Тақырып: «Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті» КӨшпенділер өркениетін зерттеу мәселелері



бет1/3
Дата20.10.2022
өлшемі2,07 Mb.
#44382
  1   2   3
Байланысты:
Мәдениеттану қазақ мәдениеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану факультеті

Тақырып:

«Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті»


КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН
ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Көшпенділер туралы түсінік
алдымен отырықшы халықтар
арасында қалыптасты.
Б.з.д. Vғасырда өмір сүрген тарихшы
Геродот көшпелі скиф тайпаларының
тұрмысын мақтап жазады.Көшпелілердің
табиғат аясындағы өмірін басқа да антик
тарихшылар,философтар,орта ғасыр
ойшылдары сипаттайды.Оларға
табиғаттың төл баласы сияқты көшпенді
өмірі таза,қулық-сұмдықтан,отырықшықалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен
адал болып көрінді.
КӨШПЕНДІЛЕР МӘДЕНИЕТІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ:
Көшпелілер мәдениетінің бір ерекшелігі — олардың
мәдениетінің көбінесе синкретті болып келуінде .
Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар ,
одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл
Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен
әр түрлі себептер арқылы араласты . Сол аркылы
көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени
жетістіктерін қабылдады , өздерінің мәдени үлгілерін
басқа халықтарға жұғыстырды . Көшпелілер түрлі
мәдениеттердің бір-бірімен араласуына ,
жақындасуына қозғаушы күш болған , дәнекер
қызметін атқарған .
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады.
Археолог К.Ақышевтың пікірі бойынша,
Қазақстан жерінде көшпелі мал
шаруашылығының қалыптаса бастауы қола
дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни
б.з.д. IX—VII ғасырларға жатады. Осы
кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан
жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс
Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен
қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап,
жазда биік таулы жайлауларға көшу
қалыптасқан.
Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді.
Мысалы, А.П.Чулюиников деген зерттеуші: «Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды»
П. Кушнер: «Көшпелілерде «рулық мемлекет», феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды», — дейді.
XX ғасырдың 30-жылдары С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің
көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әр
түрлі нұсқада қайталанып, дамытылып келді. С. П. Толстовтың
пікірі бойынша: «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты
алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан
өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери
құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия
түрінде құрылды». «Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал
ма?» деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді.
Бір топ ғалымдар: «Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен
араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің
жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады», — дегенді
айтты. Екінші бір топ зерттеушілер: «Еуразия көшпелілері
патриархалдық-феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық
қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік
болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды», —деген
пікірді ұстанды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет