Манашева еркежан каирдиновна



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі260,49 Kb.
#8734

 

ӘОЖ 811.512.122  



 

 

 



                          Қолжазба құқығында  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

МАНАШЕВА ЕРКЕЖАН КАИРДИНОВНА 



 

 

 



ҚАЗІРГІ АЙТЫС АҚЫНДАРЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

 

6N0205 – «Филология» 

мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі академиялық 

дәрежесін алуға магистрлік диссертацияның  

АВТОРЕФЕРАТЫ  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қазақстан Республикасы 



Өскемен  

2011  


 

Жұмыс  Д.  Серікбаев  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік 



техникалық университетінде орындалды. 

 

 



Ғылыми жетекші:  

филология ғылымдарының кандидаты, аға 

оқытушы Құсманова К.А. 

 

 



 

 

Ресми оппонент: 



филология ғылымдарының кандидаты,  

доцент Дүсіпбаева Қ.С. 

 

 

 



 

 

 



 

Ғылыми  жұмыс  2011  жылғы  21  маусымда  сағ.  13.00-де  070004, 

Өскемен  қаласы,  Серікбаев  көшесі,  19,  Г2-306  аудиториясында  Д.  Серікбаев 

атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  техникалық  университетінің 

жанындағы мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысында қорғалады.  

 

 



 

 

 



 

 

Диссертациямен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік 



техникалық университетінің кітапханасында танысуға болады.  

 

 



 

 

 



Автореферат 2011 жылдың «20» мамырында таратылды.        

 

 



 

Магистрлік диссертацияларды  

қорғау жөніндегі МАК хатшысы 

филология ғылымдарының кандидаты                                   Советова З.С.  

 

 

 



 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы 



 

Тақырыптың 

өзектілігі. 

Айтыс 


өлеңдерінің 

тілін 


лексика- 

грамматикалық, 

стилистикалық, 

коммуникативтік, 

прагматикалық 

ерекшеліктері  тұрғысынан  зерделеп,  сөздің  поэтикалық  табиғатындағы 

жұмсалу орнына,  тіркесімділік қабілетіне, жасалу жолына, айтылу жүйесіне, 

нормалану  үдерісіне,  әдеби  тіл  мен  көркем  шығарма  тілінің  ара  қатынасына 

назар аудару қазақ тіл білімінің бүгіндегі өзекті мәселерінің бірі болмақ. 

Қазіргі  айтыс  ақындарының  өлеңдерінен  сөз  өнерінің,  көркем,  образды 

ойлардың,  сөз  шешендігі  мен  шеберлігінің  тілдік  көрінісін  байқаймыз. 

Қазіргі  кезеңде  кемеліне  келген  әдеби  тіліміздің  ілгері  басып,  дамуына 

ақындық  теңізі  сияқты  айтыс  өлеңдерінің  де  орны  болғанын  ескере  кету 

қажет.  Көркем    сөз  өнеріне  үлес  қосқан  айтыс  ақындарының  өлеңдерін 

лексика-грамматикалық,  лексика-семантикалық  тұрғыдан  талдап  көрсете 

отырып,  әдеби  тілдің  нормаларын,  соған  сәйкес  эстетикалық  принциптерді 

қалыптастырудағы  орнын,  лингвопоэтикалық  ерекшеліктерін  анықтау 

зерттеудің өзектілігін танытады. 



Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - айтыс 

ақындары  тілінің  лексикалық  ерекшеліктерін,  яғни  стильдік - семантикалық, 

құрылымдық  жағын,  көркемдік  амал-тәсілдердің  экспрессивті,  эмоциялық 

бояуын,  фразеологизмдердің  сөз  саптауда  әр  түрлі  семантикалық,  тұлғалық 

өзгеріске ұшырап жаңаруын, сондай-ақ  морфологиялық, кейбір синтаксистік 

ерекшеліктерді  және  өлеңнің  құрылысын  анықтай  отырып,  ақындар 

айтысының  әдеби  тілдің  нормаларын  қалыптастырудағы  рөлін  көрсету. 

Аталған мақсатқа байланысты мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

 

- айтыс ақындары тілінде жалғастылық принципінің орын алуы; 



- айтыс өлеңдеріндегі басқа тілден енген сөздердің әдеби тілге қатысы; 

- фразеологизм мен мақал-мәтелдердің қолдану ерекшеліктерін және  әр 

ақынның өзіндік қолтаңбасы мен шеберлігін анықтау; 

- қазіргі айтыс тілінің поэтикалық табиғатын танытатын ерекшеліктеріне 

жүйелі талдаулар жүргізу; 

- айтыс өлеңдеріндегі морфологиялық ерекшеліктерді анықтау; 

- айтыс өлеңдеріндегі жартылай матаса байланысқан тіркестердің қолда-

нылу ерекшеліктері; 

- ақындар тіліндегі инверсия мен эллипсистің қолданылу ерекшелігі; 

- өлең құрылысындағы өзгешеліктерді анықтау. 



Зерттеудің нысаны. Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде: Қазіргі айтыс. 

Астана:  «Күлтегін»,  2004.  1,  2  т.;  қазақ  баспасөз  беттерінде  жарияланған 

қазіргі айтыс мәтіндері басшылыққа алынды. 

Зерттеудің  әдістері.  Зерттеудің  негізгі  әдіс-тәсілдері -  стильдік-

семантикалық  талдау,  тарихи  салыстырмалы  әдіс  және  баяндау,  салыстыру, 

ғылыми  тұрғыда  талдау.  Сондай-ақ,  жалпы  тіл  білімінде  қолданылатын 

лингво-стилистикалық әдістер басшылыққа алынды. 

 


 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:  

-  айтыс  ақындарының  фразеологизмдерді,  мақал-мәтелдерді  қолдана 

отырып,  тұрақты  тіркестердің  орнын  ауыстыру  арқылы  әдеби  тілді 

байытатын жаңа сөз қолдану үлгілеріне талдау жасалды;

 

-  айтыс  өлеңдеріндегі  көркемдік  тәсілдердің  экспрессивтік,  эмоциялық 



бояуының аса жоғары болуы дәлелденді; 

- айтыс ақындары тілінде варианттылықтардың орын алуы анықталды;  

-  айтыс  өлеңдеріндегі  жартылай  матаса  байланысқан  тіркестердің 

қолданылуындағы өзгешеліктер анықталды. 



Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:  

-  қазіргі  айтыс  ақындарының  өзіндік  тілдік  айшықтары,  экспрессивтік, 

эмоциялық бояуының басымдылығы;

 

- халық тілі элементтерінің сөз - образға айналуы; 



-  айтыс  өлеңдеріндегі  көріктеуіш  құралдар,  фразеологизмдер,  мақал-

мәтелдер,  араб,  парсы,  орыс  тілі  арқылы  енген  сөздердің  эстетикалық 

мақсатта  қолданылуы,  кейбір  лексика-грамматикалық  тұлғалардың  стильдік 

қызметі; 

- айтыс ақындары тілінде морфологиялық варианттылықтың орын алуы; 

-  айтыс  өлеңдерінде  изафет  II  түрінің  қолданылу  жиілігі  және  оның  

белгілі бір стильдік мақсатта жұмсалу ерекшеліктері. 

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәні. Зерттеу нәтижелері осы 

сала  бойынша  жүргізілетін  лексикология,  көркем  мәтін  поэтикасы, 

стилистика, 

мәтін 


семантикасына 

қатысты 


еңбектерге 

теориялық, 

ұстанымдық негіз ретінде қызмет етеді. 

“Көркем  мәтінді  лингвистикалық  талдау”  атты  ғылыми  курстарға 

қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Сондай-ақ, орта мектептерде 

қосымша 


сабақтар, 

арнаулы 


курстар 

мен 


семинар 

сабақтарын 

ұйымдастырып,  онда  сөз  өнерінің  құдіреттілігін  танытуда,  адамгершілік -

эстетикалық  тәрбие  беруде  бұл  зерттеудің  теориялық  әрі  практикалық  мәні 

бар.

 

Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны келесі жинаққа енді:  



Манашева  Е.К.,  Құсманова  К.А.  Қазақ  айтыс  өнері  жайында.  «Жастар 

шығармашылығы 

Қазақстанның 



инновациялық 

дамуына» 

атты 

студенттердің,  магистранттардың,  аспиранттар  мен  жас  ғалымдардың  Х 



Республикалық  ғылыми-техникалық  конференция.  Д.  Серікбаев  атындағы 

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Өскемен, 2010. 

 

Зерттеу  жұмысының  құрылымы.  Зерттеу  жұмысы  кіріспеден,  екі 

тараудан,  қорытындыдан  және  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.  Жұмыстың 

негізгі мазмұны 75 баспа бетте баяндалған.  

  


 

Жұмыстың жалпы мазмұны  



 

Жұмыстың  бірінші  бөлімінде  қазіргі    айтыс  ақындар  тіліндегі 

грамматикалық  ерекшеліктері  қарастырылған.  Айтыс  қазақ  халқының 

ежелден  тұтынып  келе  жатқан  төл  өнері;  хан  деп,  қара  деп  бөліп  жатпай, 

мінін бетіне басып шындықты айтатын дегдар өнер.  Айтыс - қазақтың халық 

ауыз  әдебиетінің  тіл  байлығын  көрсететін  үлкен  бір  саласы.  Ол  -  суырып 

салма ақындық өнердің жемісі. 

Суырып  салмалық  айтыстың  пайда  болуы  мен  өзара  ұқсастығын  мал 

баққан  қазақ  және  араб  бәдәуи  тайпаларының  көшпелі  тұрмыс-тіршілігімен, 

этностық  дүниетанымымен  байланысты  қалыптасуы  мүмкін  деген  ойды 

айтыс тақырыбына алғаш қалам тартқан ғұлама ғалым Ш. Уәлиханов айтқан 

болатын.  

Айтыс  -  қазақтың  ауыз  әдебиетінің  үлкен  бір  саласы,  тарих  керуенімен 

ілесіп  келген  сахналық  сұлу  өнері.  Рас,  импровизациялық  поэзияның  басқа 

ұлттар  мен  ұлыстардың  рухани  мұраларында  кездесетіні  туралы  зерттеу 

еңбектерінде дәлел-дәйектер келтіріледі. Мысалы, Орта  Азияда айтыс үш-ақ 

халыққа:  қазақтарға,  қырғыздарға  және  қарақалпақтарға  тән.  Алыс 

шетелдерден Мадагаскар аралының халқы мальгаштарды атай аламыз. 

Қазақ  халқы  есте  жоқ  ерте  замандардан  бермен  қарай  қызыл  тілдің 

қасиетін  де,  құдіретке  толы  құндылығын  да  жақсы  білген.  Жақсы  біліп  қана 

қоймай,  сан  ғасырлар  бойы  көргенін-білгенін,  естіп-екшегенін  көкірегінде 

түйіп,  ақыл  таразасында  салмақтап,  көмейінде  балқытып,  буынсыз  тіл 

арқылы  бүгінгі  ұрпағына  қатпарлы  қазына  қалдырған.  Мұны  тілдің 

кумулятивтік қызметі деуімізге болады. 

Айтыс  -  өзіндік  тарихы  бар,  тағылымы  мол  ауыз  әдебиетінің  арнасын 

кеңейтіп  отырған  айтулы  өнер.  Айтулы  болатын  себебі,  айтыстың  өне  бойы 

өлеңмен  өріледі  және  ақиқаттан  аттамай,  шындық  шырқалады.  Екі  ақынның 

сөзбен іліп-шалуынан басталған бұл сайыс, елдің ең өзекті мәселелерін тілге 

тиек етеді. Осы екі ортада, ақын өрелі, өмірлік тәжірибесі мол зерделі болса, 

қазақтың  арғы-бергі  тарихы  жырланып,  екі  елдің  арақатынасы,  өмір  сүріп 

жатқан  қоғам  көріністері  сұлу  да  айшықты  сөзбен  көркем  де  құнарлы 

поэтика тілімен суреттеледі. 

С. Мұқанов айтыс қазақтың ескі заманнан келе жатқан ауыз әдебиетінің 

бір  кең  саласы  екенін,  айтыс  ақындары  өз  заманының  барлық  күнделікті 

тіршілігіне  араласып,  халықтың  жақсылығын  дәріптеуші,  кемшілігін 

сынаушы, тарыққанда ақылшысы, қуанғанда сайраушысы болғанын айтады. 

Айтыс - синкретті жанр. Оның аттаныс нүктесі эпостық шығармалармен 

төркіндес болып, ертедегі тұрмыс-салт өлеңдерінен бастау алып, әуен, мәтін, 

мақал, қимыл ерекше орын алады. 

Халық  ауыз  әдебиетінде  айтыстың  кең  тараған  түрлері  ретінде  жар-жар 

айтысы немесе қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, қайымдасып айтысу, 

бәдік айтысы, жұмбақ айтысы сияқты түрлері топтастырылып келеді. Қазіргі 

айтыс  ақындарының  ішінен  Аманжол  Әлтаев,  Айбек  Қалиев,  Мэлс 


 

Қосымбаев, 



Қуаныш 

Мақсүтов, 

Мұхамеджан 

Тазабеков, 

Оразәлі 

Досбосынов,  Бекарыс  Шойбеков,  Ақмарал  Леубаева,  Айнұр  Тұрсымбаева, 

Кәрима  Оралова,  Балғынбек  Имашев,  Дәулеткерей  Кәпұлы,  Ринат  Зайытов, 

Рүстем Қайыртайұлы және т.б. айтуға болады. 

Қазіргі  айтыс  өнерінде  бұлардың  ішінде  қыз  бен  жігіт  айтысы  және 

ақындар айтысы жиі көрініс тауып жүр. 

Айтыс  ақындары  тілінің  грамматикалық  құрылысы    қазіргіден  көп 

ауытқымаған.  Дегенмен  де  кейбір  тұлғалардың  қызметі  қолданылу 

барысында өзгеріске түскенін байқаймыз. 

Бұл  кезеңнің  тілінде  (морфологиялық  жағынан)  айрықша  көзге  түсетін 

ерекшелік - варианттылық  құбылысы.  

Біз  осы  тарауда  айтыс  ақындары  тілінде  жиі  кездесетін  грамматикалық 

тұлғаларға және олардың кейбір варианттарына кеңірек тоқталдық. 

Есімшеден    болған   болжалды   келер  шақтың  -ма-с-пын, -ме-с -пін, -



ба-с-пын,  -бе-с-пін,  -па-с-пын,  -пе-с-пін  деген  болымсыз  тұлғасының 

ықшамдалып қалыптасқан түрі  -ман, -мен, -бан,  -бен, -пан, -пен варианттары 

жиі кездеседі. Сирек болса да, басқа параллельдері ұшырасады. 

I жақ жекеше мәнде   айтыс  ақындарының тілінде де -ман, -мен,  -бан, -



бен, -пан, -пен тұлғалы етістіктер жиі қолданылады. Бұл тұлғалар - есімшеден 

болған болжалды келер шақтың болымсыз тұлғасынан  (-ма-с-пын, -ме-с-пін, 



-ба-с-пын,  -бе-с  -пін,  -па-с-пын,  -пе-с-пін)  ықшамдалып  қалыптасқан  түрі. 

Сондықтан  да  бұл  тұлға  үзілді-кесілділік,  жігерлілік  реңк  білдіреді.  Сондай-

ақ, бұл тұлға қазақтың ақын, жазушыларының эпос жырларының тілінде ғана 

емес,  қазіргі  кезеңдегі  жазба  әдебиетте  де  кездесіп  отырады.  Және  де  өлең 

жолдарында буын санын реттеу үшін де қолданылғандығы байқалады. 

Қазіргі  айтыс  ақындарының  тілінде  -тұрған,  -тұғын,  -тын,  -тін 

тұлғалары  да  кездеседі.  Осы  тұлғалардың  ішінде  ең  жиі  ұшырасатыны  -

тұғын  тұлғасы.  Бұл  форманттың  бұрыннан  қазақ  тілінде  қолданылып  келе 

жатқандығы  жайында  Н.И.  Ильминскийдің,  П.М.  Мелиоранскийдің,  А.Н. 

Кононовтың,  Ғ.  Мұсабаевтың  және  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  айтылып 

келе жатыр. Ал ғалым С.М. Исаев: “-атын, -етін, -итін, -итын  жұрнақтары 

арқылы  ауыспалы  өткен  шақ  есімше  жасалады:  бар-атын,  кел-етін,  қара-

йтын,  сөйле-йтін  т.б...  Бұл  жұрнақ  -  құранды  қосымша  -тын,  -тін  бөлегі 

тұрған  деген  көмекші  етістік  болған  да,  ол  -а,  -е,  -й  тұлғалы  көсемшемен 

тіркесіп  қолданып,  бара-бара  қосымшаға  айналып  кеткен:  бар-атын  деген 

сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін  бара-тұғын болып, одан баратын 

болып қалыптасып кеткен”. 

Айтыс ақындарының тілінде бірде ауыспалы өткен шақ, бірде келер шақ 

есімше  жасайтын  -тұғын  >  -тын  //  -тін  формалары  әдеби  тілдік  норма 

болғанын байқадық. 

Айтыс  ақындары  тіліндегі  тағы  бір  ерекшелік  жалғаулардың  түсіріліп 

қолданылуынан  көрінеді.  Бұдан  өлең  мазмұнына  ешқандай  нұқсан  келіп 

тұрған  жоқ.  Айтыс  өлеңдерінде  тілдік  жағынан  ерекшелік  танытып  тұрған 

жалғау  -  жіктік  жалғауы.  Жіктік  жалғауға  жақтық  сипат  жағынан  анықтама 


 

оқулықтарда  әр  түрлі  беріліп  жүр.  Жіктік  жалғаудың  грамматикалық 



категория  ретіндегі  толық  анықтамасын  ғалым  С.М.  Исаев  былай  береді: 

“Морфологиялық  көрсеткіш  ретіндегі  жіктік  жалғау  үш  жақтың  әр  жағында 

бөлек-бөлек  болып  түрленіп,  сол  арқылы,  бір  жағынан,  тұтас  біртектес 

грамматикалық  (жіктік)  мағынаны  білдіріп,  екінші  жағынан,  әр  жақты 

(жекеше  -  көпше  де)  әр  түрлі  грамматикалық  формалар  арқылы  бір-біріне 

қайшы  грамматикалық  мағына  білдіріп,  морфологиялық  түрлену  жүйесінің 

яғни  парадигмалық  жүйенің  жиынтығын  құрау  арқылы  грамматикалық 

(морфологиялық) категория болып танылады”. 

Жіктік жалғауының поэзияда қолданылуының өзіндік ерекшеліктері бар. 

Сөйлемнің бастауышы (жіктеу есімдігі) айтылған жағдайда жіктік жалғаудың 

қолданылмайтын кезі болады. Мысалы, Рүстем: 

Мен - қыран деп ағасы бөстің неге? 

Қоян алам деп тұрсың мына жерде. 

Немесе Айтбай: 

Ей, Рүстем, аш көзіңді, мен - Айтбай

Бөркіңді ұшырамын жел, құйындай. 

Iлгерідегі  мысалдарда  мен  -  қыран,  мен  -  Айтбай  дегендер  есім 

баяндауыштар,  олардың  жіктік  жалғаулары  түсіріліп  қолданып,  өлеңнің 

эмоционалдық-экспрессивтілік бояуын қалыңдата түскен. 

Ғалым  С.М.  Исаев:  “Бұның  үстіне  есім  сөз  таптарының  3-жақта, 

дұрысында,  1  және  2-жақта  жұмсалуында  да  белгілі  бір  ерекшелік  бар. 

Әдетте адамға қатысты зат есім, сын есімдер ғана жіктеле алады... Ал, адамға 

байланысты  емес  (айналадағы  жанды-жансыз)  заттарға,  сол  заттардың  әр 

түрлі сындық, сандық, сипатына байланысты сөздер бірінші айтушы я екінші 

(тыңдаушы)  жақ  бола  алмайды,  яғни  мен  үй-мін,  сен  тау-сың  деп  айтуға 

болмайды,  тек  кейде  жанды-жансыз  заттар  адам  мағынасында  түсініліп, 

әсіресе поэзияда экспрессиялық мәнде ғана қолданылуы мүмкін”, - дейді. 

Етістіктің  бұйрық  рай  тұлғасы  ерекше  жіктелетіндігін  айта  келе,  ғалым 

С.М.  Исаев  былай  дейді:  “Сонымен  бірге  ауыз  әдебиеті  нұсқаларында, 

ақындар  шығармаларында,  кейбір  аймақтағы  сөйлеу  тілде    бұйрық    райдың  

2-жақ  жекеше  анайы  формасы  ретінде -ғын, -гін, -қын, -кін қосымшасы да 

жұмсалады:  сен  бар-ғын,  айт-қын,  кел-гін  т.с.с.  Бұл  тұлға  кейбір 

ортағасырлық  жазба  ескерткіштер  тілінде  (мысалы,  “Мұхаббат-намеде”), 

алтай,  ұйғыр,  қарақалпақ  сияқты  қазіргі  түркі  тілдерінде  де  қолданылып 

отырады”.  Айтыс  ақындары  тілінде  де  бұйрық  райдың  2-жақ  жекеше  анайы 

формасы  ретінде  -ғын,  -гін,  -қын,  -кін  қосымшасы  кездеседі.  Мысалы, 

Дәулеткерей: 

Келген жерден сөйлейсің өктем-өктем, 

Шамаң келсе жібергін жерге қағып. 

Немесе Баянғали: 

Тыңдағын қайран достым құлақ салып, 

Кетпегін бұл сөзіме ашуланып. 

Я болмаса Бекарыс: 



 

Айтатұғын кісінің өзіне айтқын



Делбезек кісідей шалықтамай. 

Iлгерідегі  мысалдарда  (сен  жібер-гін,  кетпе-гін,  сен  тыңда-ғын,  сен 



айт-қын)  бұйрық  райдың  2-жақ  жекеше  анайы  формасы  ретінде  -ғын,  -гін,  -

қын  қосымшасы  жұмсалып,  белгілі  бір  стильдік  мақсатта  қолданылып, 

өлеңге  экспрессивтік  мән  үстеп  тұр.  Сондай-ақ,  ақындар  шығармаларында  -



қын,  -кін,  -ғын,  -гін  қосымшаларын  қолдану  он  бір  буынды  өлең  өлшеміне 

негізделген. 

Айтыс 

ақындарының 



тілінде 

жанды-жансыз 

заттардың 

адам 


мағынасында  түсініліп  1-2-жақта  жіктеліп  келуі,  жіктік  жалғауының  1-2-

жақта  түсіп  қалуы  буын  санын  реттеп,  өлеңнің  экспрессивтік-эмоционалдық 

бояуын  күшейте  түседі.  Сондай-ақ,  2-жақта    жекеше    анайы    формасы  

ретінде бұйрық райдың -ғын, -гін, -қын, -кін қосымшасы да жұмсалады.   

Соныме  қатар  айтыс  ақындарының  тілінде  изафет  II  деп  аталатын 

тіркестер,  яғни  (бірінші  сөз  ілік  септік  жалғауынсыз-ақ  келесі  сөзбен 

тіркесуі) жартылай матасу жиі қолданылады. Мысалы, Бекарыс: 

Домбыра  күйі деп ойлар еді,  

Көрмеген даусын есітіп тұрса тыста. 

Немесе Әсия:  

Сөздеріңді сөйлеп қал, 

Ақ құйрық шай буындай. 

Желбіреткен тұлымды, 



Егемендік туындай. 

Изафет II айтыс ақындарының тілінде аса өнімді тәсілдердің бірі ретінде 

көрініс  беріп,  өлең  жолдарының  ұйқасын  реттеп,  буын  санын  өлеңнің 

құрылысына орайластырып тұр. 

Айтыс  өлеңдерінде  анықтаушы  сөз  бен  анықталушы  сөздің  орын 

алмасып  келуі  де  кездеседі.  Түркі  тілдерінде  анықтауыштың  орны  көбінесе 

тұрақты  екені  белгілі.  Айтыс  өлеңдеріндегі  инверсияланған  анықтауыштар 

бірде  өзара  орын  алмасып  келсе,  бірде  анықтаушы  сөз  бен  анықталатын 

сөздің  арасына  өзге  сөйлем  мүшелерінің  келтірілуі  арқылы  да  жасалады. 

Әдетте, анықтаушы сөз анықталушы сөздің алдында тұрады. 

Айтыс  ақындарының  тілінде  көбінесе  етістік  баяндауыштар,  инверсия 

жасап, тармақтың ортасында келе береді. Мысалы: 

Туған жер көркейеді шырайланып. 

Қаңғырған  ілдірмеймін қаршығаға. 

Балапанын ұшырып қиясына. 

Қолыңа тәуелсіздік қонды құсың. 

Жапалақ иемденер басқан ізін. 

Iлгерідегі  мысалдарда  баяндауыштарды  инверсиялау  ырғақ,  ұйқас 

талабынан туған және де стильдік мақсатты да көздей орындалған. 

Сонымен,  айтыс  өлеңдерінде  бастауыштың,  баяндауыштың  және  т.б. 

сөйлем  мүшелерінің  инверсияға  ұшырауы  ұйқас,  ырғақ,  өлеңнің  әуезділігін 

сақтау  талабынан  туған.  Және  де  екпін  түсіру,  ой  екпіні  түскен  кезде  сөзді 



 

басты  тармақ  етіп  орналастыру,  тыңдарманның  назарын  аудару,  стильдік 



таңдаудың  болуы  айтыс  өлеңдерінің  синтаксисін  ерекшелендіріп  тұр.  Ал 

жеті,  сегіз  буынды  тармақтардағы  инверсия  арқылы  негізгі  ойға  көңіл 

аударуды,  тыңдаушыға  эмоциялық-экспрессивтік  жағынан  әсер  етуді 

көздейді. 

Айтыс  өлеңдерінде  фразеологизмдерге  қарағанда  мақал-мәтелдердің 

компоненттері  эллипсиске  жиі  ұшырайды,  яғни,  белгілі  бір  сыңарлары 

түсіріліп қолданылады.  

Эллипсис  сөйлемнің,  ойдың  ықшамдығын,  әсерлігін,  өткірлігін 

арттырады  десек,  айтыс  ақындары  халықтың  бай  қазынасын  игере  отырып, 

мақал-мәтелдерді,  фразеологизмдерді  орнымен  орайластыра  қолданып, 

олардың  бір  компонентін  түсіріп,  ықшамдаған.  Мысалы,  Серік  сегіз  қырлы, 

бір  сырлы  тіркестерінің  бір  ғана  (сегіз  қырлы)  компонентін  қолданады. 

Мысалы: 

Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың,  

Қай жерден болжамайсың тынарыңды. 

Ілгерідегі  мысалдарда  сөз  тастап  кету  (эллипсис)  ұйқас,  буын  санын 

сақтау мақсатында қолданылған. Мақал-мәтелдерде эллипсиске ұшырайтын - 

көбінесе,  қайталанып  келген  сөздер.  Түсірілген  сөздер  айтпаса  да  түсінікті, 

себебі эллипсиске  ұшырап отырған тұрақты тіркестер - көпшілікке танымал, 

байырғы  қолданыстар.  Тұрақты  тіркестер,  мақал-мәтелдер  -  тіл  нормасында 

өзгеріске  түспейтін  құрылымдық-семантикалық  тұрақты  элемент.  Дегенмен 

де  ілгерідегі  мысалдарда  олар  өзгеріске  ұшырап,  кейбір  компоненттері 

ықшамдалған. 

Эллипсиске 

ұшыраған 

тұрақты 


тіркестердің, 

мақал-


мәтелдердің  мағынасы  көбінесе  контексте  айқынырақ  сезіледі.  Контекссіз 

өмір  сүру  қиын.  Түсірілген  компоненттер  мағыналық  қабылдауға  ешқандай 

нұқсан  келтірмейді.  Ал  қолданылған  сол  сыңарлар  өлең  өлшемін  реттеуге 

қызмет  еткен  және  көркемдік  бояуын  да  жоғалтпаған.  Сонымен,  мақал-

мәтелдердегі,  фразеологизмдердегі  инверсия,  эллипсис  тәсілдері  оларға 

ықшамдылық,  жинақылық  сипат  беріп,  дауыс  ырғағын,  екпінін,  өлеңнің 

ағымын  жеңілдетеді,  оны  қысқартып,  ұстартып,  мәнерлей  түседі,  тілге 

орамды, құлаққа жағымды етеді. 

Жұмыстың  «Қазіргі  айтыс  ақындары  тіліндегі  көркемдік  тәсілдердің 

қолданылу  ерекшеліктері»  деп  аталатын  екінші  бөлімінде  қазіргі  айтыс 

ақындарының  тіліне  тән  ерекшелік  ретінде  тілдік  санамызда  қалыптасып, 

ұлттық 


сөз 

байлығымызды 

ерекше 

танытатын 



фразеологизмдерді, 

метафоралы  сөз  қолданыстарды,  теңеулерді,  эпитеттерді  сөз  сайыстарында 

ұтымды пайдалануы қарастырылған. 

Қазіргі айтыс ақындарының қай-қайсысын алсақ та, өз айтыс үлгілерінде 

фразеологизмдерді  көркем  сөзге  нәр  беретін  функционалдық-стильдік 

қолданыс ретінде шебер пайдаланады. Мысалы, Оразалы: 



Кәдімгі ескі сөздің ұлығы деп,  

Жәкеміз туған жердің бір ұлы деп.  

Менде сенің басыңды багалаймын, 

10 

 

Ердің ері егеудің сынығы деп.  



Жақында Президент келеді деп,  

Оңтүстіктің өлкесі дүрлігіп жүр.  

Біраз басшы мұрнынан сүрініп жүр, - дейді. 

Жалпыхалық  тілінде  тұрақталған  фразеологизмдерге  жаңа  тіркес  құрау 

айтыскер ақындардың даралығы мен шеберлігін танытады.  

От  ауызды,  орақ  тілді  ақындар  халықтың  бай  тілдік  қазынасын  игере 

отырып,  аз  сөзбен  көп  мағына  беретін  мақал-мәтелдерді  сөз  орамдарымен 

өріп келтірген және де оларды авторлық өңдеуден өткізіп, яғни бір сыңарын 

синоним  сөзбен  немесе  мағынасы  басқа  сөзбен  алмастырып,  сөз  сыналатып, 

жаймалап  қолданған  және  т.б.  жаңартуларды  байқаймыз.  Сондай-ақ, 

бұрынғы  мақал-мәтелдің  негізінде  жаңа  мақал-мәтелдер  жасап,  соны  сөз 

оралымдарын ұсынған. Мысалы, Бекарыс: 

Егер де шеше тұрып қыз сөйлесе

Бойжеткені дейтұғын оған халқым. 

Ал, бүгін сіз тұрғанда мен сөйлесем, 

Балаңның ержеткені болар бәлкім. 

Я болмаса: 

Қолтығынан демеу боп аруақ тұрған, 

Жақсының жақсылығын айт деген бар. 

Немесе Балғынбек: 

Мұхамеджан ақырын жолда тұр ғой, 

Аты әйгілі алашқа ол да ақын ғой. 

Атақтымен көрейін арпалысып, 



Көз қорқақ болғанмен, қол батыр ғой.  

Жоғарыдағы  мақал-мәтелдерде  қазіргі  айтыс  ақындарының  “  Егер  де 



шеше  тұрып  қыз  сөйлесе,  Бойжеткені  дейтұғын  оған  халқым.  Ал,  бүгін  сіз 

тұрғанда  мен  сөйлесем,  Балаңның  ержеткені  болар  бәлкім”  дей  отырып, 

“Әке  тұрып  ұл  сөйлесе”  мәтелін  “бүгін  сіз  тұрғанда  мен  сөйлесем”  сөзімен 

алмастырып  қолданады.  Немесе  «Қолтығынан  демеу  боп  аруақ  тұрған, 

Жақсының  жақсылығын  айт  деген  бар»  дей  отыра,  «жақсының  жақсылығын 

асыр» сөзін «айт» сөзімен алмастырған. 

Сөз  бейнелеу  тәсілдерінің  бірі  -  теңеу  дейтін  болсақ,  ол  -  қазіргі  айтыс 

ақындарының тілінде жиі кездесетін құбылыстардың бірі. 

  Қазіргі  айтыс  ақындар  тіліндегі  теңеулердің  көпшілігі  -дай,  -дей 

жұрнақтарының  жалғануы  және  секілді,  сықылды  септеуліктерінің  тіркесуі 

арқылы жасалған. Мысалы, Аманжол:  

Алаштың аян тұттым баталарын, 

Даламның тұғыр тұттым жоталарын. 

Иіген аруанадай асыл халқым, 

Алдыңа келді, міне, балаларың.  

Я болмаса: 

Қыз едің қырдағы елдің ырысындай, 

Жақсы ақын әз алаштың тынысындай. 



11 

 

Жібек қыз жанарыннан айналайын, 



Жарқ еткен Махамбеттің қылышындай.  

Аманжол халқын, жұртын аруанаға теңеп, ал Жібек ақынды қырдағы елдің 

ырысына, әз алаштың тынысына, Махамбеттің қылышына балайды. 

Айтыс  өлеңдерінде  көп  қолданылатын  көркемдік  бейнелеудің  бір  түрі  - 

метафора. Метафора әр түрлі сөз таптарынан жасалады. Соның ішінде ең жиі 

кездесетіні  -  зат  есім,  сын  есім  және  т.б.  сөз  таптары.  Зат  есімнен  болған 

метафораларды  адамға  қатысты,  жануарларға  байланысты,  құс  атауына 

байланысты және т.б. бөлуге болады. 

Метафораның  тағы  бір  ерекшелігі  көбінесе  ауыспалы  мағынада 

қолданылатындықтан  мысалдау,  кейіптеу  сипатында  болады.  Ақындар 

тілінде  айрықша  және  ең  көп  метафораланатын  -  құс  атауына  және  жылқы 

малына  байланысты  ауыстырулар.  Жігітті  алғыр  қыран  құсқа  (лашын, 

қаршыға,  сұңқар,  бүркіт  т.б.),  ал  қызды  сол  қыран  ілетін  айдындағы  аққуға, 

сұқсыр  үйрекке,  сүйкімділікті  аңғартатын  қоңыр  қазға  балау  халық 

поэзиясында бұрыннан бар. Мысалы, Әсия: 

Айтыста қос аққудай сәніміз бір, 

 

Айтылар өз халқына әніміз бір. 



 

Сонымен, айтыс өлеңдеріндегі метафора арқылы ақындар ойын көркем 

де, әсерлі, айқын жеткізе алған. 

Айтыс  ақындары  тілінде  эпитеттің  көркем  түрлері  кездеседі.  Эпитет 

бірыңғай  портрет  құрайтын  теңеу,  метафоралармен  тіркесіп  келіп  бір-біріне 

көркемдік ықпал жасайды. Мысалы, “Дәулеткерей мен Баянғали айтысында”: 

Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім. 

Немесе: 


Сүйенген қызыл тілге шын сорлы өзің. 

Немесе: 


Бал-бұл жанып жанып барады екі бетің, 

Сақталған сабандағы сар қауынша. 

 

Адамның  мінезін,  жақсы  қасиеттерін,  өнері  асқандығын  немесе 



керісінше,  қарсы  ақынның  бет-әлпетін  (жалпы  сол  ортаның  адамдарын), 

көзге  олқы  көрініп  тұратын  жақтарын  келемеждеуде,  я  болмаса,  жер-көкке 

сыйғызбай 

мақтауда 

эпитет 

соматикалық 



атауларды 

әр 


қырынан 

айқындайды. 

Бір  сыңары  түр-түс  атаулары,  екінші  сыңары  зат  есім  болып  келген 

эпитеттер  айтыс  ақындары  тілінде  молынан  кездеседі.  Ақ  түске  байланысты 

айтыс  өлеңдеріндегі  аса  жиі  ұшырасатын  эпитеттер:  ақ  жамбы,  ақ  үй,  ақ 

орда, ақ марал, ақ найман, ақ кіреуке, ақ маңдай, ақ дидар, ақ білек және т.б. 

Ақ  сөзі  түс  мәнімен  бірге  түркі  тілдерінде  тазалық,  пәктік,  адалдықты 

білдіреді. Ақ түсінің басқа ауыс мағыналарын ғалымдарымыз өз еңбектерінде 

жан-жақты  талдап  көрсеткен.  Бұдан  басқа  ақындар  тілінде  жиі  кездесетін 

түстер:  қара,  қоңыр,  қызыл,  көк,  сұр,  боз,  қылаң,  кер  және  сирек  кездесетін 

түс - бөрте. Мысалы, Бекжан: 

Тұрамыз кер мінез сегіздіктен, 


12 

 

Атағы аспа сүйген серігім ең.  



Мұндағы  кер  сөзі  сын  есім  ретінде  адамның  мінезін  көрсетіп  тұр.  Кер  сөзі 

таулы  алтай  елінде  -  кер;  қырғыз  бен  ойрат  моңғолы  тілінде  -  кеhер; 

моңғолдың жазба тілінде - хэгэрэ; бурят моңғолы тілінде - хээр деп аталады.  

 

Эпитет  заттың  немесе  құбылыстың  сыр-сипатын,  ішкі  және  сыртқы 



көрінісін бейнелеп беруде ұтымды тәсілдердің бірі болған. 

 

Келесі  айтыс  ақындары  тілінде  сөздің  бейнелігі  мен  әсерлігін 



арттыратын  метонимия  десек,  қолда  бар  материалды  сұрыптап  қарағанда, 

метонимия  көбінесе,  зат  есім  және  сын  есімнен  жасалатынын  байқадық. 

Мысалы, бір ғана домбыра деген ұғымды беру үшін бірнеше сөз  тізбектерін 

былай қолданған екен. Айтбай ақын: 



Сырлы ағашын қолына ұстаған боп,  

Келіпті азап айдап бұл кім өзі?  

Немесе Баянғали: 

Бір ағашты құшақтап, 

Отырды кеп сипақтап. 

Я болмаса Ермек: 

Екі шекті қарағай қолға алып, 

Айтысып, көріселік сенімен мен.  

Немесе Айтбай: 

Қу тақтай екі ішекті алып келіп,  

Сайрайсың бұлбұлдарша әнге салып.  

Немесе Баянғазы: 

Қаздаңдатып саусақты,  



Қос ішекті қағайын. 

Осы мысалдардағы “сырлы ағаш”, “бір ағаш”, “екі ішекті қарағай”, “қу 

тақтай екі ішекті”, “қос ішекті” немесе “көтерген жаңқа ағашын ақындар 

көп” деген сөз қолданыстары бір ғана домбыра ұғымына сыйып, өлеңнің 

ұйқасын, әуезділігін арттырып тұр.  

Айтысушы  ақындар  жеңу  мақсатында  елінің  игі  жақсыларының, 

өздерінің,  тіпті  туған-туыстарының  жеке  бас  кемшіліктерін  де  тілге  тиек 

еткен.  Яғни,  таз,  соқыр,  саңырау,  ақсақ  және  т.б.  көзге  олқы  көрінетін 

жақтарын айтып бас мінеуге барысқан. Айтыста бұндай мінеп-шенеуді теріс 

деп  санамаған,  керісінше,  жеңіске  жетудің  бір  амал-тәсілі  ретінде  қараған. 

Мысалы, Бекарыс:  

Кем-кетік жиналыпты таз бен соқыр

Әрқайсы өз пайдасын ойлап отыр. 

Немесе Баянғали: 



Ақсақ пен өңшең саңырау, таз жиылып, 

Қоғамның бетін бұрып тар қапазға.  

Я болмаса, Мұхамеджан: 

        Соқыр көз, аш ауыз, таз келеді, 

Қаңқылдап құс алдынан қаз келеді. 


13 

 

Iлгерідегі мысалдардағы таз, соқыр, ақсақ, саңырау - адамдар. Сын есім 



заттанып барып метонимия жасап тұр. Басының алақандай тазы, ақсақ аяқ, 

естімейтін құлақ, көрмейтін көз, яғни, бөлшек арқылы бүтінді көрсетіп адам 

деген ұғымға сыйып тұр. 

Қорыта  келе,  зерттеу  нәтижелері  бойынша  төмендегідей  тұжырымдар 

шығарылды: 

-  айтыскерлердің  коммуникациялық  актісінде  сөйлеуші  (айтыскер 

ақын)  тыңдаушысының  (қарсыласының)  ден  қойып  тыңдауына,  табан 

астында  тапқыр  жауап  айтатын  ұтымды  әзілдері  мен  терең  иірімді  ұлттық 

идеологияны  насихаттайтын  ой-пікірлеріне  иек  арта  отырып,  өзінің  сөйлеу 

тактикасын 

қарсыласының 

сөйлеу 


тактикасындағы 

ақпараттар 

мен 

ситуацияға сәйкес жүйелейтіндігі нақты деректермен дәйектелді; 



-  қазіргі  айтыс  ақындарының  қай-қайсысын  алсақ  та  қоғам  өмірінің 

жетістіктері мен келеңсіздіктерін, ақиқаты мен шындығын, жалпы қоғамдық 

ахуалды  таңбалайтын  қоғамдық-саяси  лексиканы  шұрайлы  да  бейнелі, 

образды  да  айшықты  куатты  поэтика  тілмен  дәйектеп,  өз  айтыс  үлгілерінде 

мақал-мәтелдерді, 

фразеологизмдерді 

көркем 

сөзге 


нәр 

беретін 


функционалдық-стильдік  қолданыс  ретінде  шебер  пайдаланғандары  нақты 

мәліметтер негізінде жүйеленді; 

- қазіргі  айтыс  тіліндегі  етістіктің  тіркесімділігі  өлең  мәтініндегі 

етістікті  сөз  тіркестері  қимылдың  сапасын  салыстыру  мәнін  білдіреді. 

Бағыныңқы  сыңарлары  табыс,  жатыс,  көмектес  жалғаулы  сөздер  мен 

басыңқы  сыңарда  есімше,  етістіктің  өзге  де  түлғаларының  келуі  арқылы 

қимыл-әрекеттің  тура  объектіге  бағытталатындығы  (жинауға  болатын  нақты 

зат  атауының  көрсетілуі,  іс-әрекеттің  нендей  нәрсеге  қатысты  екендігі, 

қандай заттың қатысымен істелетіндігі) айқындалды; 

        - айтыс өнерінде прагматикалық күрделі құрылым айтыскер ақындардың 

тек  қана  өзара  коммуникациялық  қарым-қатынас  құралы  ғана  емес,  қоғам 

мен  адам,  ұлттық  арман-аңсар,  ұлттық  бірлік  пен  ынтымақтық,  ұлттың 

рухани  және  материалдық  этномәдени  болмысы,  қазақ  тілінің  мемлекеттік 

мәртебесі  мен  қолданылу  аясы,  қоғамдық  сана  және  адамдардың 

психологиялық  жай-күйі,  ауылдардың  әлеуметтік  жағдайы,  жер  асты  табиғи 

пайдалы  қазбалардың  ел  игілігіне  жұмсалу  жағдайы,  халқымыздың  біртуар 

тұлғаларының  ұлт  тарихындағы  игі  істері  сияқты  келелі  мәселелерді 

тыңдарман  қауымға  мол  ақпарат  бере  отырып,  қарсыласының  осы 

мәселелерге  байланысты  қызығушылығын  оятып,  оның  прагматикалық 

реакциясын  туғызу  үшін  де  қолданылудың  негізгі  құралы  екені  талдауға 

түсті.  Яғни  ақпаратты  жай  жеткізу  ғана  емес,  белгілі  бір  дәрежеде 

қарсыласын  прагматикалық  қатысым  мен  қабылдауға  итеретін  құралдарды 

тиімді  пайдалана  отырып  жеткізуді  негізгі  нысан  етеді.  Прагматикалық 

процесте  ақпараттық-коммуникациялык,  жағдаятты  қабылдаумен  ғана 

шектелмей,  тілдің  негізгі  ықпал  тудырушы,  әсер  етуші  қызметтерін  басты 

назарда ұстайтынына бүгінгі айтыс өнері айқын дәлел бола алады; 



14 

 

- қазіргі  айтыс  ақындары  қоғамдағы  сан  алуан  ахуалдың  қатпар-



катпарларына  барлау  жасай  отырып,  жағымсыз  көріністерді  өткір  сынмен, 

ұтымды әзіл қалжыңмен бейнелеуді өздерінің тиімді тәсілдердің бірі ретінде 

қолдану жолдары айқындалды; 

- бүгінгі  айтыс  ақындары  қолданатын  сатира  мен  әзіл-қалжыңның 

прагматикалық  сипаты  адамдарды  жақсы  істерге  жүмылдыруға,  жұрт 

жүрегінде кайырымды сезімдер туғызуға, ақиқат пен тәртіпке құрылған жаңа 

қоғам  орнатуға,  қоғам  мен  адамның  келеңсіздіктері  мен  көлеңкелі  тұстарын 

өткір  де  әзіл  тілмен  сынап-мінеуге  ықпал  ететін  прагмалингвистикалық 

категория; 

- сөздің  көп  қырлылығы  қара  сөз  арқылы  да  поэзия  арқылы  да  көрініс 

береді. Поэзия үрдісінде көрініс беретін айтыс өнерінің поэтикалық табиғаты 

сөз  оралымдарының  бейнелігін,  көркемдігін,  образдылығын  құрайтын 

поэтикалық тіл арқылы айқындалады; 

Зерттеу  жұмыстың  нәтижелері  қазақ  тілінің  рухани  мәдени  лексикасын 

оқыту  бағытындағы  когнитивті  лингвистикамен  қатар  көркем  мәтін 

поэтикасы,  лексикология,  семантика,  стилистика  пәндерінің  теориялық 

материалдарын  толықтыруға  және  тіл  мен  қоғамның  арақатынасын  айырып 

тануға негізделген тілдің әлеуметтік мәселеріне байланысты тұжырымдарды, 

көзқарастарды кеңейтетін деректер негізінде қолдануға болады. 

Зерттеу-нәтижелерін  практикалық  тұрғыдан  әлеуметтік  тіл  білімі, 

лексикология,  көркем  мәтін  поэтикасы  сияқты  пәндердің  практикалық 

сабақтарында,  осы  бағыттағы  арнаулы  курстарда  және  түсіндірме, 

этнографиялық,  фразеологиялық,  этимологиялық,  екі  тілді  сөздіктерді 

құрастыруға кеңінен пайдалануға болады.  

Тіл  мен  таным  сабақтастығында  когнитивтік  тізбектегі  жүйелілік  пен 

аракатынастарды орнату мәселелерінінің деңгейіне орай «ақыл-ой (сана) - тіл 

ішкі таным (репрезентация) - концептілеу - категориялау - қабылдау» сияқты 

іргелі  ұғымдар  жүйесінде  де  көрініс  беретін  синкретті  айтыс  өнері 

әдебиеттану  ғылымының  аясында  халық  ауыз  әдебиетінің  құнарлы 

тармақтарының бірі ретінде жан-жақты ғылыми айналыска түскенімен, қазақ 

тіл  білімі  саласында  айтыс  тілінің  ерекшелігі  тұрғысынан  жүйелі  зерттеу 

нысанына іліккен жоқ. 



15 

 

РЕЗЮМЕ 



 

Тема магистерской диссертации – Языковые особенности  

современных акынов айтыса  

 

Ключевые  слова:  современные  акыны  айтыса,  языковые  особенности 

употребления, заимствованные слова, эпитеты, фразиологизмы, пословицы. 

Цель  исследования  -  выявить  языковые  особенности  современных 

акынов  айтыса  и  показать  их  роль  в  формировании    норм  литературного 

языка. 

Объект 

исследования. 

В 

качестве 



объекта 

исследования 

руководствовались  следующей  литературой:  Қазіргі  айтыс.  Астана: 

«Күлтегін», 2004. 1, 2 т.; тексты современного айтыса, изданные в казахских 

периодические изданиях. 

Методы 

исследования. 

Основные 

методы 

исследования 



-  

стилистическо-семантический  анализ,  исторический  сравнительный  метод  и 

трактовка,  сравнение,  научный  анализ.  Также  руководствовались  лингво-

стилистическими методами, использующимися в общем языковом знании. 



Новизна исследования:  

-

 



анализированы  примеры  использования  современными  акынами 

айтыса  новых  обогащающих  литературный  язык  слов,  которые  используют 

фразеологизмы, пословицы меняя положение устойчивых словосочетаний; 

 

-  доказана  высокая  экспрессивность,  эмоцианальность  преукрашиваний 



художественных  методов в стихотворениях акынов айтыса; 

- определены вариантности в речи современных акынов айтыса; 

-  выявлены  особенности  применения  полувзаимоподчиненных  словосо-

четаний в стихотворениях айтыс. 



Научные положения, выносимые на защиту:  

-  преобладание  экспрессивности,  эмоцианальной  окраски,  личностных 

языковых особенностей в стихотворениях современных акынов айтыса;  

- превращение элементов народного языка в слово - образ; 

-  применение  украшающих  приемов,  фразеологизмов,  пословиц,  слов 

пришедших  из  русского,  персидского,  арабского  языков  в  эстетических 

целях, а также  лексико-грамматических стилей; 

- морфологическая вариантность в речи акынов айтыса; 

-  частота  применения  изафет  II  в  стихотворениях  айтыса  и  его 

особенность применения в некоторых стилевых целях. 



Практическая 

ценность 

работы. 

Результаты 

проведенных 

исследований 

в 

данном 


направлении 

можно 


применять 

в 

курсе 



лингвистических  дисциплин,  при  проведении  семинаров  и  спецкурсов  по 

лексикологии, казахской литературе в вузах. 

 

Усть-Каменогорск, 2011 



Казахстан 

 


16 

 

RESUME 



 

Undergraduate thesis – Language peculiarities of modern aytis akins   



 

Key  words:  modern  aytis  akins,  language  peculiarities  of  using,  borrowed 

words, epithet, phraseologisms, proverb. 

The  purpose  of  the  work    reveal  language  peculiarities  of  modern  aytis 

akins  and show their role in forming standarts of literature language. 



The object of the study. Following literature used as an object of the study: 

Modern  aytis.  Аstana:  «Kultegin»,  2004.  1,  2  volumes.;  texts  of  modern  aytis 

publicized in Kazakh periodical magazines. 

The  methods  of  the  study.  The  main  methods  of  research  -    style-semantic 

analysis,  hystoric  comparative  method    and  interpretation,  comparison,  scientific 

analysis,  also  used  lingual-style  methods,  witch  using  in  general    language 

knowledge. 



Obtained results and novelty:  

-  analyzed  examples  of  using  new  words  enriching  literature  language  by 

modern aytis akins, such as fraseologisms, proverbs, changing steady combination 

of words; 

 

- proved high emotion of artistic method’s decorates in poems of modern aytis 



akins; 

- defined variations in speech of modern aytis akins; 

- defined peculiarities of using half inter subordinate combination of words in 

poems of modern aytis akins. 

 Scientific positions:  

-  predominance  of  high  emotion  of  artistic  method’s  decorates  in  poems  of 

modern aytis akins; 

- changing people elements of language to word-form; 

-  using  decorate  ways,  fraseologisms,  proverbs,  russian,  arab,  persian  words 

in esthetic aims, also lexical-grammatical styles; 

- morphology variation in speech of modern aytis akins; 

- often  using  isafet II  in poems of  modern aytis akins and his peculiarities of 

using in some aims. 

Practical  significance.  Results  of    researches  in  this  direction  can  to  use  in 

lingual  course,  seminars  and  special  course  by  lexicology,  Kazakh  literature  in 

universities. 

 

 



 

 

 



Ust-Kаmenogorsk, 2011 

Kazakhstan 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет