі. Тілімізде қалыптасқан эпитет-
тер  бар да, қаламгердің өз  қолтаңбасын  танытатын  әсерлі, күр-
делі эпитеттер болады. «Күйші» поэмасында жалынды күй, ыр-

ғалған  күй,  жұбатқан  күй,  жорға  күй,  шерлі  күй                                   
(І.Жансүгіров);  Қазақтың  бағы  жүрсе  –  кәукілдеген  мақтан 
әңгімесі,  гулеген  өсегі,  кеңірдегін  күнге,  кіндігін  айға  ілген  кер-
дең жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы 
болады (Ә.Кекілбаев). 
Соңғы  сөйлемдегі  кеңірдегін  күнге,  кіндігін  айға  ілген 
кердең  жүріс  автордың  окказионалдық  қолданысы  адамның 
мінез-құлқына байланысты пайда болып, жүріс-тұрысты бейне-
леуден  туған.  Жазушы  «шалқайып,  шіреніп  жүру»  мағына-
сындағы  жүрісті  суреттеу  мақсатында  бір-бірімен  үйлеспейтін 
сөздерді  өзара  байланыстырып,  окказионалдық  қолданыстағы 
күрделі эпитет жасаған. Демек, эпитет – заттың не құбылыстың 
айрықша  сипатын  бейнелеуде  жиі  қолданылатын  көркемдік 
тәсіл. 
Теңеу  –  бір  затты  екінші  затқа  ұқсастығы  арқылы  салыс-
тыра қолданылатын стилистикалық тәсіл. Теңеуді зерттеу қазақ 
тіл  білімінде  көптен  қолға  алынды.  Ғалымдардың  пайым-
даулары  бойынша  (Т.Қоңыров,  М.Серғалиев  т.б.)  теңеулер 
синтетикалық және аналитикалық тәсілдермен жасалады: – дай 
(-дей,  -тай,  -тей),  -дайын  (-дейін,  -тайын,  -тейін),  -ша,  -ше 
жұрнақтарының,  секілді,  сияқты,  тәрізді,  іспетті,  тең,  ұқсас 
сөздерінің  көмегімен,  параллелизм,  т.б.  көмегімен  жасалады. 
Синтаксистік  құрылымына  қарай  жалаң,  күрделі,  толымды, 
толымсыз,  бірыңғай,  болымсыз деп жіктеледі.  Сол  сияқты  есім 
тұрақты  теңеулер,  етістік  тұрақты  теңеулер  деп  қарастыру  бар. 
Ең  бастысы,  теңеулерді  ұқсас  тілдік  құбылыстармен  қарым-
қатынаста  зерттеудің  теориялық  та,  әдістемелік  те  мәні  бар. 
Басқа  троптармен  байланыстыра  келе,  эпитеттік  теңеулер, 
метафоралық,  метонимиялық,  синекдохалық,  градациялық,  ги-
перболалық,  литоталық  теңеулердің  кездесетіндігін  тіл  фак-
тілері  көрсетеді.  Мысалы,  Кескіні  аршыған  жұмыртқадай 
аппақ,  қылдырықтай  қиылған  қасы  бар,  садақтың  оғындай 
ұзын кірпігі бар (С.Мұқанов) – эпитеттік теңеулер екендігі аң-
ғарылады.  
Көркем әдебиет стилінде бұл тәсіл әр түрлі мақсатпен жиі 
қолданылады:  Қызыл  Жебеге  қонған  Рысқұлдың  сирек  жыл-
житын  қаһарлы  қарасұр  өңінен  нұр  төгіліп,  көздері  шоқ  ша-
шып,  әруақ  қуып  арқасы  қозған    бақсыдай,    айбыны  асқақтап 

шыға келді. Астындағы жүйрік те буырқанған бұла күшті сез-
гендей,  ауыздықты  қарш-қарш  шайнап,    тізгінді  сүзе  шірене 
тартылған  садақтың  адырнасынан  ұшатын  жебедей  лыпып 
тұр еді (Ш.Мұртаза). Мұнда автор теңеуді кейіпкердің бет-піші-
нін,  сыртқы  көрінісін,  портретін  жасау  үшін  пайдаланған.  Ал 
мына үзіндіде:  Енді әкесінің Қызыл Жебеге мініп отырғандағы 
келбетін  көріп  Тұрардың  төбесі  көкке  жеткендей,  аспандағы 
жұлдызды  қолмен  ұстап  тұрғандай      болды.    Қызыл    тұлпар-
дың үстіне   құрыш қыран қонғандай әдемі сурет жас баланың 
жанын  әлдилейді...  дегенде  жазушы  адамның  ішкі  сезімдерін, 
психологиялық жай-күйін суреттеуде де теңеуді  тиімді қолдан-
ған. 
Метафора  –  ауыспалы  мағынада  жұмсалатын,  эстетика-
лық  қуаты  жоғары  стильдік  тәсілдің  бір  түрі.  Метафораның 
басты стильдік ерекшелігі – бейнелілігі, экспрессивтілігі. Белгілі 
зат,  құбылыстың  басқа  топтағы  зат,  құбылыстың,  объектінің 
белгісі мен қасиетіне қарай ауыстырылуы – метафоралық тәсіл, 
көбінесе көркем  стильде,  публицистикалық  стильде,  шешендік, 
өсиет сөздерде т.б. жиі қолданылады. Метафораның қолданылу 
ерекшеліктері  жайлы  арнайы  зерттеулер  бар  (Б.Хасанов, 
А.Сыбанбаева, т.б.). 
Көптеген  ғылымдардың  нысаны  бола  отырып,  метафора-
ның  стилистикалық  мүмкіндігі  өте  кең,  қызметі  әр  алуан.  Бұл 
жөнінде  орыс  тілі  стилистикасын  зерттеуші  М.Н.Кожинаның 
пікірі  төмендегідей:  «метафора  ғылым  тілінде  ғылыми  түсінік 
үшін, публицистикалық стильде эмоциялық-образдылықтың не-
гізінде  түсінікті  үйлестіруші  ретінде,  көркем  шығармада    бей-
нелі  (образды)  сөз  ретінде  стильдік  қызмет  атқарады»
1
–  болып 
келеді. Функционалды стильдердің ішінде көркем әдебиет стилі 
көпстильділігімен, бейнелі ойлау жүйесімен ерекшеленеді, сон-
дықтан метафора жиі ұшырасады.  
Стильдік  қолданысына  қарай  метафора  жалпы  халықтық 
сипаттағы  метафоралар,  жазушының  өзіндік  қолтаңбасын  ғана 
                                                           
1
 Кожина М.Н. Cтилистика русского языка. М., 1983, с. 117 
 

көрсететін,  жалпы  халықтық  сипат  алмаған,  белгілі  контекстің 
аясында  ғана  жұмсалатын  метафоралар,  яғни  контекстік  мета-
фора, кейде индивидуалды-авторлық метафоралар  деп те атай-
ды. Дәстүрлі не тілдік метафораларда тұтас бір халықтың ортақ 
бейнелі  ойы,  дүниетанымы  білдіріледі.  Сондықтан  олардың 
білдіретін  мағынасы  көпшілікке  түсінікті  болады.  Ал  кон-
текстік-авторлық  метафоралар  жеке  адамның  дүниені  бейнелі 
қабылдауынан, өзіндік танымынан туындайды. Мысалы:  Ғашық 
жыры – тіршіліктің көкейкесті өлеңі. 
Ешбір геометриямен  
Өлшенбейді көлемі.  
немесе 
Махаббат ол – қос жүректің әні ғой 
Өзіне сай дауыс керек әр әнге. 
...Ал махаббат – тауысылмайтын әңгіме! (М. Шаханов). 
Демек, метафора поэтикалық образ жасаудың дәстүрлі құ-
ралы  ғана  емес,  метафоралық  мағына  –  жеке  ой  қорытын-
дысының түйіні. 
Метафораны  басқа  көріктеу  амалдарынан  (теңеу,  мето-
нимия,  эпитет)  ажырата білу  қажет.  Мына көзілдірікке  мен  көп 
сене қоймаймын сөйлемінде көзілдірік (бүтіннің бөлшегі) мето-
нимия  ретінде  қабылдануы  мүмкін,  негізінен,  көзілдірік  киіп, 
білгіштенген,  ақыл  айтқыш,  мақтаншақ  адамды  бейнелі  жет-
кізуде метафоралық мәнде жұмсалып тұр. 
Метафоралық  мағынада  жұмсау  үш  түрлі  жағдайда 
болады:  
1)
 
сөздің  сыртқы  белгісі  алынады.  Мысалы,  бұлақтың 
бастауы – шығармашылық бастау;  
2)
 
метафора  жасауда  сөздің  ішкі  семантикасы  негізге 
алынады: балшық – зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық;  
3)
 
белгілі  топтағы  зат,  құбылыстардың  белгі-қасиеттері 
басқа  топтағы  ұғымдарға  сіңісті  болып  кетуі:  ұлу  –  қасқырға 
тән, жел ұлиды, өткір пышақ – өткір мәселе. 
Қазақ тілінде метафораның жасалу жолдары түрліше екен-
дігі  белгілі:  әсіресе  грамматикалық  тұлғалардың,  жіктік,  тә-
уелдік жалғаулары арқылы, көмекші сөздердің тіркесуі, т.б. ар-
қылы  жасалатын тілдік амалдары жиі кездеседі:  Мен – өгіз те-

рісі  талыспын,  Сен  –  бұзау  терісі    шөншіксің…  (Бұқар);  
Арыстан еді Исатай (Махамбет). 
Метонимия  –  алмастыру  мәнінде  қолданылатын  көркем-
дегіш  тәсілдің  бірі.  Сөз  мағынасын  кеңейтіп,  оған  жаңа  поэти-
калық мән-мағына үстеуде метонимия ерекше қызмет атқарады, 
әсіресе ойды жинақы, әсерлі жеткізуде қолданылады: ауыл жи-
налды (тұрғындары). Тұтас нәрсенің, кең ұғымның тек бір бел-
гісін,  бір  жағын  алып,  сол  арқылы  тұтас  бір  ұғымды  білдіру  – 
метонимия  тәсілі  арқылы  жүзеге  асады.  Мәжіліс  қаулы  қабыл-
дады  (қатынасушылар),  Абайды  оқыдым  (шығармаларын)  – 
бұлар  көп  жағдайда  ауызекі  сөйлеу  стилінде,  көркем  әдебиет 
тілінде жиі қолданылады. Метонимия жасауда белгілі тіркестің 
негізгі  тірек  сөзі  түсіп  қалады  да,  оны  айқындап  тұрған  сөздің 
өзі қалып, ауыс мағына жасайды: 
Құс  сайрап  кәусәр  ағып,    хорлар  күлген  (Б.Күлеев)  деген 
жолда кәусар - бұлақты, хорлар - қыздарды алмастыру негізінде 
суреткер тіліне ерекше өң берілген. Метонимия – ойды бейнелі 
де әсерлі жеткізудің құралы әрі көркем сөйлеудің ең бір ұтымды 
тәсілі.  Басты  қасиеті  екі  нәрсенің  арасындағы  белгілі  бір  бай-
ланысқа  негізделеді  де,  осының  нәтижесінде  екі  зат  пен  құбы-
лыс  бірінің  орнына  бірі  алмастырылады.  Яғни,  метонимия  ас-
тарлы ойға, ұғымға негізделеді. 
Сөз    мағынасын  ауыстырып  қолдануда  жиі  кездесетін 
тәсілдің  бірі  –  синекдоха.  Ол  метонимияға  ұқсас  келеді,  басты 
белгісі  –  бүтіннің  орнына  бөлшек,  жалпының  орнына  жалқы, 
көпшенің орнына жекеше алмастырылып айтылады. Синекдоха 
үнемдеп  сөйлеудің  ұтымды  тәсілі  ретінде  де  белгілі.  Қазақ  тіл 
білімінде 
синекдоха 
туралы 
К.Аханов, 
Ә.Хасанов,                                 
Ә.Болғанбаев,  Ғ.Қалиев  т.б.  ғалымдар  құнды  пікірлер  айтқан. 
Бұл көркемдік тәсіл жеке жазушының тіл байлығымен және сөз-
ді қолдану шеберлігімен тығыз байланысты. Метонимия көп ма-
ғыналы  сөздердің  тууына  себепкер  болады.  Мысалы,  тұяқ  сөзі 
ұсақ мал, қой-ешкі, ұрпақ, тұқым, бала (Асылдан туған жалғыз 
тұяқ). Синекдохалық, метонимиялық мағынадағы сөз қолданыс-
тары ауызекі сөйлеуде, көркем шығармада, жеке авторлық қол-
даныста жиі пайда болады, ондай сөздер сөздікке енбейді, олар 
дағдылы ауыс мағыналы сөздер болмағандықтан, окказионалды 
мағыналарға жатады.  

Қара түнде шамдай жанған 
Қарсы алдымда отты көз.  
Немесе  
Арман боп со бір күн де өтер ме екен, 
Жолыма көп қарадың кетерде сен. 
Талпынды саған жүрек жылы ұядай, 
Таба  алмай  бір  өзіңнен  бөтен  мекен  (С.Мәуленов).  Бұл 
өлең  жолдарындағы  отты  көз,  жүрек  синекдохасы  адамның 
орнына жұмсалып, ерекше эстетикалық мәнде қызмет атқарған. 
Гипербола  –  «ұлғайту»  деген  мағынадағы  троптың  бір 
түрі, бір нәрсені, құбылысты үлкейтіп суреттеу. Гиперболада зат 
пен құбылыстың белгілері барынша асыра суреттелсе, литотада 
керісінше, кішірейтіле суреттеледі. Суреткердің тілі мен стиліне 
бояу қосады, көркем шығармаға ерекше әсерлілік береді. 
Күректей алақаны да, 
Саусақтары арбиған. 
Бірақ та бала жанына  
Жылуын  жылдар  мол  құйған  (С.Мәуленов).  Суреткер 
ақын  мәтін  ішінде  алақан  сөзін  күректей  сөзіне  теңеу  арқылы 
айтар  ойды  әсірелеп  жеткізіп  тұр.  Яғни,  егін  даласында  күні-
түні  комбайнмен  егін  орған  әке  алақанының  күректей  болу 
бейнесі шынайы да әсерлі суреттелген.  
Сөйлеу  стилінде,  публицистикада,  көркем  әдебиет  жанр-
ларында,  батырлар  жырында    бұл  тәсіл  жиі  қолданылған:  Жа-
рылған жердей күркіреп, Бір ернімен жер тіреп, Бір ернімен көк 
тіреп... Үй тар болғанымен, көңіл дариядай, сыямыз.  
Литота  –  заттың  не  құбылыстың  қасиетін  кішірейте 
суреттейтін  көркемдік  құрал,  белгілі  зат  не  құбылыс  шамадан 
тыс  кішірейтіліп  сипатталады.  Менен  оларға  тиетін  инедей 
пайда жоқ (М.Әуезов). Литота бейнелі тіркестердің құрамында 
жиі ұшырасады, образдылық, бейнелілік сипатқа ие. Ол көркем 
амалдың  бірі  ретінде  көркем  шығармалар  тілінде,  өлең  жол-
дарында,  ауызекі  сөйлеуде,  ертегілерде  мақсатқа  сай  жұм-
салады.  
Үйіріп соғыс қаңбақтай, 
Бармады мені қайда алып? 
Туған жер құс боп бармақтай 
Алдымда жүрді айналып  (С.Мәуленов). 

Туған  жердің  бармақтай  ғана  құс  болуы  туған  жерге 
деген  шексіз  махаббат  сезімі,  елін,  жерін  сағынуы  литоталық 
теңеу арқылы өте нанымды суреттелген.  
 Аллегория – астарлы сөз бейнелеу түрі. Көркем әдебиетте, 
жалпы  көркемөнерде,  ауыз  әдебиетінде  (өтірік  өлеңдерде) 
белгілі  бір  идеяны  астарлап  суреттеу  үшін  қолданылады,  осы 
тәсіл арқылы дерексіз бейне жасалады. Көбінесе адамның мінез-
құлқын,  іс  әрекетін,  психологиялық  күйін  екінші  бір  нәрсенің 
бейнесінде суреттеп айту тәсілі. Мысалы,  О.Бөкеев «Қайдасың, 
қасқа  құлыным»  атты  шығармасында  бас  кейіпкерінің  ой-мо-
нологін  түсі  ретінде  береді.  Түс  болған  соң,  мұнда  аллегория 
бар. Бұл түс-монологте аппақ сөзі образ жасайды: аппақ селеулі 
дала,  аппақ  қозы,  аппақ  сақалды  шал,  аппақ  домбыра,  аппақ 
бие, қысқасы, жас жігіттің түсінде көрген дүниесінің бәрі аппақ, 
бұл — арманның, ізгіліктің символы. 
Перифраз  –  сөздерді  бейнелі  мағынада  қолдану  тәсілі, 
яғни зат, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін астарлы мағынада 
қолдану, образды түрде сипаттау. 
Поэтикалық перифраз – ақ халатты абзал жандар – дәрі-
герлер, ақ алтын – мақта, көгілдір экран – теледидар, ақ ұлпа – 
қар,  
Эвфемистік перифраз – революция бесігі –  Ленинград. 
Метафоралық  перифраз  –  бақыттың  жайлауы  –  жаңа 
заман. 
Синекдохалық перифраз – қара шаңырақ – үлкен үй, төрт 
сирақ  –  орындық.  Бұлар  стилистикалық  тәсіл  ретінде  мәтіннің 
әсерлілігін, мәнерлілігін арттырады. Перифраздар көбінесе пуб-
лицистикалық  шығармаларда,  көркем  әдебиетте,  ауызекі  сөй-
леуде жиі кездеседі. 
 
 
5.2.  Стилистикалық айшықтаулар 
 
Ассонанс (үн қату) – дауысты дыбыстардың үндесе қайта-
лануынан тұратын стилистикалық айшықтаудың түрі. Ассонанс 
шешендік  сөздерде,  мақал-мәтелдерде,  көркем  шығармаларда 
жиі  ұшырасады.  Мысалы,  Өзім  дегенде  өгіз  қара  күшім  бар 

(Мақал).  Поэзиялық  шығармаларда  стильдік  мақсатта  жиі жұм-
салады: 
Алатауды айналсам, 
Алғадайым табам ба?! 
Сарыарқаны сандалсам, 
Саңлағымды табам ба?! (Жамбыл) – әке зарын күшейтуге 
қызмет етіп тұрған тәсіл – ассонанстық қайталаулар. 
Ассонанс  сөздің  интонациялық  мәнін,  экспрессивтік 
эмоциялық  бояуын  күшейтіп,  ойдың  әсерлілігін  арттырады. 
Ашық жүз, ақ жарқын көнілден асар құрмет болады деймісің? 
– деп Еркебұлан көзін әйелге қарай аудара беріп еді, өзінің көзіне 
шақырая қадалған қитардың бір көзін көрді (Ғ.Мүсірепов). Ды-
быстық  қайталаулар  ой  мазмұнының  үнділігін  күшейтумен 
қатар,  тілдің  синтаксистік  құрылымын  түрлендіріп  жетілдіруде 
де маңызды рөл атқарады. 
Аллитерация  –  дауыссыз  дыбыстардың    бірыңғай  қайта-
лануы.  Әлем  поэзиясында  ертеден  келе  жатқан  стилистикалық 
айшықтау  түрі.  Әдеби  тілді  ажарлап,  сөздің  реңін  келтіретін 
көркемдік тәсіл. Аллитерация – қазақ мақал-мәтелдерінің ұтым-
ды  тәсілдерінің  бірі:  Бейнет,  бейнет  түбі  –  зейнет.  Аллите-
рация прозалық, драмалық шығармаларда да, шешендік сөздер-
де  де  қолданылады:  Арғы  атаңа  орнықты  орда  болған,  бергі 
атаңа қайыспас қара қанжар болған, берік түйінді берен сауыт 
болған – мына біз едік... (Томан би). 
Проза  тілінде  де  қолданылып,  айтар  ойға  нұқсан  келтір-
мей,  прозаның  ырғақтылығын,  әуезділігін  тудырып,  оқырманға 
ойдың  әсерлілігін  күшейте  түседі.  Ол  да  жазушы  шеберлігіне 
байланысты құбылыс: Екі көзінен жалп-жалп етіп, жанып бара 
жатқан  зеңгір  көк  жапырақтар  жерге  түсіп  жатқанын 
көрді… Алшақ жайласып, араласпай араз отыратын екі бай уә-
делесіп қойғандай, Майқұдық басына бүгін кешке жақын қатар 
келіп құлады. 
-
 
Иә,  айта  беріңіз,  –  деп  манадан  таңдайын  қағып,  таң-
данып  отырған  Күреңкөз  қожаға  бұрылды.  Игілік  ыңғайымен 
өруге  үйреніп  қалған  топ,  ол  елең  қылмағанға  елеңдесіп  қал-
ғандарына  ұялғандай  болып…(Ғ.Мүсірепов).  Демек,  аллитера-
ция  шығарманың  мазмұнын  көркемдеп,  оның  эстетикалық  қуа-
тын арттыра түсері сөзсіз. 

Анафора  –  (грек  —  жоғары  шығару)  –  бір  сөздің  не  сөз 
орамының,  өлең  жолдарының  сөйлемнің  басында  қайталануы 
болып  табылатын  стилистикалық  айшықтау  түрі.  Анафораның 
лексикалық,  синтаксистік  түрлері  болады.  Лексикалық  түріне 
бір сөздің қайталануы жатады:  
Үлкен адам болу үшін ғаламда, 
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, 
Үлкен болып қалу үшін ғаламда, 
Үлкен арман керек екен адамға!  (М.Шаханов) 
Бұл  жерде  үлкен  сөзінің  әрбір  жол  сайын  қайталануы  – 
стильдік  мақсаттан  туған  құбылыс.  Ақын  өмірде  өз  қабілетіңді 
дұрыс  танып,  қоғамның,  халқыңның  қажетіне  жарау  үшін  ар-
манды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздайды. 
Синтаксистік  анафорада  сөз  тіркесі  не  сөйлем  түріндегі 
құрылымдардың  қайталануы  болады:  Алаң  да,  алаң,  алаң 
жұрт… (Қазтуған). Бұлқынып жатыр, келмейді-ау құрғыр ша-
масы. Бұлқынып жатыр, таусылды-ау айла-шарасы. Сәулемнің 
менің  аяқ  пен  қолын  матамай,  Бостандық  берші,  бостандық 
берші, мамасы (М.Мақатаев). 
Эпифора  –  өлең  жолдарының  соңында  бір  сөздің  не  сөз 
тіркесінің  қайталанып  келуі.  Бұл  қажетті  бір  ойға,  құбылысқа 
ерекше  назар  аударып,  сөз  әсерін  арттыру  үшін  қолданылады. 
Әр түрлі мақсатта қайталау болады. 
Қыз бала көркем көрінер, 
Беттегі нұрлы қанменен… 
Еділ көркем көрінер, 
Жағалай біткен талменен      (А. Керейұлы) 
Параллелизм  (гр.  –  қатар  жүруші)  –  сөз  әсерін  күшейту, 
әшекейлеу  және  ойды  нақышты  жеткізу  үшін  қолданылатын 
стильдік  айшықтаудың  бір  түрі.  Екі  нәрсені  қатарластыра,  жа-
настыра алып бейнелеу тәсілі. Бұл көркем шығармаларда, ауыз 
әдебиеті  үлгілерінде  жиі  қолданылады.  Мәселен,  мақал-мәтел 
мен  афоризмдерде  жиі  кездесетін  құбылыс:  киім  кірі  жуса 
кетер, көңіл кірі айтса кетер; елдің елдігі ерінен танылар, елдің 
байлығы жерінен танылар. 
Параллельдер, әсіресе, өткен дәуірлердегі поэзиялық шы-
ғармаларда, дидактикалық толғауларда сөз қайталау арқылы, ұқ-

сас және антитезалы сөйлем құрылымдарын келтіру арқылы құ-
рылған ұтымды тәсіл: 
Атамыз біздің бұ Сүйініш, 
Күйеу болып барған жұрт. 
Анамыз біздің Бозтуған, 
Келіншек болып түскен жұрт. (Қазтуған). 
Сөздің  мәйегін  терең  танып,  оны  көрнекі  де  әсерлі  жұм-
саудың өнегесін көрсеткен ұлы билердің көркем сөз үлгілерінде 
бұл айшықтау түрі ұтымды қолданылған. 
Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы. 
Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы. 
Қызың жақсы болса – жайқалып өскен құрағы. 
Әйелің жақсы болса – 
Бірінші – иманың, 
Екінші – жиғаның, 
Үшінші – ырысыңның тұрағы (Төле би). 
Антитеза  (шендестіру)  –  қарама-қарсы  ұғымдарды  ай-
шықтап  суреттеу.  Нәтижесінде  белгілі  бір  зат-құбылыстың, 
ұғымның суреті, сыр-сипаты қарсылықты қатынаста бейнеленіп, 
соның негізінде сөздің экспрессивтік-эмоциялық бояуы қоюлана 
түседі,  көбінесе  антонимдер  арқылы  жеткізіледі:  Өссе  тілім, 
мен  де  бірге  өсемін.  Өшсе  тілім,  мен  де  бірге  өшемін 
(Ә.Тәжібаев); Үлкен қара үйдің іші де ертедегі байлықтың, қа-
зіргі  күндегі  жұтаң  кедейліктің  жайын  айтып  тұр  екен 
(Ғ.Мүсірепов). 
Антитеза  жолымен  поэтикалық  синтаксиске  құрылған 
фразеологизмдер  тілімізде  жиі  кездеседі:  мың  асуға  бір  тосу, 
бірде  бие,  бірде  түйе,  сенің  атың  тұра  тұрсын,  менің  атым 
жүре тұрсын, бетегеден биік, жусаннан аласа т.б. 
Оксюморон  –  мағынасы  қарама-қарсы  антоним  сөздер 
өзара тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін лексикалық- стилис-
тикалық  тәсіл,  тапқырлық,  көркемдік  әсер,  бейнелі  ұғым  туды-
ратын біртұтас сөз бірлігі. Мысалы, тірі жетім, тірі өлік, жан-
ды  өлік,  жарлы  бай,  алпыстағы  бозбала,  жақсы  өлім,  пышақ-
сыз  бауыздау,  жіпсіз  байлану,  уәдеден  шығу  (уәдеде  тұру)  т.б. 
Көркем әдебиет стилінде, публицистикалық шығармаларда қол-
данылады:  Тірі  өлік  боп жүрмін  ғой, жұртқа  қарайтын  бетім 
қалмады  (Көркем  әдебиеттен);  Ойласам,  олар  –  жанды  өлік 

(Шәкәрім);  Қоғамда  тірі  жетім  атанған  қаншама  тастанды 
балалар саны өсуде (Газеттен). 
Каламбур  (фр.  –  сөз  бен  сөз  тіркестерінің  дыбысталуы 
жағынан  ұқсас  келуінен  туатын  стильдік  айшықтау,  құбылту 
түрі. Олар, негізінен, омонимдер мен омографтардан құралады. 
Көбінесе  поэзиялық  шығармаларда  стильдік-эмоциялық  әсер 
беру үшін, ұйқастың мәнін күшейту үшін қолданылады. Калам-
бурдың  түрлері  сатиралық,  юморлық  жанрдағы  туындыларда 
жиі  кездеседі.  Каламбур  жасау  өте  шеберлікті  талап  етеді, 
талғаммен жұмсауды қажет етеді. Мысалы:         
Қалқам, жаным, қарағым, 
Бетіңе келмес қарағым. (С.Торайғыров) 
Аяғыңа қарамай, 
Басып алдың қара май. (М.Әлімбаев) 
Градация  (дамыту)  –  стильдік  айшықтаудың  бір  түрі, 
алдыңғы  ойдан  соңғы  ойды  асыра  суреттеу  тәсілі.  Кезінде 
Ахмет  Байтұрсынұлы  бұл  стилистикалық  тәсілді «дамыту»  деп 
атаған.  Көркем  шығармаларда  зат,  құбылысты,  оқиғаны  асыра 
не  кеміте  суреттей  отырып,  сол  құбылысқа  бейнелілік  сипат 
беріп,  көркемдік  мән  үстейді:  Қиқу  салып  құзға  ұшқан,  Құздан 
суық мұзға ұшқан, Мұздан биік бұлтқа ұшқан (Т. Жароков). 
Нұрлы екен сұлулықтың арманындай, 
Жырлы екен сонау Біржан салдарындай, 
Кең екен даласындай қазақ жаны, 
Өр  екен  өздерінің  тауларындай  (С.Мәуленов).  Осы  үзін-
діде  қазақ  халқының  табиғи  болмысы  (көңілі  –  нұрлы,  өмірі  – 
Біржан салдай жырлы, жаны – өзінің даласындай кең, тауындай 
өр ), зор келбеті толық ашылған. 
Сондай-ақ  даналық  ойдың  түйіні  ретінде  мақал-мәтел-
дерде де қолданылады: Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. 
Риторикалық  сұрау,  риторикалық  қаратпа  –  ритори-
калық  айшықтау  түрлері,  сөздің  әсерлілігін,  бейнелілігін  арт-
тыру үшін қолданылатын стильдік тіркестер, шешендік тәсілдер. 
Жат  именер  аламан  аттан  түссе  не  болмақ?  Жау  айбынар 
ағайын  үйде  бұқса  не  болмақ?  Осындай  риторикалық  сұраулы 
сөйлемдер  көркем  сөз  шеберлерінің  туындыларында  әр  түрлі 
эстетикалық  қызмет  атқарады:  біріншіден,  сол  шығармадағы 
кейіпкердің  шешендігін,  ойға  жүйріктігін,  сөз  өнерін  жетік 

меңгергендігін  көрсетеді,  екіншіден,  мұндай  сөйлемдер  ойды 
мәнерлі,  бейнелі  етуге  қызмет  етеді,  үшіншіден,  ерекше  әуен, 
ырғақпен айтылып, шығарма тілінің әсемдігін, әуезділігін, көр-
кемдік бояуын қалыңдата түседі. 
Мына мысалға назар аударалық:  
Дауылбайдың қаһары қыстан жаман. Қыс өтер, көктем 
шығар,  құстар  қайтып  оралар.  Ал  Дауылбай  ше?  Ол  өткінші 
ме?  Бұл  дүниенің  жүзінде  өткінші  емес  кім  бар  дейсің.  Бәрі 
өтеді,  Дауылбай  да  өтеді.  Қара  жер  қараны  да,  төрені  де, 
жарлыны  да,  байды  да  бірдей  етеді.  Бір  өлмесе  Ескендір 
Зұлқарнайын өлмес еді. Ол да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, 
сол  топырақтан  бір  байғұс  балшық  илеп,  қыш  құйған  шығар... 
Ал  Дауылбай  кім,  Ескендірдің  қасында?.  Осындай  тұстарда  ав-
тор  кейіпкердің  болмысын  бейнелеу  арқылы  өзінің  көзқарасы 
мен  пікірін  де  білдіре  кетеді.  Өз  бағасы  мен  көзқарасын  нақты 
жеткізеді. Қысқаша мәтіндегі Ал Дауылбай ше? Ол өткінші ме? 
Бұл  дүниенің жүзінде  өткінші  емес  кім  бар дейсің?  деген  сөй-
лемдер  риторикалық  сұраулы  сөйлемдер  сипатында  берілген. 
Автор  осы  сөйлемдерінде  эмоционалды  мағына  туғызу  үшін 
ойын жеткізудің әсерлі құралы ретінде риторикалық сұрақ фор-
малы сөйлемді қолданған. Мақсаты – оқырманға философиялық 
толғамды ой салу, өзінің түпкі ойын аңғарту.  
Стильдік қаратпалар адамға да, жансыз заттарға да айты-
лады.  Олар  көркем  әдебиет  стилінде  көбіне  эпитеттермен,  ода-
ғайлармен  келеді,  сөйлемдердің  эмоциялық  мағыналарын  құ-
былта түсу үшін жиі жұмсалады. 
Жеңіме жамаудың түскенін, 
Кедейлік, сенен көремін! 
Жағама қолдың тигенін, 
Жалғыздық, сенен көремін! (Ақтамберді). 
Ой,  қарындастар-ай!  Дүниеде  сөз  баққан  адамның  ата-
ғына қызықпағайсың. Өзіңді өзің күң қыласың (Ж.Аймауытов). 
Жазушы  Ш.Мұртазаның  «Қызыл  жебе»  романындағы 
Тұрардың  қысқа  ғана  «О,  Қызыл  Жебе»  деуінің  өзі  де  табиғи 
шығады, автордың стильдік мүддесінен туған құбылыс. Мұндай 
қолданыстар  ойдың  мазмұнына  экспрессия  мен  эмоция  туғызу 
үшін де қажет.  «О» қаратпасы жазушы шығармашылығына тән 
бірден-бір  көркемдік  құрал,  негізінен  кейіпкер  сөздерінде  жиі 

қолданылады. «О» қаратпасының орнына өзге бәрекелді, жаса-
сын, ура  т.б. сияқты қаратпаларды қолданса, сол сәттің, уақыт-
тың шындығы шынайы көрінбес еді. Мысалы: 
О, жарықтық Жуалы! — деді Ахат. 
- О, найсап... — деп Сақан палуан тұра ұмтылған. 
-О, дәу, жараған бурадай бұрқырап неғып отырсың? — деді. 
- О, соры қайнап, сорпасы төгілген бейшара Бердіқұл! 
Бұл  жерде  автор  «О»  қаратпасын  белгілі  бір  стильдік  қа-
жеттілікпен  орынды  қолданып  отырған.  Жоғарыдағы  мысал-
дарда  «О»  қаратпасы  мәтін  ішіндегі  айтылған  ойға  ерекше  си-
пат,  эмоциялық  реңк  береді.  Аталмыш  шығармада  «өй»,  «е», 
«ой»  қаратпалары  да  кездеседі.  Қолданылған  қаратпалардың 
ішінде  «О»  қаратпасын  автор  кейіпкерлердің  ішкі  психология-
лық жай-күйін суреттеуде стильдік құрал ретінде жиі қолданған-
дығы байқалады. 
Парцелляция  термині  –  француз  тіліндегі  «parceller»  сөзі-
нен алынған, «ұсақ бөлшектерге бөлу» дегенді білдіреді. Жалпы 
тіл  білімінде  зерттеушілер  Л.В.Щерба,  В.В.Виноградов, 
С.Е.Крючков  еңбектері  арқылы  «қосымша  тіркес»  ұғымында  
кеңінен  қолданысқа  енген.  Ал  қазақ  тіл  білімінде  танымал  ға-
лымдар  М.Балақаев,  Т.Сайрамбаев,  Р.Сыздық  бұл  құбылысқа 
қатысты  өз  ой-пікірлерін  айтқан  болатын.  Парцелляцияның 
қандай  категорияға  жататыны,  тіл  білімінің  қай  саласының 
зерттеу нысаны ретінде қарастырылу керектігі көпке дейін басы 
ашылмай,  анықталмай  келді.  Дегенмен  де,  парцелляция 
құбылысы – арнайы зерттеуге алынып
2
, синтаксистік-құрылым-
дық  категория  екендігі  нақтыланып,  бөлшектелген  сөйлемдер 
ретінде қарастырылды. Парцелляцияның семантикалық, синтак-
систік функциялары анықталып, ғылыми тұрғыдан негізделді.   
Біздің  түсінігімізде,  парцелляция  –  негізінен  көркем  әде-
биет  стилінде  жұмсалатын  синтаксистік-стилистикалық  катего-
рия,  тілдің  бейнелілігін,  ойдың  әсерлілігін  күшейтетін  экспрес-
сия  құралы.  Яғни  белгілі  бір  сөйлем  мүшесін  стильдік  мақсат-
пен  сөйлемнен  жеке  алып  бөлшектеп  орналастыру  дегенді  біл-
діреді. Сөйлемдегі негізгі ойға қосымша ақпарат, эмоционалдық 
                                                           
2
Ақыжанова А.  Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы (бөлшектелген 
сөйлемдер).А., 1999 

реңк-бояу  беретін  стильдік  құбылыс.  Бөлшектеп    шығарылған  
сөйлем  мүшесі парцеллят  мүше болып табылады. Парцеллят – 
дербес  фраза  болып  бөлшектелген  біртұтас  сөйлемнің  құры-
лымдық бөлігі. Демек, парцелляция  тәсілінің стильдік ерекше-
ліктерін,    мағыналық-интонациялық  қырларын  жалпы  тілдік 
норма,  стилистика  тұрғысынан  жан-жақты  қарастыруды  қажет 
етеді.  
Ептеп  қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл тұманды жа-
мылып  сазарғандай.  Жым-жырт  (М.Әуезов).    Мұнда  жым-
жырт парцеллят сөзін бөлшектеп орналастырудағы жазушының 
мақсаты  – табиғаттың жанға жайлы жазғы кезін әсерлі етіп су-
реттеу болып табылады. 
Әйелдер сол түні таң атқанша шам жағып, ұйықтамай, 
құдайдан  тілек  тіледі.  Сыйынды,  жылады  (М.Ә.).  Соңғы  бір-
ыңғай парцеллят сөздердің кейіпкерлердің ішкі эмоциялық жан 
күйзелісін,  дәлірек  айтқанда,  Ғазизаның  амандығын  жай  тіле-
мей, жылап, сыйынып тілейтін әжесі мен анасының нақты пси-
хологиялық  жай-күйін  жеткізуде  жұмсалып  тұрғандығын  аңға-
руға болады.  
             

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет