Alikhan Bokeikhan University
Гуманитарлық факультет.
ОСӨЖ №3. Көшпеліліктің қалыптасуының алғы шарттары: Табиғи-географиялық фактор, әлеуметтік –мәдени фактор
Орындаған:Буданова А.Т.
Тобы:ОВИ-201
Мақсаты: Студенттер көшпеліліктің қалыптасуының алғы шарттары: Табиғи-географиялық фактор, әлеуметтік –мәдени фактор нәтижесін талдау.
Негізгі сұрақтар:
Көшпеліліктің қалыптасуының алғы шарттарын талдау.
Табиғи-географиялық факторды анықтау.
Тапсырма: Полеолит,мезолит,неолит энолит тақырыптарына сипаттама жасау. Тарих –археологиялық ескерткіштердің зерттелу тарихына эссе түріндегі рефлексия дайындау .
Көшпелілік мәдениеті сонау ата -бабамыздан қалған мәдениетіміз.
Көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті. Қазақ қоғамындағы көпшілік тайпалардың атауы өте әріден белгілі. Мысалы, үйсіндер мен қаңлылар тарихи деректерде бұдан 2300 жыл бұрын аталса, найман, керей, жалайыр, қыпшақ, т.б. тайпалар тарих бетіне кейіннен, бұдан 1200 жыл бұрын шыққандығы белгілі. Сонымен көшпелілердің қалыптасуының алғышарттары қандай?
Көшпеліліктің қалыптасуының алғы шарттары, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты.
Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерлерінде жылына 500 миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында, ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса, (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы орта ғасырлардан XX ғ. басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық мәдени тұрпаты қалыптасты.
Әлеуметтік жіктелу. XVIII—XIX ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптың жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қанау бүркенішті әдістермен жүргізіліп, езгі түрінде болмағандықтан, таптың қарама-қайшылық шиеленіс те болған жоқ. Оның үстіне, туыстық қағидаға негізделген рулық қауым идеологиясы байларға кедей туыстарын қанауға мүмкіндік бермеді, кедейдің өз туыстасының шаруашылығында жұмыс істеуі де қанау мазмұнын туыстық пиғылмен жеңілдетті.
Қазақ қауымында басқа жұрттан келіп сіңген кірмелер, қоқсылар, аз да болса құл, күңдер болды. Қауымның бұл тобындағы кедейлерді қанау, оларға әлеуметтік қатынас рулас қауым мүшелеріне қарағанда қаталдау болды.
Қорытынды:Көшпенділер тарихы мол ,бай қазына.Халқымыз көшпенді атанып ,мал шаруашылығымен айналысқан.Көшпенділер үшін табиғи факторлар маңызды болған .Соған қарай олар қалыптасып көшіп қонған.Тағы да бір маңызды жайт ,көшпенділер туыстық қатынас ,таптың жікке бөлінуінің басы болды.Олар үшін туыстық қатынастар маңызды еді . Жалпы көшпенділер біздің тарихи мәдениетіміз.Қазақ халқын байырғыдан бері көшпенділер дейді
Берілген тапсырмалар бойынша Ежелгі тас дәуірі 3 ке бөлінеді ,олар :палеолит ,мезолит ,неолит.Палеолит-ежелгі тас дәуірі. Адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолитдәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген.
Мезолит-орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19 ғасырдың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9 — 5-мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б. 10 — 7-мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл дәуірде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді.
Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азиямен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.
Осы ғасырлар бөлігін дөп басып айта алмаймыз. Бірақ табылған ескерткіштерге сүйене ,ғылыми дәлелденген.Осы уақытқа дейін қаншама ескерткіштер табылды.Әр қайсысы белгілі бір кезеңді сипаттайды.Жалпы археологиялық ескерткіштер:
Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады. Солтүстік Қазақстан облысы ежелгі тұрғындарының жоғ. палеолит дәуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. 100-ден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениетін көрсететін көптеген коллекциялар жиналды. Қола дәуірінің заттық кешендері негізінде Г.Б. Зданович қола ғасырдың алатын кезеңі мен хронологиясын жасады, Петровтік мәдениет дербес өз алдына бөліп қаралды (1975). С.Я. Зданович Солтүстік Қазақстан облысы және көрші облыс материалдары негізінде қола ғасырдың аяқ шеніндегі Саргарин мәдениетін анықтады. В.Ф. Зайберт неолит кезеңінің А.е. материалдары бойынша Атбасар мәдениетіне жататын ескерткіштердің хронологиясын әзірледі, ал энеолит кезеңінің ескеткіштері Ботай мәдениетімен біріктіріле қарастырылды. А.А. Плешаков мезолит және неолит дәуірі материалдары бойынша тәжірибе-трассологиялық әдіспен ежелгі халықтардың шаруашылыққа қолданған кремнийден жасалған еңбек құралдарын қалпына келтіру ісін жүзеге асырды. М.К.Хабдулина зерттеген ескерткіштер негізінде номадтардың Ұлы даласы жүйесіндегі ерте темір ғасыры далалық Есіл өңірінің мәдени-тарихи оқиғаларын айқындап берді. Облыста сақталған — 171 А.е. ішінен Петропавл қ-нда бір нышан, Бескөл ауданында — 26, Булаевта — 3, Возвышенскийде — 1, Жамбылда — 17, Есілде — 50, Мамлютте — 1, Пресновта — 6, Сергеевте — 50, Аққайыңда — 3, Қызылжарда — 13 нышан бар. А.е. облысы су көзі — Есіл өзені бойында орналасқан. Мамлют ауданында 7 А.е-тен тек ерте темір ғасырына жататын жалғыз Мәңгісор ескі моласы ғана сақталған, Мамлюттегі қорғандар қазылды, ал қалған ескерткіштер жүргізген жұмыстар кезінде бұзылып тасталған. Мәскеу ауданындағы (қазіргі Шал ақын атынд.) ерте темір ғасырына жататын Бұлақ ескі қорғаны карьер қазғанда бұзылған. Преснов ауданында ерте темір ғ. және қола дәуіріне жататын 9 қабір ескерткіштері мен бір қоныс бар екендігі туралы мәліметтер болды. Қазіргі кезде ерте темір ғасырына жататын алты қабір орны мен кейбір қорғандар сақталған. Сергеев ауданы ежелгі тарихтың әр кезеңіне қатысты 74 А.е. бар екендігі белгілі. Оның 50-і сақталып қалған. Алты нышан ғыл. жұмыстар мақсатында қазылды, ал қалғандары а.ш. қызметі салдарынан жойылды немесе Сергеев су қоймасының астында қалды. Сергеев ауданыдағы көптеген ескеркіштерден Солт. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының ш. мен әлеум.-мәдени өмірін білдіретін коллекциялар табылды.
Меніңше бұл әлі бастамасы.Әлі қаншама сыры ашылмаған ескерткіштер жер астында.Ертеде адамды жерлеу кезінде ,әр ғасырдың мәдениеті,салты бірге жерленген.
Қорытынды :Біздің байлығымыз,тарихымызда.Ескерткіштер сол байлықтын кілті іспекті.Қазақстанның жер аумағында сан түрлі археологиялық ескерткіштер табылды. Және әр қайсысы белгілі бір мерзімнің тарихына қанық қылады.Тарихымызды зерттеп ,білу тарихшыларымыздың,,болашақ біздің қолымызда .
Достарыңызбен бөлісу: |