МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ФУНКЦИЯСЫ ТУРАЛЫ
А.Күзембайұлы
(Қ М П И )
Адамзат қоғамындағы қай ғалымның болмасын өзінің атқарар қызметі, өзі-нің
мәртебелі міндеттері болатындығы белгілі. Жаратылыстану ғылымдарының өндірісті
дамытуға, оған жаңа технология енгізу үшін істеп жатқан іс-шараларын айтпаса да
түсінікті. Ал қоғамтану ғылымдарыньщ, оның ішінде тарихтың қан-шалықты пайдасы
бар? Міне осы сүрақ ғалымдарды сонау ерте заманнанақ ойла-ндырып келеді.
Алдарыңыздағы шағын баяндамада осы теориялық мәселе жөнінде белгілі
қазақтың тарихшысы, көзі тірісінде тарих ғылымының ақсақалы атанған Манаш
Қабашүлы Қозыбаевтың көзқарасы жөнінде сөз болады.
Тарих ғылымы пайда болған кезден ақ ол белгілі бір әлеуметтік топтардың мүд-
десіне сәйкес келгені анық. Кез-келген гылыми танымның әлеуметтік мәні болады. Ал
тарих ғылымының қогамдағы әлеуметтік роль ерекше. Әсіресе XIX ғасырдың орта
шенінде тарих ғылымының беделі, оның қоғамдағы орны жэне қажеттілігі тым жоғары
болды. Бұл уақытты кейде тарихтың «алтын ғасыры» деп те атайды. Ол кездегі тарихи
білім жэне ғылым қоғамдық қажеттіліке
байланысты дамыды. Тарихшылар өз
ғылымын қолданбалы дәрежеге дейін көтерді. Олар ел басқарып отырғандар,
саясаткерлер мен саясатқа эсер етуші беделді азаматтар тарихи зандылыктарды білуі
қажет деп ойлады. Білімсіздік, әсіресе тарихи үрдістер мен қоғамның даму
заңдылықтарын ескермеу элеуметтік катастрофаға экеліп соғыу мүмкіндігін ескертті.
«Историография призвана удовлетворить широкий спектор социальных и
индивидуальных потребностей»!!] деп айтылады Мин-ск қаласында жарық көрген
«Методологические проблемы истории» деп аталатын кітапта.
Өкінішке орай, XX ғасырда тарих ғылымы бүрын-сонды болмаған дағ-дарыска
ұшырады. Әлем тарихы жөнінде іргелі зерттеулер, көптеген том кітаптар жарық көр-
генімен. Ғылым саясаттың құралына айналып кетті. Ол белгілі бір әлеу-меттік топтың
сойылын соғып, оның идеологиялық ұстанымдарының «ғылым» негізіне айналды.
Әлбетте, мүндай жағыдайда тарихшы объективті шындықты ай-та алмайтындығы
белгілі.
Тарихтың ғылым ретінде оның табиғатын айқындайтын негізгі әлеуметтік фун
кциясы хальщтың, жеке тұлғалардың өткенін үмытпау, есте сақтау. Тарихтың атасы
атанған коне грек тарихшысы Геродот «чтобы прошедшие события с течением
времени не пришли в забвение и великие и удивления достойные деяния, как
эллинов, так и варваров не остались в безвестности, в особенности же то, почему
они вели войны друг другом» [2] деп жазған болатын. Міне осы тарихшыньщ жинап,
ғылымға кіргізген деректері осы күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Оның
қазақ жерін көне заманда мекендеген тайпалары жөніндегі мәліметтері бүгінде қазақ
тарихының негізгі деректерінің бірі болып отыр, Жалпы антика, орта ғасырлық
тарихшыларының еңбектері аркасында өткен замандардағы уақиғалар мен саяси,
экономикалық жэне рухани процесстер біздерге дейін жетіп отыр.
Қазіргі кезде тарих ғылымының әлеуметтік - саяси функциясы жөнін-дегі
түсінік мүлдем басқаша. Кешегі тэулесізідік алған жылдары азаттық рухының ірге
тасын ныгайту барсында, егемендік идеясын халық санасына сініру мақса-тында
тарихи сананы қалып тастыру кезек күтірмейтін мэселе. Бүгінгі тарих-шылар алдында
13
адамзат қоғамының ғасырлар бойғы саясат, шаруашылық жэне мәдениет саласындағы
тәжрибелерін жинақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу. Егер өткен заманның
сабақтарын ескермесек, оларды күнделікті ісімізде пайда-ланбасақ алға жылжу да
болмас еді. Сондықтан тарих өркениет пен урпак ара-сындагы байланысты қам-
тамасыз етеді.
Тарих ғылымының осы биікте, әрі мәртебелі міндетін М.Қ. Қозыбаев ал-
ғашқылардын бірі болып түсінді. Ол өзінің 1992 жылы жарық көрген «Ақтаң-дақтар
ақиқаты» енбегінде «Егер тарих ғылымының алдында түрган міндет-терді
бетбүрыс кезеңінің талаптары түрғысына саралайтын болсақ, тарих-шылардың
туған халқы алдындағы қарызы белшесінен екені айқын көрі-неді. Жарты
ғасырдан
астам
уақыт
бойы
тарих
ғылымы
алдымен
сталиндік
жосықсыздықтардың, содан кейін волюнтаризм мен субъективизмнің, тоқы-рау
идеологиясы мен психологиясының шырмаусында болып келді». Сүйтіп ол тарих
ғылымының танымдық функциясы оның саяси функциясына тәуелді екендігін
дэлелдеді. Барлық ғылымдарға тэн ғылыми-танымдық (эвристикалық) функциясы
тарих ғылымына да қатысты. Қоғам алдында тұрған көптеген про-блемаларды шешу
барысында оған қажетті тарихи білім беру ғылымның қасиетті борышы. Қоғам
дамуының эр кезеңінде тарихтың бұл міндеті арқилы түсіндірілді. Ағылшын ғылыми
Г.С. Боллингброк ғылымның шынайы міндетін «История - это философия, которая
учит нас с помощью примеров» [4] - деп көрсетті. Не-міс ғылымы И.Г. Гредер
табиғат жэне адамзат әлемін бір-бірінен ажыратпай адам-зат тарихының жаһанды
философиясын жасауға тырысты. Ол «Пространства полны мудрости, а времена
полны мнимого хаоса, и, однако, человек сотворен, очевидно, чтобы искать поря
док, чтобы внести ясность в свой малый промежуток времени, чтобы грядущее
строить не прошедшем - иначе зачем человеку память, зачем воспоминания?» [5]
деп жазған
Қандай да болмасын халық өз тарихын білгісі келеді. Әсірісе қазақ халқы
тумасынан тарихшыл халық..Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ бол-
мысының келесі бір ерекшелігі - оның тарихишылдығы. Қара халықтың
тарнхтан хабардарлыгы мейлінше жогары болған. Керек десеңіз, білім ин-
ституттарының дамыган жүйесі бар бүгінгі күннің өзің бұрынғы қа-зақтардың
санасындағы жаппай тарихшылдықпен салысыруға болмайды» деп жазды [6].
«Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрт-тың қамын жер»,
«Өткенге топрақ шашсаң келешек саған тас атар» деген мақалды өзінің өткенін қадір-
леген халык қана тудырары белгілі. Соңғы жылдары әрбір ру мен ұлыстардың шежіресі
жазылып, батырлар мен ақындарға, билер мен шеше-ндерге ескерткіш орнатылып, ас
беріліп жатқандығы құптарлық іс. Сондықтан да тарихтың негізгі міндеті қоғамның
өткенін кастерлеп, бүгінгісін пайымдап, ке-лешегін анықтауы қажет.
Тарих ғылымының екінші бір функциясы - халықтың тарихи санасын оя-ту.
Тәуелсіздік алған алғашкы жылдары казак тарихының қоғамға қажеттілігі ер-екше
көрінді. Барлық мерзімді баспасөз беттерінде халқымыздың өткен жөнінде мақалалар
топтамалары жарық көре бастады. Мүндай құбылысты акад. М.Қ.Қозыбаев былайша
түсіндірді.
«Процесс пробуждения
национального
самосознания, духовного
возрождения нации развивался ускоренными темпами, опережая разработку
проблем истории, языка, литературы, нравственных категорий. В условиях
формирования исторического сознания оказалась востребованной, в первую
очередь, отечественная история» [7].
Тарих ғылымының келесі бір кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі күн-делікті
езгеріп жатқан қоғамдық құбылыстарға жеке адамның икемделуіне кө-мектесу. XXI
ғасьірда бүкіл әлем өз дамуыньщ келесі бір деңгейіне көтерілді. Қа-зақстан сияқты
14
бұрын соңцы үлкен тарихи үрдістерге жеке бір тәуелсіз ел есе-бінде араласа алмаған
елдер үшін жаһандану процессі қауіп төндіруі эбден мүм-кін. Сондықтан коғамдағы
эрбір жеке тұлға өзін тарихи дамудың объектісі деп есептеуі кажет. Бұл жөнінде де
академик М.Қ. Қозыбаев тарих ғылымы жеке ад-амның жаңа өмірге икемделуіне
комектесуі қажет деп есептеді. Оның ойынша та-рих білген адам қоғамда өз орынын
таба біледі.
Тарих ғылымының тәрбиелік функциясы жөнінде көне жэне орта ғасыр-ларда
өмір сүрген тарихшылар айтып кеткен болатын. Антика заманында өмір сүрген
батырлардың өмірбаяның жазған Плутарх өзінің негізгі мақсаты жастар тәрбиесі
екендігін жазған [8]. Француздың ағартушы ғылымы Дидро Д Аламбер өзінің
«Энциклопедия» атты еңбегінде «Тарихтың негізгі міндеті «состоит в сравнении за
конов и нравов чужих стран с собственными... это (сравнение) побуждает совре
менные нации соревноваться друг с другом в искусствах, торговле, земледелии»
[9].
Тарихтың тәрбиелік функиясын ерте түсінген елдің бірі - Алмания. XIX
ғасырдың басында бұл саяси жағынан бытыранқы, шаруашылығы мешеу ел бо-атын.
Аз уақытта саяси топтасып, Европаның алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуы
неміс халқының ұлттық санасының оянуына байланысты еді. Ұлттық идеологияның
қалыптасуына бірде-бір эсер еткен фактор әрине неміс тарих-шыларының жанқиярлық
еңбегінің арқасы еді. Неміс мектептеріндегі ұлттық тарихты оқытуды жолға қою,
университеттегі тарихи білімді реформалау іс-ша-ралары өз жемісін берді. XIX
ғасырдың орта шенінде ңемістің тарих ғылымы бүкіл Европадағы алдыңғы қатардағы
ғылымдар қатарына көтерілді. Ал енді келесі XX ғасырдың 30 - 40 жылдары неміс
үлтшылдығы шектен шығып, бүкіл өрке-ниетке кауып төндіргені мэлім. Сондықтан да
тарих пәнінің тәрбие берудегі мүм-кіншілігін реттеп отыратын тиімді механизм қажет.
Тарих пәннің бағдарламасы-да, оның оқулығы да, бұл пәннен сабақ беретін мүғалім -
оқытушылардың
білік-тілігі,
білім
деңгейі,
ұлттық
көз-қарасы
мемлекеттің
қамқорлығында, бақыла-уында болуы қажет.
«Келелі проблемалардың бірі, - деп жазды академик М.Қ. Қозыбаев - та-рих
гылымының тәрбиелік мәнін барынша пайдалану» [10]. «Тарихтың тә-лім-
тәрбиелік мәні, оның қоғамдық дамуды жеделдетуге тигізер ықпалы ора-сан зор
екені бүл күнде баршаға аян. Оның өткенінен сабақ, тағылым алмай,
жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренбей, бүгінгі күнге асқан жауап-
кершілікпен қарамай, ертеңгі күнде аскақ үміт артуға болмайды. Мүны біз-дің
тарихшыларымыз әрдайым мықтап есте үстаған жөн» [11] - деп еді ардақ-ты
ағамыз.
Тарих төрінен орын алатын қоғам қайраткерлеріне баға беру ғылымның негізгі
функияларының бірі. Өткен заманда өмір сүрген, қоғамның экономикалық, саяси
дамуына, халықтың рухани байлығына үлес қосқан жеке тұлғаларды іріктеі, оларды
дэріптеу, насихаттау біздің қасиетті борышымыз. Бұл тұста академик М.К. Қозыбаев
көзі тірісінде үлкен жұмыстар атқарды. Мысалы оның Мүхамед Хайдар Дулатидың
қазақ топырағында кайта түлеп, оның шығармаларының қазақ тілінде басылып шығуы
қазақ тарихшыларының мәртебелі міндеті еді. Немесе та-рихшы болмаса да Ақжан
Машанидің 1960-70 жылдары Әбунасыр Эль Фараби мүраларын терен зерттеп, оны өз
халқына қайта қайыруы үлкен азаматтық ерлік еді.
«Адамзат баласының көпшілігі тарихты тек әр түрлі оқиғалардың, қү-
былыстардың адам аттары мен тарихи фактілердің жиынтығы деп түсінеді» [12]
деп жазды белгілі тарихшы Ж. Артықбаев өзі қүрастырған оқулық - хресто-
матиясының алғы сөзінде.
15
Шын мәнінде тарихтың ғылым ретінде негізгі міндеті қоғам дамуының
заңдылығын анықтау. XIX ғасырдың екінші жартысында позитивистер бағы-тындағы,
ол кейін марксшіл тарихшылар бұл проблеманы өздерінің негізгі мақса-ты ретінде
жариялады. Олардың ойынша тек қана тарих ғылымы өз зерттеуінің нәтижесінде қоғам
дамуының зандылықтарын аша алады. Осы проблеманы шеш-кенде ғана қоғамды
ғылыми негізде басқаруға қол жеткіземіз деп есептеді маркс-шіл ғалымдар.
Дегенмен осы күндері кейбір тарихшылар тарих ғылымының мүндай фун-
кциясына күмэнмен қарайды. Бүгінгі болып жатқан құбылыстарды қоғамда болып
өткен уақиғалармен салыстыруға болмайды дейді олар. Сондықтан да адамзат ба-сынан
өткізген тарихи тәжірибені бүгінгі мәселелерді шешуге пайдалану шыныда да мүмкін
болмас.
Кейбір ғалымдар тұжырымы бойынша тарихи тәжірибені болашақты бол-жау
үшін де пайдалануға болатын көрінеді. Москва университетінің профессоры, белгілі
тарихшы И.Д. Ковальченко қоғам дамуының көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі
тарихын нақтылы зерттеудің іргелі ғылыми маңызы бар деп есептейді [13]. Әсірісе
қоғамның элеуметтік құрылымын зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелерді бүгінгі
элеуметтік саясат жүргізу барысында тиімді пайдаланса, қан-шама қателіктерге жол
берілмес еді.
'
Академик Қозыбаев
аз ғұмырында халықтың үлттық санасын оятуда, жаңа
заманға сәйкес адамды икемдеуге, тарих ғылымының қоғамдағы рөлін арттыруға
сөзімен де, ісімен де, жариялаған мақалалары, кітаптарымен де ықпал етті. Өкі-нішке
орай ол өмірден озғаннан бері, тәуелсіз елдің тарих ғылымы өзінің бұрынғы өрлігінен
айырылып
қалған
сияқты.
Соңғы
жылдары
тарих
ғылымында
бей-жайлық
самырқаулық,
тоқмейілісіну
басымдылық
танытуда.
Оның
белгісі
ка-зақ
тарихнамасы жаңа ой айтылған зерттеулерге зэру. М. Қозыбаев бастап кеткен көп
томдық «Қазақстан тарихының» сонғы бөлімдері әлі жарық көрген жоқ. Мек-тпе
оқулыктарыда жылдан-жылға сынға ұшырауда, жоғарғы мектеп үшін оқу-лықтың
нүсқасы бекітілмей отыр. Студенттер тарапынан шынайы бағасын алған Ж. Артықбаев,
Ә. Әбдіәкімов жэне осы жолдардың авторларының оқулықтары министрлік тарапынан
ескерусіз қалып отыр. Мектеп оқулықтарын баспаға да-йындайтын «Республикалық
окулық орталығы» жоғарғы мектептің ұсыныс-тала-птарына осы күнге дейін кұлақ
аспай оіыр.
Министрлік тарапынан жоғарғы мек-тепке қазақ тарихы оқулығын
дайындау тақырыбында өткізілген мэжілістер өз нэтижесін бермеді.
Ғылымның
басына
туған
екінші
бір
кауіп
оған
қосылған
« ж а л П а
н т а р и х ш ы л ы
□» ағымы. Тоқсаныншы жылдары халықтың тарихқа деген қызы-
ғушылық қажеттілігін журналистер мен жазушылардың өтегені мэлім. Ол жыл-дары
аудандық газеттен бастап республикалық басылымдарға дейін өз беттерінде қазақ
тарихына арналған материалдар беретін. Тіпті қазақ тарихын тақырып еткен бірнеше
журналдар мен альманахтар пайда болды. Солардың көпшілігі осы күнге дейін жарық
көруде. Әлбетте халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруда бұ-лардың жасаған
еңбегі шаш етектен. Мақала авторларының көпшілігі тарихтан алшақ, арнаулы білімі
жоқ, тарихи зерттеулердің эдістерін меңгермеген, тарихтың теориялық негіздерін
білмейтіндер еді. Тіпті олардың кейбірі бірнеше кі-таптардың авторы болып та үлгерді.
Бірақ біз оларды сынаудан, кінэлаудан аула-қпыз. Ғылымда манополия деген
болмайды. Нарықтық қатынасы бар қазіргі қоға-мда эркім өзінің сүйген ісімен
айналысады. Олар жазған еңбектің шынайлығын, ғылымилығын, пайдасы мен зиянын
тек қана кәсіби тарихшылар анықтайды.
Соңғы жылдары шетелдік ғалымдар, әсіресе Москадағы Корнеги орталығы деп
аталатын ұйымның
айналасында топтасқан шовинистік пиғылдағы орыс та-
рихшылары, тэуелсіздік алған бұрынғы Кеңестер Одағының құрамында болған үлттық
16
Республикадағы тарихшылардың өз халқының тарихын ұлттык тұрғыдан қайта жазу
ұмтылысын сынға алуда, оларды «жалған» тарихшылар деп айып-тауда. Бір ескерте
кетер жай, жоғардағы Орталық сайтында Қазақстан тарихы та-кырыптарында бірнеше
кұнды еңбектер жазған И. Ерофеева есімді тарихшы да бар. Ол Қазақстанда жарық
көрген көптеген оқулықтар мен оқу-құралдарын сынға алып, олардың авторларын қазақ
тарихын аңызға айналдырып жіберді деп кіна-лайды. Оның ойынша орта ғасырда
қазақстан жерін мекендеген ру-ұлыстардың мемлекеттігі болмаған. Алтын Орда, Сібір
және Ноғай Ордаларының қазақ тари-хына қатынасы жоқ екен. Тіпті Көшім хан жэне
орта ғасырлық мұсылман тарих-шыларын (мүмкін М.Х. Дулати мен Қ. Жалайыри
шығар) казақ тарихшылары иемденіп алды деп сынайды. Осыдан барып И. Ерофеева
саяси қорытынды жа-сайды.
Осындай оқулықтарды
оқыған
словян тектілер
Қазақстаннан көшуге мэж-бүр болған көрінеді. Өзінің «пікірсымаған» езі туып өскен
Өскемен қаласында жүргізген сауалнамасының нәтижелерімен дәлел-дейді [14].
Қората айтқанда қазақ тарих ғылымының жаңа эдіснамалық қағидалары-ның
негізін қалаған академик М. Қозыбаев тарих ғылымының әлеуметтік және саяси
функцияларын дұрыс түсініп, жас ғылымдарға үлгі көрсетті. Әлбетте, ғыым даму
үстінде. Оның қоғам үшін, жастарды қазақстандық отаншылдық рухта тәр-биелеу үшін,
казақ халқының абройын асқақтату үшін атқарар қызметі шәш етек-тен. Сондықтанда
тарихшы қызыметтін атқару үшін адамга шынайы патриотизм, терең білімділік,
теориялық дайындық қажет.
Әдебиеттер
1. Методологические проблемы истории. / В.Н. Сидорцев и др. Под общ. ред. В.Н. Сидорцева. -
Мн.: «ТетраСистема» 2006. - с. 139.
2. Геродот. История. - Л ., 1972. - с. 12.
3. Қозыбаев М.Қ. Актаңдактар акиқаты. Учебное пособие. «Қазақ универ-ситеті». - Алматы,
1 9 9 2 .-5 6.
4. Боллингброк Г.С. Письма об изучении и пользе истории,- М., 1978. - с. 11.
5. Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. - М., 1978. - с.9
6. Назарбаев Н. Ә. Тарих толкынында. - Алматы, Атамура, 1999. - 4 б.
7. Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: Размышления и поиски. В двух томах. Книга пер
вая. - Алматы: Fылым, 2000. - с. 4.
8. Плутарх. Сравнительные жизнеописания. Т.З. - М., 1964. - с. 194.
9. История в «Энциклопедии» Дидро и Д. Аламбера. - Л., 1978. - с. 13.
Ю.Қозыбаев М.Қ. Ақтандақтар ақиқаты. Учебное пособие. «Қазак универ-ситеті». - Алматы,
1 9 9 2 .-3 1 6.
11. Булда сонда. - 33 б.
12. Артықбаев Ж.О. Қазакстан тарихы: Окулык-хрестоматия. - Астана: «Фоли-ант», 2000.
13. Қараңыз. Ковальченко И.Д. Методы исторического исследования. - М., 1987. - с. 57-60.
14. Ерофеева И. Роль новых учебников и современной системы образования в формировании ми
грационной ситуации в Казахстане//Современные этнополитические процессы и миграционная
ситуация в Центральной Азии [Электронный ресурс]//Сайт Московского Центра Карнеги.
17
Достарыңызбен бөлісу: |