Мансабы: Жазушы Аймауытов, Жүсіпбек (1889-1931) қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі



Дата13.04.2023
өлшемі454,78 Kb.
#82558
Байланысты:
Реферат Жүсіпбек Аймауытов


Туғаны: 1889 Баянауыл ауданы, Павлодар облысы
Қайтыс болғаны: 1931
Мансабы: Жазушы
Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

Шығармалары

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ

Екі заман шекарасында көзін аша бастаған туған халқының ақылы, ойы, ары, баскөтерері болып, оның қамы үшін, тағдыры мен болашағы үшін бастарын тауға да, тасқа да соғып, ақыры бір кездерде біздің елді жайлаған зорлық-зомбылық дертінің, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болып кеткен арыстарымыздың қатарында Жүсіпбек Аймауытовтың орны ерекше. Жалпы көпшілік ұмыта бастаған, тек есімдері мен істері бірен-саран көзі ашық зиялылардың ғана есінде қалған тұста, олардың біртіндеп емес, топ-тобымен ел ортасына қайтып оралуы елі мен ерін бөлмейтін, азаматтық ойы бар жандарды қалай тебірентпес! Бірін күтіп жүргенде бері келіп, "ақ түйенің қарыны” бір-ақ күнде жарылды. Қанша бұлт басса да, ақыры ашылмай қоймайтын күн көзі жарқ етті. Əділдік, шындық дегендердің де өзініңшынмағынасынаиеболатынкездеріболады екен, солкезеңтуды.
Біз үшін саяси-қоғамдық дамудың ең бір күрделі жылдарында өмір сүрген бұл Азаматтарымыздың бүкіл шығармашылық еңбегін қазақ халқының азаттық жолындағы ұлттық мүдделерімен байланыстыра білгені қымбат. Олар ескішілдікке қарсы күресті, қараңғыда қамсыз ұйықтап жатқан халқын ояту үшін бірі "маса” болып ызыңдап, бірі "Оян, қазақ!” деп жар салды. өлең тілімен, өнер тілімен халқына үгіт айтып, оларды білім-ғылым, ағарту жолына үндеді. Патшаның отаршылдық саясатының халықтың тұрмыс-тіршілігін ғана ауырлатып қоймай, саяси құқығын да тежеп отырғанын айтты. Орыстың озық ойлы мəдениеті мен əдебиетін халық арасында кең насихаттады, орыс классиктерінің шығармаларын аударып, оларды өздерінің ағартушылық идеясына, азаттық жолындағы күресіне пайдаланды. Осы жолда олардың патша əкімшілігінен көрген қудалауы, зорлығы да аз емес еді. Бүгін біз оларды еске алғанда өз басының тыныштығын күйттемей, туған халқы үшін азапты өмір кешуді өздері қалап алған, тіршілігінің бəрі кейін солай лайықталып пішілген ер жүрек жандардың қайраткерлік қайсарлығы мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнеге, үлгі сөздеріне, тіпті бүгінгі ұрпақтың кəдесіне əлі де жарап жатқан еңбектерінеерекше ризалықпен, ылтипатпен қараймыз.
Осы топтың ішінде Жүсіпбек Аймауытовтың салмақты орны бар. Ол – ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Əдебиеттің əр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Жүсіпбек жаңа дəуірдегі əдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңаізденістерді орнықтырды.
Жүсіпбек Аймауытов 1889-жылы Семей губерниясының Павлодар уезінде, Қызылтау болысының бірінші аулында туған. Арғы аталары ауқатты болған деседі. Бірақ Жүсіпбектің өз əкесі Аймауыт та, оның əкесі Дəндебай дашағын шаруалы адамдар екен. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі аулында өтеді1. Ол ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. Тиіп-қашып əр қилы молдалардың (өзі айтуынша, Жүніс қожа, Шəймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан) алдын көріп, ескіше едəуір білім алады. Содан кейінгі біраз уақыт өзі де молдалық құрып, бала оқытады. "Қартқожа” романында Ж. Аймауытов бала молда ретінде өз өмірінің осы тұсын суреттеген.
1907-жылы Жүсіпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс мектебіне түседі. "Оспанның (Аймауыттың інісі. – С.Қ.) Серебрянников дейтін тілмашы мені тəуір көруші еді. Баянда соның үйінде жаттым. Баянда бір қыс оқып, екі бөлімін бітіріп, келер жылы Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық (с-хоз) школіне барып емтихан ұстадым”, – дейді ол2. Бірақ ауыл шаруашылық мектебінде ұзақ оқи алмайды. Бір айдай ауыл шаруашылық жұмысына қатысып, одан кейінгі екі ай ғана оқуға мүмкіндік алған Жүсіпбек мектеп режимі мен əділетсіздікке қарсы бой көтерген балалардыңқатарындаоқудан шығыпқалады.
Осыдан кейінгі біраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баяндағы мектептің үшінші класында оқуын жалғастырумен өткізеді. Содан 1911-жылы Керекугекеліп, екі класты орыс-қазақмектебіне орналасады. Əуелі сол мектепте, кейін интернатта білім алып, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1919жылы бітіреді. Жүсіпбектің алашордашылардың істеріне араласатыны да осы кез. Семейде ол "Абай” журналын шығарысады.
1919жылы Жүсіпбек Алашордадан бөлініп, Кеңес өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына өтеді. Семейде, Павлодарда партия, кеңес жұмыстарын атқарады. 1920жылы Қазақстан Кеңестерінің съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте (комиссардың орынбасары болып) қалады. 1921жыл Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, кейін "Қазақ тілі” газетінің редакторы болып істейді. 1922–1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі, ал, 1924-1926-жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол” газетінің редакциясында қызмет атқарады. Бұдан кейін 1926–1929 жылдары Шымкент педагогтік техникумының директоры болады. Ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жəрдем ұйымдастырып, жиналған малды "өзі пайдаланып кетті” деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы "Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар” деген сылтаумен
1 Жүсіпбектің туған жылы жайлы деректер əр қилы. С. Мұқанов "ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті” (1932) атты кітабында 1893-жылы туды деп көрсеткен. С. Садуақасовтың сұрақтарына берген жауабында өзі "сиыр жылының аяғында (1890 жылдар) тусам керек” (Қазақəдебиеті, 23-желтоқсан, 1988) дейді. "1890-жылдар” дегенінеқарағанда, бұл жылды ол да жобалап айтқан тəрізді. Ал сиыр жылы – жыл санау тəртібі бойынша 1889-жылға дəл келеді. Сонда ол 1889-жылдың аяғы болуы мөмкін. Кейінгі біраз деректерде де осы жылкөрсетіледі (С.Қ.). 2 Қазақəдебиеті. 1988. 23желтоқсан.
қайта тұтқынға алынады. Сөйтіп, 1931жылы 42 жасында, нағыз шығармашылықтолысқан кезіндеқыршынынан қиылды.
Жүсіпбектің өз айтуынша, оның туып-өскен ортасы өнерге жақын болған тəрізді. Оның болашақ жазушыға əсері мол болған түрі бар. "Ақат ағам екеуіміз де əрі молда, əрі етікші, ағашшы, əрі шимайшы, əрі домбырашы, əнші болып өстік. Əкем домбыра тартушы еді. Ақатты бес жасынан алдына алып отырып, домбыра тартып үйреткен еді. Біздерден үлкен екі апамыз болды. Ұлкені домбыра тартушы еді, хат танушы еді. Бізге өлең, əн үйреткен екі апамыз еді. Қадыкеш деген үлкен апамыз өлең де шығарушы еді, ұзатылатын қыз жолдастарына шығарған өлеңдерін ұрлап алып, оқи беруші едік. Байы өлген қатындарға шешем (Бəтима) жыр шығарып, үйретіп отырғанын жас кезімде құлағым шалушы еді”3, – дейді ол жоғарыда аталған С. Садуақасовқа қайтарғанжауабында.
Осындай ортада Жүсіпбектің əдебиетке құмарлығы ерте оянады. "Ауылдағы өзім құрбы балалардан хатты ерте таныдым…. -Хисса, өлең кітаптарды көп оқушы едім. Қадыкеш апамның бір сандық хиссасы бар еді. Қыстың ұзақ кештерінде алғашқыда Қадыкешке, соңынан Ақат екеуімізге əкемхиссаоқытқызып отырушыеді”4, – дейдіолтағыда.
Алғаш өлең жазумен əуестенуін Жүсіпбек 13 жастан деп санайды. "Дұғалық жазатын кішкене қара шолақ кітапшама тіленші шалға есігін ашпаған бір кемпірді, көшкенде байталға мінбеймін деп əкесін ренжіткен қызды (ол Жəмікен деген апам ғой) өлең қып жазып қойғанымды əкем көріп, маңдайымнан иіскегені əлі есімде. Содан соңғы өлең жазғаным 19-20 жастар кезім болса керек. Бір бала молдамен айтысып, өлең жазғаным бар. 1912жылы жазған өлеңдерім ескі дəптерімде əлі сақтаулы. Абайға еліктеппін. Ең алғаш басылған сөзім – 1913жылы болса керек, бір ақымақ алыпсатардың болыс болам деп, елге бір месте шай апарып, елдің қулары болыс қоямыз деп, шайларын алдап алып, бос қайтқанын жазып едім. Бұл хабар "Қазақ” газетінде басылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен себеп болды. 1916жылы қазақтан жұмысшы алудың артынан пьеса жаза бастадым. Алғаш жазған 5 перделі пьесам (Нұрғали Құлжанов ұнатпаған соң) жарыққа шықпады”, – депжазғанол.
Жүсіпбектен қалған мұра аса бай. Оның ішінде "Қартқожа”, "Ақбілек” романдары, "Күнікейдің жазығы” повесі мен көптеген əңгімелер, "Рабиға”, "Мансапқорлар”, "Сылаң қыз”, "Ел қорғаны”, "Қанапия-Шəрбану”, "Шернияз” атты пьесалар, өлеңдер мен "Нұр күйі” поэмасы, балаларға арналған ертегі кітапшалар, сын мақалалар мен көптеген аударма кітаптар, оқулықтар бар. өз кезіндегі газет-журналдар бетінде Жүсіпбек жазған мақалалардабірсыпыра.
Осындай жан-жақты талант иесі Жүсіпбек жаңа дəуірдегі қазақ əдебиетінің бастауында тұрып, өзінің замандастары Сəкен, Бейімбет, Ілияс,
3 Қазақəдебиеті. 1988. 23желтоқсан. 4
Мұхтар, Мағжан, Сəбиттермен бірге көптеген жаңа жанрлардың негізін салуғақатысты. Əсіресе, оның прозамен драматургиядағы орныүлкен.
Жүсіпбектің "Қартқожа” романы тұңғыш рет 1926-жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл – ауылдағы қарапайым қазақ азаматының өмірін, оның əлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ əдебиетінің алғашқы көлемді шығармасы. Онда қазақ аулының революция алдындағы жəне əлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Əсіресе, жазушы осы тартыстар талқысында қарапайым қазақтың қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, əлеуметтік əділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың негізгі кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шытырман оқиғаларға толы тұстарындағы қазақ аулы өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917жылғы февраль революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі əлеуметтік күрестерге араласуы, "Алашорданың” құрылуы, Октябрь революциясы мен азамат соғысының оқиғалары роман сюжетіне желі боп кіреді. Шығарма қаћарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгерібасады, болашаққақарайды.
Қартқожаны жазушы бірден озық идеялы жаңа қаћарман етіп жібермейді. Бар тіршілігі теңсіздік, жоқшылықпен өткен қазақ шаруасының баласы өмір талқысына түсіп, біртіндеп көзін ашады, өмірден сабақ ала отырып өседі. Оның бəріне себеп – ХХ ғасыр басында туған əлеуметтік революциялар дəуірі. Егер ол болмаса, Қартқожа да əкесі Жұман тəрізді шағын шаруасын күйттеген момын шаруаның бірі болып қалар еді. өскен ортаның саңылаусыз қараңғы, көнтері тіршілігі Қартқожаны да əуелде əке жолына салғалы тұрғаны романда бірден көрінеді. Екі жеңі сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да тазармаған, болпиған, анау-мынауды елең қылмайтын, ұстамды, момын, аңқау бала даланың жайбарақаттығын бойына жинап өскелі тұрғандай елестейді. Бірақ ойшыл, оны-мұны көргіштігі тағы бар.
Көшпелі тіршілік пен рушылдық-ағайыншылдық қарым-қатынас қазақ ауылындағы қайшылықтарды сырт көзге бірден көрсетпей, жасырын ұстауға тырысқанымен, ел ішіндегі таптық жік, қоғамдық əділетсіздік, əсіресе, кедейлер өмірінде көзге түспей қалмайтын еді. Қартқожа да есін жия келе осыны көре біледі. Ол өзін кемсітіп, əлімжеттік жасай беретін бай балаларының қылығына қоса, əкесінің əлділерден көрген қорлығын да ойына түйіп өседі. Əлділерге қарсы істер дəрмен өзінде де, əке қолында да жоғы ызаландырады. Кейде: "Əттең, менің кедейлігім-ау! Əйтпесе, солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса, малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатындакүнболар маекен?” депкіжінеді.
Қожа-молда алдына барып сабақ алу, намаз, құран оқып құдайға жалбарыну да Қартқожаны кедейліктен, зорлықтан құтқара алмайды. Ендігі оның арманы – орысша оқу болады. Бірақ бұл – ауылдың кедей баласының қолы жете бермейтін ұзақ жол, тек арман ғана. Қартқожаның Уфа медресесінің шəкірті мен Жүніске кездесуін суреттеу арқылы жазушы оның көкейіндегі арманды ұлғайта түседі, қаћарманын іштей ұзақ ізденіске дайындайды.
Қартқожаның шындықты, əділдікті тануы жолында 1916жыл оқиғаларының маңызы бар. Əуелде патшаға, болысқа қарсы топты көріп, қызықтаған ол бірте-бірте сол іске өзі де араласады. өйткені, жасын өсіріп жазып, болысоныда майданның қаражұмысына алуға жазыпқояды. Осы бір көтерілісшілерімен бірге жүрген күндер Қартқожа үшін үлкен мектеп болғанын көреміз. Бұрын ауыл маңынан ұзамаған бала көп ішінде жүріп, халықтың əрқилы тобын, олардың мінез-құлқын, тіршілігін таниды. Болыстың елге жасап отырған əділетсіздігін, зорлығын көреді. Соған қарсы батыл қол көтерген Дəрмен сияқты азамат жігіттер де ел ішінде барын біледі. "Дүниеде болыстан жауызжанжоқ… Дəрмен біліп жүр екен. өлтірер ме еді!” деген ойҚартқожа басынасондакеледі.
Бірақ құр ызаланған, кектенгені болмаса, Қартқожа ондай кек алу жолына шығаалмайды. Көтерілісбасылып, өзісолдатқаалыныпкетебарады. Баласының көтеріліске қатысқаны үшін жаза тартып, бар малынан айырылып, сорлы əкеқалабереді.
Қартқожаның рухани өсуіне жол ашқан – солдат өмірі. Бұл кезде ол тыс жерде, көрмеген ортада жаңа өмір кешеді, қараңғылықтан жарыққа шыққандай сезінеді. Оның көзін ашып, оң мен солын тануына себеп болған Андрейді ол өлгенше есінде сақтайды. Патшаның тақтан құлауынан кейін елге қайтқан Қартқожа ендігі жерде оқусыз, білімсіз өмір сүру мүмкін еместігін үғынады. Қол қысқалықтың қырсығынан ара-тұра кəсіп қуа жүріп (Баян, Семей, Омбы арасында), ол оқуын жалғастырады. Алашордашылардың тарауы, большевиктердің келуі, қашқан ақ əскерлерінің қылықтары оның əділет, бостандық туралы ұғымдарын толықтырады. Осылардың нəтижесінде ол халық, ел тағдыры, оның досы кім, жауы кім екендігі жайлы ойлануға жетеді. Роман соңында Омбыдан елге оралған Қартқожа ел алдында жігерлі сөз сөйлеп, елді еңбекке, іске шақырады. Ескіні күштеп қиратып, жаңаны мықтап тындырып жатқан қаћарман əрекеті көрінбегенмен, Жүсіпбек Қартқожалардың өмір талқысынан өтіп, əділдік жағын табуын, жаңа дүниеге шығуын суреттеу арқылы жас қазақ əдебиетіне жаңақаћарманның келгенін əйгіледі. Оныңістейтін ісіəліалдаеді.
Қартқожа романда жалғыз емес, оның алды-арты, өскен ортасы, айналасы шығармада жақсы суреттеледі. Əсіресе, оған адамгершіліктің, азаматтықтың, жігіттіктің туындай көрінген қайратты Дəрмен (ол соғыста қолға түсіп, жау қолынан атылады), Қартқожаның оқып, адам болуына көмектесіп жол сілтеген Хасен, окоп жұмысында бірге болған Андрей, кейін Омбыда оны интернатқа орналастырып, оқуына жəрдемдескен Полидуб бейнелері Қартқожаны толықтыра түседі. Əсіресе, Андрей, Полидубтармен кездесулер арқылы жазушы жаңа қоғам орнату жолындағы күресте қол ұстасып бірге жүрген орыс-қазақ халықтарының достығын, орыс адамдарының қарапайым қазақ баласының оң мен солын тануына көмектескенін орынды бейнелейді. Қартқожа Андрей мен Полидубты жақсы көріп, əрдайым еске алып жүреді.
Романда айрықша көзге түсетін нəрсе – көшпелі қазақ аулы өмірінің жүдеулігі, қоғамдық əділетсіздік. Мұны біз Қартқожа туып-өскен ортаның, отбасылық тіршіліктің, ескі ауылдағы əлдінің əлсізге жасаған зорлығы фактыларынан, осы негіздегі қақтығыстардан танимыз. Талапты Қартқожаны оқытпай, ауылға байлап қойған да – осы жоқшылық. "Тастаған шоқпар сорлыға тиеді” дегендей, қырсық та Жұман үйін айналдырып, жұт та алдымен осыларды жалмайды. Кедейдің барлы-жоғын жұтатқан қыс суреті жазушының шебер қолымен жасалған, ол жайсыз табиғат көріністерін көз алдыңа жайып салады. "Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпейді. Қас қараяр-қараймастан күн батыстан шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштай жаман, жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарысып, темір қазықтантаймай, ызғырадыдатұрады”.
Жүсіпбек реализмі ел тіршілігінің, халық тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын жұмсартпай, оның ұнамды-ұнамсыз жақтарын кең суреттейді. Қартқожаның көтерілісшілер ортасында болған кездегі көргендері, жасақтың жиналып, тау арасында босқа жатқан күн көрісі жалпы көшпелі елдің бейжай, берекесіз тіршілігін еске салады. Біреулер уақытты қалай өткізерін білмей, ұсақ-түйекпен алданса, енді біреулер тамақ аңдып, таласып-тармасып жатқаны. өзбасымен ойлап, жоспарлы күрес жүргізіп, ұйымдастырып жатқан ешкім жоқ. Жиналғандар не істерін білмейді. Осындай берекесіз тіршілікке, рулық талас-дауларға алданған жұрттың жеңіске жете алмай, ыдырауы да заңды еді. Қартқожа осыны көреді. Ыдырыс қажы ауылында да ол дағдарған елдің "тасаттық” беріп, босқа шығынданып жатқанына, молданың өз құлқынын көздеген шариғатының алдамшылығына куə болады. "Қазақтың қан жылап жатқаны мынау. Құзғындардың, "жақсылардың”, "адамдардың” түрі анау, мыңдаған, миллиондаған азамат ажалға кетіп барады. Жүздеген жауыздар масайрап, тамақтан басқа қамы жоқ, елді еміп жатады. Олардың жауыз баласы үшін біз жанымызды құрбан етеміз. Не өтесісі, не жақсылығы үшін? Əділет, теңдік, адамшылыққайда?” – деп ойлайды Қартқожа.
Осы жағдайлар біртіндеп Қартқожаны халық жағдайы, оның тағдыры, болашағы туралы ойларға алып келеді. Оның саналы күреске бет бұруына негіз болады. Жазушы оны шығарма соңында ашық айтады. "Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтарға қазақтың неше Жайдархандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та, орыс та Андрейдің, менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді-ау, – деп бір мезет ойлайды. Бірақ ол мүмкін бе? Барлық адам баласының "мінезін, құлқын, жүрегін бір қалыпқа салып шығаруға бола ма?” – деп жазады Жүсіпбек. Бұл үзіндіден халық тағдырын ойлау дəрежесіне көтерілген роман қаћарманының адамды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілігі тұрғысынан бағалайтын адал бауырмалдығын көреміз. Сонымен бірге ол өмірдің бір қалыппен жүрмейтін күрделілігін де түсінеді.
Шығарма қаћарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкіл романның пафосы жатыр. Автор қазақ ортасынан шыққан жас Қартқожаны "елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі – жалынды жастардың” (автордың арнау сөзінен) қатарынан көргісі келеді. Оның халықтық ойларыҚартқожабейнесі арқылы өрбіп дамиды.
Шығарманың шұрайлы тілі – жазушы шеберлігінің айқын көрінісі. Ондағы суреттер ел өмірін, дала тіршілігін, ондағы адамдар ұғым-түсінігін оқырманның көзалдынажайып салыпотырады.
Бұл – "Қартқожаның” жалпы идеялық, тақырыптық маңызына қоса қазақроманыныңтарихындағы көркемдік рөлінде, жаңалығын даашатүседі.
"Ақбілек” – жеке кітап болып басылып үлгермеген шығарма. Ол кезінде "Əйел теңдігі” журналының 1927–1928жылдар ішіндегі бірнеше санында жарияланған. Бірінші рет 1989 жылы Жүсіпбектің таңдамалы шығармаларыішіндежарықкөрді.
"Ақбілек” тақырыбы жағынан "Қартқожа” романымен үндес. Егер "Қартқожада” жазушы ескі қоғамдық құрылыс жағдайында теңсіздікте күн кешкен қазақжігітінің құлдықтан құтылып, азаттық күрес жолынашыққанын суреттесе, "Ақбілекте” де осы идеяны жалғастырады. Мұнда феодалдықрушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бақытын табуы, тең құқылы азамат болуы бейнеленеді. Романның басты кейіпкері Ақбілек əкесіне өшіккен Мұқаш деген жігіттің көрсетуімен қашқан ақ əскерлерінің қолына түсіп, бірқатар қорлық көреді. Одан кейін өз аулында əйелді қолжаулық көрген ортаның азабын шегеді. Ақыры Ақбілек ағасының көмегімен қалаға кетіп, оқу оқып, бақытын табады. Бұл Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа заман туралы ұғымын, соның арқасында кедейлер мен əйелдердің теңдікке ұмтылып, күрес пен бақыт жолынашыққанын суреттеугеталабындəлелдейді.
Осы оқиғалар негізінде Жүсіпбек сол бір аласапыран жылдардағы қазақ аулы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, тынымсыз ізденісті кең бейнелейді. Ескі ауыл мен оның адамдары бойындағы қайшылықты күйлер мен ұғымдар тартысының суреттері, психологиялық толғаныстар жазушы реализмінің байлығын, суреткерлік қарымының кеңдігін көрсетеді. Роман кейіпкерлері заманмен, дəуірмен қабаттаса өзгеріске ілеседі, қоғамнан өзіне лайық орын іздейді. Ол орынды бірі тауып, бірі таба алмай жатса да, жалпы ізденістің беталысы елдің рухани оянуға ұмтылысын аңғартады. СолардыңалдыңғылегіндеАқбілекдегенінежетеді.
Ақбілектің ауылдың етекбастылығынан, алып-қашпа өсек-аяңынан құтылып, қаладан бақытын табуы – жаңа саясаттың жемісі. Ол – білім алып, қатарға қосылған алғашқы қазақ əйелдерінің өкілі. өткеніне, өзі өскен ортаға бүгінгінің көзімен қарайды. "Оқымаған əйел қор ғой. Қапастағы құстай ғой?” деп ойлайды өзінің бүгінгі күйін өз ортасынан аса алмай қалған Кəмиламен салыстырып. Ақбілек пен Балташтың жарастықты жаңа өмірін жазушы басқаларға үлгі етеді. "Ақбілек көрген-білгенін Балташқа айтып келеді… Сөйлескен сайын бірінің білгені біріне ауысады. Кейде Балташ баяндама, отчет жазғанда салмақты Ақбілек көтереді. Ақбілек бірдемеге алданып жатса, Балташ барып тамақ əкеледі. Екеуі бірге күйінеді, бірге сүйінеді. өйткені, дененің басқалығы болмаса, екеуі бір кісіміз деп ойлайды”, деп жазады ол.
Ол – бұрынғы қазақ əйелі басында, əйел мен еркектің арақатынасында болмаған жай. Жаңа өмір əйелді осыған жеткізді, əйел мен еркекті бір қатарға қойды. Кешегі жуас, ұялшақ Ақбілек өнерлі жастардың қатарына қосылып, тек "ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы” атанды. Ақсақалдың өзі де именеді одан. Туған еліне оралып, Алтайдың тауына шыққан Ақбілекке онда өткен өмір ауыртпалықтары, "алай-түлей қараңғы қара күндер барсакелмеске біржола кеткендей, анау алыста, етекте біржола қарасы өшкендей көрінеді. Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнəдəн тазарып, сонау жетіқат көктегі ғарышқа барып, жүрегін алтын легенге малып тұрғандай, анадан жаңадантуғандай тазарады”.
Бүкілшығарманың идеясы автордыңосы сөздеріндежатыр.
Əрине, Ақбілектің бұл күйге жетуі оңай бола салған дүние емес. Жазушы оның қайшылықты тағдырын жеңілдетпей, үлкен психологиялық образ дəрежесіне көтере біледі. Қыздың ақ солдаттарының қолына түскен кездегі, Қарамұртпен кездесулеріндегі жан күйзелісі романда жарқын суреттелген. Осындай күйзелістерде ол жаттың қолына түсіп масқара болғанын намыс көріп, күйінеді, ел бетіне көрінуден жасқанады, өлім тілейді. Бекболатпен қайта тіл табыса бастаған кезде əкесінің үйленуі, оның рулық тартыстарға жақтасып, Бекболатқа қызын беруден бас тартуы, жүкті болып қалу жағдайлары Ақбілек басына түскен ауыртпалықты қоюлата түседі. Міне, осындай үлкен азап жолын өткен қыздың психологиялық күйіне жеңіл қарау да мүмкін емес. Жүсіпбек жасаған образдың ішкі монологқа, толғанысқа құрылуы да осыдан. Көбіне жазушы қыз қайғысын оны қоршаған айнала, табиғат көріністерімен астастырып, кейіпкер басына түскен ауыртпалықтың үлкен бір суретін жасайды. Ақбілек жау қолына түсіп, Қарамұртпен алғашқы кездескентүнсуретімынандай:
"Ұйтқып соққан ызылдақ жел. Ай жоқ. Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғырмақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтыратындай, аш тауықша селдір жұлдызтарыларын бір-бірлепқылқыпжатыр. Жұлдыздармен біргеүмітсəулелері дебір-бірлеп батыпбаражатқандай” .
Романның композициясында, жазылу əдісінде ешқандай қалыптасқан дағды жоқ. Бұрын үлкен прозасы болмаған əдебиетте ондай дағдының болуы да мүмкін емес. Бекболат, ақ офицері, Мұқаш бейнелерін жасауда, портреттерін, ішкі ой-сезімдерін ашуда жазушы олардың өз ұғымына сүйенеді, кейіпкердің монологы үлгісін пайдаланады. Романның төртінші бөлімінің уақиғалары, яғни, Ақбілектің жаңа өмірі екі əйелдің (Ақбілек пен Кəмиланың) əңгімесі түрінде жалғастырылады. Кейде күнделік араласып кетеді. Əсіресе Ақбала – Ақбілек – Балташ арасындағы қарым-қатынасты суреттеуде жазушы осы үлгіге көбірек жүгінеді. Мұның бəрін образ ашудың жолдары ретінде қолданады. Сондықтан ондағы образдар даəрқилы, жарқын. Солардың іс-əрекеті, тіршілігі негізінде сол кездегі қазақ аулы өмірінің шындығын, оған біртіндеп кіре бастаған өзгерістер мен жаңаруларды көркем бейнелейді. Осы ретте Ақбілектің атастырылған, өзара көңілі жарасқан жары, момын, тағдыр өлшемінен аса алмаған Бекболат, кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып, пайдаға құныққан Мұқаш (тегі кедей жігіттің кейін өз қателері жайлы ойлана бастағаны да нанымды), қаладағы əрқилы типтерден ескі беделін сүйеніш қып жүрген Ықаң мен Тыпаң, жаңа дəуір адамдары – Ақбала, Доға, Балташ, Жорғабек, тағы басқалар жап-жақсы əсер қалдыратынын айтуға болады. Жаңа өмір құрудың күрделілігі жас азаматтарды да əрқилы жолға салып, екшеп жатқанын көреміз. Бұлардың бəрінен Балташ ақыл-ойы толысқан ұстамды қайраткер боп шығады. Басында едəуір үміт күттірген Ақбала нақты істен гөрі сөзге үйір, қиялшылдау болып кеткені көрінеді. Кеңес өкіметі берген беделін арақ пен қызқұмарлыққа салып, азған Доға да, тіршілігі ептеумен, жылпостықпен өткен Жорғабек те өмірден азаматтық жол таба алмайды. Осылармен алғашқы кездесуде (Төлеген үйінде) жазушы сол дəуірдің бірсыпыра өзекті мəселелерін, қазақ аулын кеңес жолына тартудың қайшылықты жайларын сөз етеді. Романдағы пікірлердің бір кезде басшылыққа ұнамай, күшпен басылып-жаншылып қалған əрқилы халықтық ойларды бүгінгі заманда еске түсіріп, оның шындығын, талас-тартыстың табиғатын түсінуде едəуір маңызы бар.
Романдағы ел тұрмысының, əдет-салттың суреттері де əр тұрғыда, əртүрлі жағдаймен байланысты жасалады. Осындайда эпизодтық характерлер де жарқ ете түсіп, əсер қалдырады. Мұқаштың əйелі Алтынайдың тіршілігі, Мұсабай аулындағы əйелдер (Бозінген, Күмісай), Мамырбайдың тоқалы өрік, тағы басқалар – тұрмыстық суреттермен байланысты көрінген бейнелер. Мамырбайдың жас тоқалы өріктің бұрынғы əйелден қалған балалармен тіл табыса алмағанын жазушы "Сара отығып, есейіп қалған бұзаудай бөтен енеге жуымады. Енесі де қасына таянса, аяғын серіппегенмен, иігендей, мекіренердей түрі жоқ еді” деген образды суреттермен қысқа түйеді.
Жазушының халықтық көзқарасы романдағы байлар мен кедейлер өмірін, олардың ара қатынасын, рушылдық, жікшілдік, пендешілік ұсақ мінездерден туған кикілжіңге əлеуметтік сыпат бере суреттеуінен көрінеді. Ол тұрмыс-салттың ұнамсыз жақтарына да, халықтық түріне де көңіл аударады. Əлділердің тарапынан əлсіздерге жасалып жатқан зорлықты көре біледі. Мұны Мамырбайдың үйленуіне Əбеннің араласуынан, Əбеннің айтуымен əкесінің Ақбілекті Бекболатқа бермей қоюынан бір көрсек, Əбен аулының жалшысы Қойшекеңнің мал соңында үсіп өлгені суреттерінен тағы танимыз. Мұндай көзқарасты танытатынэпизодтарромандабірсыпыра.
Таза қазақ аулының тіршілігін суреттейтін шығарма болғандықтан жазушы романға орыс адамдарын, басқа халық өкілдерін кіргізе бермейді. Орыс адамдарынан көрінетін – азамат соғысында жеңіліп, Қытайға өтуге бет алып, шекараға қарай шегінген азын-аулақ ақ əскерлерінің қалдығы. Оларды Жүсіпбек "ақ” деп, "жау” деп түстеп жатпайды, кім екенін ісі, əрекеті арқылы көрсетеді. Олардыңойынақофицерініңсырытүріндебаяндайды.
Оларды сол кездегі ауыл қазақтарының ұғым-түсінігіне лайықтап, "орыс” деп жалпылама атайды. Олардың қолына түскен Ақбілек те ешқайсысының аты-жөнін білмейді, "Қарамұрт”, "жирен орыс” деп сөйлейді. "Ағы” кім, "қызылы” кім, əлі талдап үлгермеген, бұрын олармен араласы болмаған, қараңғы ауыл қызы Ақбілектің, тағы басқа адамдардың "орыс” деп жалпылама сөйлеуі əдейі солай көрсету мақсатынан емес, сол дəуірдің шындығын бұрмаламай беру ниетінен туғаны байқалады. Мұны кезінде Жүсіпбектің дұшпандары одан "ұлтшылдық” іздеуге пайдаланды. Əрине, романның қала тіршілігін суреттейтін тұстарында, əсіресе, Ақбілектің қаладағы өмірімен байланысты оны жаңа типті орыс адамдарымен кездестірсе, артық болмас еді. Бірақ жазушы оған бармайды. Жалпы алғанда, "Ақбілек” – бір қыздың тағдыры негізінде əлеуметтік революциялар дəуіріндегі қазақ аулының жаңаруын суреттейтін алғашқы қазақ романының бірі.
"Күнікейдің жазығы” повесі 1928-жылы "Жаңа əдебиет” журналында жарияланған. Мұныңдатақырыбы – əйел тағдыры.
Шығарманың басты кейіпкері – қазақ қызы Күнікей еті тірі, пысық болып өседі. Атастырған күйеуін менсінбей, өзі сүйген жігітпен қашып кетеді. Повесть басталғанда біз оның жалғыз, қараңғы үйде күйзелісте жатқанын көреміз. Маңында адам жоқ, иесіз үй, ауру əйел, неге олай, күйеуі қайда? Туған-туыстары, балалары қайда? Жазығы не бұл əйелдің? Сөйтсек, жазығы – сүйіп, өз еркімен Байманға қосылуы екен. "Бала көтермедің, аурусың” деп, Байман Күнікейден безіп, жаңадан үйлену қамында жүрген көрінеді. Бұл Күнікей ауруына ауру жамап, жүрегін жаралайды. Жазушы бұл арқылы "қазақ əйелі теңіне қосылды дегенмен, əлі де теңдікке жетіп болған жоқ. Оған деген көзқарас өзгермеген. Елдің ескілікті тұрмысы, ұғымы əлі де қолбайлау болып, аяқты шырмап жатыр” деген ойғатірейді.
Повесть оқиғасы шегініс арқылы дамиды. Онда Күнікейдің жастық шағы, өскен ортасы, кедей отбасының жұпыны тіршілігі суреттеледі. Əкесі Құлтума – "құл” атанып, өмірін жалшылықта, Ордабайдың қойын бағумен өткізген момын адам. Кедей үйдің барлы-жоқты тіршілігін ұйымдастыратын
– шешесі Шекер. Шешенің тəрбиесімен пысық боп өскен Күнікейдің жаратылысы ешкімнен кем емес екенін, өз көңілін бай қызына бермейтінін жазушы нақты суреттер арқылы көрсетеді. Оның көш кезінде Шəмшидің тобында қатар жүріп, жарыста одан озып кететіні, Тыржықай қызының мінезі шəлкес байталын қуып ұстауы, əншілігі осыны байқатады. Көңілін бай қызына бастырғысы келмейтін, кейде одан артық екенін сездіргісі де келетін, оданжасқанбайтын Күнікейдің іс-əрекеті, қылығы нанымды беріледі.
Сонымен бірге, Күнікей жалпы қазақ қызын қор қып жатқан тұрмыстіршіліктің етекбастылығы өзін жоғары, арын таза ұстайды. Ауыл бозбалаларының ыңғайымен жүрмеген оған кейбір ақымақтар дұшпандық ойлап, онсыз да сорлы отбасына қастандық əрекеттер жасайды. Күнікей кеудесінде ыза, кек оянады. Бұл – жалпы ескілікке, көшпелі, жадағай тұрмыс тудырған əдет-салтқа қарсы оянған кек, соған қарсы күрес идеясы. Жүсіпбек ел өмірін суреттей отырып, көшпелі елдің жайбарақат, жауапсыз тіршілігінен туған мұндай жайларға көбірек үңіледі. Тұрмыс суреттерін оқи отырып, кейде күлесің, кейде ренжисің. Жоқшылық астында азып-тозып жатқан адамдар мораліне күйінесің. Күнікейдің осы ортадан таза, өзінің басын, адамдық арын қорғап шығып, Байманға қосылуы (онымен ұзатылған жерінен қашыпкетуі) – қазақ қызының өзтеңдігінқорғаудағы үлкенжеңісі.
Күнікей тағдырына қатысты көрінетін əкесі Құлтума, шешесі Шекер, күйеуі Тұяқ, сүйген жігіті Байман, тағы басқа бейнелер негізгі образды толықтыруға қызмет етеді.
Романда сол кездегі ел ішіндегі қыз ұзату, көшу, жастардың ойынсауық ұйымдастыруы, халықтық əзіл-қалжыңдар сияқты тұрмыстық суреттер мол. Ол өмір тануға, дəуір шындығын түсінуге қажет этнографиялық материалдар бола алады.
Ақ өлең үлгісімен жазылған шығарманың тілі Жүсіпбектің прозадағы жаңа бір ізденісін танытады. Оның ырғақты прозасы – ескі рухани тіршілігі өлеңмен байланысты болған халықтың жаңа жанрды игерудегі өзгеше талабы.
Жүсіпбектен қалған бірталай əңгіме бар. Олар: "Бетім-ау, құдағи ғой” (1918), "өмір деген осы ма”, "Мысыққа ойын, тышқанға өлім” (1923), "Елес”, "Оралдан пойыз өткенде”, "Қойшы Тастамақ”, "Жаңа өмірге аяқ басты”, "Жидебайдың баяндамасы” (1924), "Жеті азбан”, "Көшпелі Көжебай”, "Жол үстінде”, "Əнші” (1925), "Боранды болжағыш əулие” (1926), т.б. Бұлардың көбі сол кездегі газет-журналдар ("Сарыарқа”, "Қазақ тілі”, "Жас қазақ”, "Лениншіл жас”, "Еңбекші қазақ”, "Ақжол”, "Қосшы”, "Терме”, "Əйел теңдігі”) беттерінде жарияланған. Əңгімелерімен қатар бұл аталған баспасөз беттерінде Жүсіпбек қолынан шыққан өлеңдер, публицистикалық мақалалар, фельетондар дааземес.
Жүсіпбек əңгімелері, негізінен, жазушы өмір сүрген дəуірдің шындығын суреттеуге арналады. Оларда ел тұрмысындағы өзгерістер, адам психологиясындағы жаңалық, əлеуметтік теңсіздік пен оған қарсы күрес, өнер тақырыбы, уақыт, заман туралы толғаныс, т.б. мəселелер сөз болады. Жазушы жаңа шындықты кедейлердің теңдік алып, арқалы азамат қатарына қосылғанын көрсету арқылы бекітуге ұмтылады. Олардың жаңа қадамын құптайды ("Жаңаөміргеаяқбасты”, "Оралдан пойызөткенде”).
Сонымен бірге қоғамдық өзгерістің маңызын жете түсінбей жүрген белсенді типтер де Жүсіпбек қаламынан қағыс қалмайды. Əділетсіздікті, озбырлықты, зорлықты суреттегенде жазушы позициясы əділдікті жақтауға құрылады. Əлдінің əлсізге жасаған зорлығын ("Мысыққа ойын, тышқанға өлім”), өз ойы жоқ Көжебай сияқты көшпелі пікірлі жағымпаздарды ("КөшпеліКөжебай”) өткіршенейді.
Аласапыран, төңкерісті заманда өмір сүрген жазушының қоғамдағы əділетсіздіктерді көріп, ойланатын да кезі болады. Томаша көбелекті жейді, бозторғай тұрымтайға жем болады, құрт құмырсқаның аузына түседі, өрмекші шыбынды торға түсіреді, сұлу қызды жігіт алдап кетеді – осылардың сырына үңілген ол кейде "Дүние деген осы ма?” деген ойға қалады. Кезінде мұны "саясат тілінде торыққандық, түңілгендік, дүниені, қоғамды ұқпағандық дейді” деп бұрмалап түсіндірушілер де болды5. Бұл – жеке адамға табынушылық кезіндегі КазАПП-тың белсенді сындарының бағасы. өмір бар жерде қайшылықты құбылыстардың болатыны, оны түсініп, бағалаудағы өнер адамының сезімталдығы, сыршылдығы əсер ететіні, оның дұрыс түсіну қажеттілігі бүгін əркімге аян. Сондай қайшылықты суреттеуде Жүсіпбек қаламының сатиралық уыты аса күшті көрінеді. Оны біз "Елес” атты əңгімеден анық танимыз. Жазушы мұнда қаламы жүрмей отырған журналистің ұзақ қиналыстан кейінгі көз алдына келген елес арқылы дəуірдің көп шындығын ашады. Елес оған заман талабын түсіндіреді, қоғамдық саясатты терең ұқпай, көп нəрсені бұрмалап жүргендердің істерін ашып айтады. Ол уытты сөзін революциялық өзгерістің тереңіне бойламай, "күнде айғай, күнде даурық, желдеткен қараборан сөз” қуған баспасөз қызметкерлеріне, "ескі əдебиет, ескі мəдениет байдыкі, патшаныкі екен. Оларды жояйық!” деп жүрген белсенділерге, жаңа заман шындығын дəл танып жаза алмай жүрген дəрменсіздерге арнайды. Елеспен кездескен журналистің бейнесіндедеосындайтүсінбестік басым.
"Əнші” атты əңгімесін Жүсіпбек Əміре Қашаубаевтың өнеріне арнаған. Əңгіме кейіпкері Əмірқанның əншілік өнерін жазушы оның характерімен тұтастықта ашып көрсетеді. Əмірқанның əн айтқан кездерде аруақтанып, өзін өзі ұмытып, өнер дүниесінде қалқып жүретінін, оның жолдастық, азаматтық мінездерін, Ақтамақпен адал махаббатының сырын біз шығармадан жақсы танимыз. Солардың бəрін ашуда Жүсіпбек детальды жақсы пайдаланады. Оның бірінші жақтан айтылатын əңгімелерінде заман шындығы кейіпкердің ойы, сыры арқылы ашылады, алайда кейіпкер əңгімесі жазушы суреткерлігін тежемейді.
Жүсіпбек прозасы – жаңа дəуірдегі қазақ əдебиетінің алғашқы туындылары бола тұрып, оның байсалды, ойлы беталысын, көркемдік ізденісін белгіледі. Осы дəуір ішіндегі Сəкен, Бейімбет, Мұхтар шығармаларына қоса олпрозаныңөскелең бағытынажолсілтеді.
Жүсіпбектің драматург есебінде көзге түсуі де тым ерте басталған. Ол Семейде оқыған жылдары жастардың ойын-сауық кештеріне қатысып, домбыра тартып, əн салып, спектакльдер қойған, өзі басты рөлдерде ойнаған. 1917жылы 17-желтоқсанда Семейде оқитын жастардың əдеби кеші болып, онда Жүсіпбектің "Ескі тəртіппен бала оқыту”, "Рабиға” атты бір перделі пьесалары қойылған. Ол жөніндегі хабар кезінде жергілікті баспасөзде жарияланған. Кейін "Ел қорғаны” (1925), "Мансап-қорлар” (1925), "Қанапия мен Шəрбану” (1926), "Шернияз” (1926) аттыдрамалар жазған.
Жүсіпбек пьесаларының да негізгі тақырыбы – халықтың азаттығы идеясы. Ол феодалдық-патриархалдық салтты, қалың бұқараның қараңғылығын, мешеулігін сынап, оларды оқу, білім, өнер жолына үгіттейді. Бас
5 ТоғжанұлыҒаббас. Əдебиетжəнесынмəселелері. 1919. 142-б.
көтеретін азаматтарды да ел қорғаны болуға шақырады, əйелдердің бас бостандығын қорғайды.
"Рабиға” пьесасында ескі салт негізінде мал берген қойшы шалға тиген Рабиға деген жас əйелдің өмірі сөз болады. Əуелі бата бұзудан, ата-ана қарғысынан қорыққан Рабиға тағдырына мойын ұсынып бақса да, шалының ожар мінезіне (əр нəрсені сылтау қылып, жас əйелді ұра береді) шыдай алмай, одан кетуге мəжбүр болады. Ескі салт қосақтаған шалдан өз басына бостандық алып кетіп бара жатып, ол: "Кел, қазақтың күң қыздары, қол ұстасып, бостандықтұрмысқажетейік!” – деген ұран тастайды.
Осы тектес идеяның анықтығы басқа пьесаларда да көрінеді. "Қанапия мен Шəрбануда” жаңа өкіметтің арқасында теңдік алып, қосылған екі жас сахна соңында "Жасасын теңдік!” деп шығады. "Шерниязда” пьеса уақиғасы сахна сыртында мылтық атылып, өзгеріс болған-ын хабарлаумен бітеді. Бұлардың бəрі көп жылдар езгі мен отаршылдық-тың екі жақты қанауында болып келген халықтың өміріне бостандық, теңдік келгеніне ризалық сезімін тудырады.
Жүсіпбек пьесалары идеялық мазмұнының байлығымен ғана емес, драмалық тартыстың өткірлігімен, характер жасаудағы ізденістерінің əрқилылығымен ерекшеленеді. Ол тартысқа негіз етіп əлеуметтік қайшылықты алады. Сол қайшылықты күрестерде кейіпкерлердің позициясын анықтап, образдарды даралауға ұмтылады. "Қанапия мен Шəрбану” пьесасында сүйіскен екі жастың қосыла алмау шырғалаңы 1916жылғы июнь жарлығы кезіндегі əлеуметтік тартыстар жағдайында өтеді. Шəрбанудың əкесі Исатай ер баласы Ынтықбайды солдаттан қалдыру мақсатымен қызы Шəрбануды Сазанбай байға береді. Мұның кедей адамның басындағы еріксіз болған трагедиялық оқиға екені, байдың жағдайды пайдаланып жасаған зорлығы пьесада орынды ашылады. Елдің барлық ниеті – Қанапия мен Шəрбану жағында. Пьеса соңында солдаттан қайтқан Қанапия Шəрбануды алып қашып, жаңа өкіметті паналайды. Бірақ жазушы қайшылықты өршіте, шиеленістіре бермейді. Сазанбай жастардан жасаған қателігі үшін кешірім сұрайды.
"Мансапқорлар” пьесасы атақ, дəрежеге құмар ел басшыларының арасындағы тартысқа құрылған. Тартыстың бір жағында Қасқырбай болыс болса, екінші жағында – оның туысқан інісі, тілмаш Мүсілім. Ол кезінде əкесіне жасаған зорлығы, өзін оқытпағаны үшін ағасынан кек алмақ, оны өлтіріп, орнына болыс болмақ. Сол үшін болыстың жас əйелімен көңілдес болып, оны болысқа у беруге жұмсайды. Жазушы Мүсілімнің қылығын болыстан кек алумен ғана шектемей, оның жауыздығын, мансапқорлығын ашу тұрғысынан көрсетеді. Шығарма туыс адамдардың арасын айырып жатқан таптық жіктеушіліктің, зорлықтың үлкен қоғамдық зұлымдыққа, жауыздыққа ұласып жатқандығын ашады.
Жүсіпбек сондықтан салмақты оқыған азаматтардың мойнына артуды көздейді. Жазушы ойынша, елге қорған болатын, елді ілгері бастайтын, ел қасіретін бойына сіңіре алатын негізгі қаћармандар солар болуы керек. Шернияз – осындай кейіпкер. Оқыған жас азамат өзін ел ішінің даудамайынан, айтыс-тартысынан тыс ұстауды ойлайды, халықты азаттыққа жеткізу мақсатын көздейді. Бірақ мұның бəрі оңай жол емес екенін ұғады. өз басының сəтсіз өмірі, ағайын-туыстың оны ескішілдік, жікшілдік тартыстарға итермелеуіШерниязды ширықтыратүседі. Олбəрінен түңіліп, азапшегеді.
Нəрестедей тазажанды Елбарғойдепойлаушы ем, Доста, жар да, махаббат та Елдеғойдепбарлаушы ем…
Жүрегімелдікездірді, Бұзылғанелден бездірді,
– дейдіол.
Шернияз тіршілігін ауырлатқан тартыстарды біз оның папкадағы қағаздардықарап тұрыпайтқан монологынан түсінеміз:
Мұғалімніңмұңы. Боранбайдың ылаңы. Сүзеккернеді. Есеп бермеді. Ақсақалдыңбұйрығы. ¦рылардыңқимылы. Бақсының емі. Молданыңжемі. Аштардыңжайы. Мұқтаж шəкірт. Парақорлар. Бұғаннелаж? Талан-тараж…
Азамат соғысы кезінің ауыр шындығы тудырған осы уақиғалар халық басына түскен қайғы-қасіретті бейнелейді. Осыны арқалаған, соның салмағын көтеретін ер тұлға деп жазушы Шерниязды таниды. Бұл – Шернияз толғауынанайқын көрінеді.
Жүсіпбек – əдеби шығармашылығын ақындықтан бастаған адам. Бірақ өлеңдері жиналып басылмай, кезінде жарық көрген күнделікті баспасөз бетінде қалған. Қазіргі бізге белгілі Жүсіпбектің поэзиялық туындыларының ішінде "Сарарқаның сəлемі”, "Ах-ха-хау”, "Көшу”, "Ұршығым”, "Əскер марсельезасы”, "Тұңғиық, түпсіз астында”, тағы да басқа өлеңдер мен "Нұр күйі” атты поэма бар. Бұлардың көбінде автор ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңа дəуір өзгерістерін ақындық сезіммен жырлауға тырысады. Ол құбылысты сурет арқылы көруге ұмтылады. Мысалы, ол "Көшу” өлеңінде ескі ауылдағы көшу суреттерін тұрмыстық детальдар арқылы жасайды. өлеңде көшпелі елдің көшті салтанат тұтуы, көш кезіндегі у-шу, көш маңындағы адамдар айқын сурет түрінде елес береді. Ақынның жіті көзі олардың ішінен əрқилы типтерді таниды. "Ала шолақ өгіздің арбасына амалсыз жабысам-ау енді тағы”, деп тұрған мінер аты жоқ кедей баласы, "Байтал мінген, байпақсыз байқұс кедей”, "Тəлімшіл, желек салған келіншектер” – бəрі декөш маңынанкөрінеді.
"Ұршығым” өлеңі кедей кемпірдің монологы түрінде жазылған. Ол ұршығыниіріпотырып, шекпені тозыпжүрген жалғызұлынеске алады.
"Ах-ха-хауда” жас қызды қайғылы еткен желөкпе шалдардың қызқұмар қылығын күлкі етеді.
Жаңа бір қызық стильде жазылған өлең – "Тұңғиық, түпсіз астында”. Бұл өлеңнің жаңалығы – қазақ өлеңіне үйреншікті сыртқы ұйқасты сақтауда емес, ішкі ырғақ байлығында. Ол ақ өлеңмен жазылғандай еркін оқылады. Ақын суды тіліп, көк теңізде келе жатқан кемені теңіз тулап мерт еткенін əдемі суреттермен береді. Дауыл мен толқын талқандаған кеменің бір тақтайында мықтап тұрып байланған жас нəресте – бала кетіп барады. Өлеңде революция дауылы талқандаған тіршіліктің ендігі иесі осы жас бала сияқты көрінеді. Оның сəби қылығынанымды да.
"Нұр күйі” поэмасы 1929-жылы Қызылордада жеке кітап болып басылған. Оны автор "Күйлі сөз” деп атаған. Поэма уақиғасы Жібек ананың жаңа туған нəрестесіне толғанып айтқан жырымен басталады. Бірақ ана қуанышы баласының соқыр екенін біліп, тез басылады. Алайда бала өнерпаз, күйші болып өседі. өнерімен жұртты таң қалдырады. Кейін орыс дəрігерлерінің көмегімен көзі жазылып, ол қуаныш, шаттық күйін тартады. Автордың "Нұр күйі” дейтіні сол. Ақын сол арқылы өнерпаз бала көрген, оның келешегін айқындаған нұрдың, жарық сəуленің шатты сезімдерін жырға қосады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиыншылыққа мойымай, онымен күресе білуге тəрбиелейді. Едігенің орыс дəрігерлерінен көмек алуы арқылы автор халықтар туысқандығының да проблемасын өзінше шешуге ұмтылады. Поэманың жазылуүлгісінде деақ өлең көбірек қолданылады.
Жүсіпбектің "Ұран”, "Əскер марсельезасы” атты өлеңдері кезінде Алаш ұраны есебінде бағаланып, халық арасына кең тараған. Оларда ақын қазақтардың қанау мен отаршылдықтағы өмірін, азаттыққа ұмтылысын халықтың ерлік дəстүрлерімен байланыстыра қарайды. Өлеңдерде ұрандық сыпат мол. Ол күрес жолындағы ұрпақтың рухын жебеуге, оны алға шақыруға ыңғайласа жазылған. Патша құлағаннан кейінгі елдің халыққа бостандық, теңдіккеледідегенүмітіолардаайқынкөрінеді.
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Елболаркүйіңді амалда.
Кеттітүн, атыптаң, шығыпкүн,
Сал малды, сал жанды, аяма!
– дейді ол "Ұранда”. Екінші өлең:
Арғыатам – ертүрік,
Біз – қазақеліміз.
Самалтау, шалқар көл, Сарарқа жеріміз.
Ер түрікежелден Оқтескенетіміз. Қаймығыпеш жаудан Қайтпаған бетіміз, –
деген жолдармен елдің еркін салтын, Алашты қорғауға үндеуге құрылады. Екі өлең де төңкеріс кезіндегі көтеріңкі рухты бойына сіңірген күрес сөзіболыптабылады.
Жүсіпбектің ақындық шығармашылығында дүниежүзі пролетарларының гимні "Интернационал” ("Еңбекшілер ұраны” деп аударылған) мен азамат соғысы кезінде туған "Жас əскер” ("Молодая гвардия”) өлеңінің аудармасы да айрықша маңызды. Бұл екеуі де кезінде халық арасына кең тарап, əнге қосылып айтылған. "Интернационалдың” Жүсіпбек аударған нұсқасы кейінгі аудармалардан əлдеқайда жоғары тұрғанын жұрттың бəрі де мойындайды.
Оян, қарғыстаңба басылған, Жалаңаш, ашқұл, қайратқыл! Қайнап бастан ақылашынған, Майданғақанды айдап тұр!
Қиратамыз ескіжалғанды, Жаңатұрмысорнатамыз! Жарылқаймызжарлы, қалғанды, Дəулеттенсондататамыз!
Бұлболарең ақырғы,
Еңкүшті зормайдан.
Дүниееңбекшілігімен
Табылар барпайдаң.

Жүсіпбектің поэзиялық шығармалары – сан жағынан көп болмағанмен, ақындық ізденістің өзіндік беті жағынан тың туындылар. Оларда мазмұнының жаңалығы сыртқы түр жаңалығымен байланысып жатады. Алайда, Жүсіпбек мұрасынан қол үзіп қалғанымыз қазақ əдебиетінде мұндай өлең үлгісінің жеткілікті дамуына мүмкіндік бермеді. Тек соңғы жылдары ғана ақындарымыз ақөлеңдіжаңаша пайдаланудың жолдарынқарастыруда.
Жүсіпбек көп шығармаларын жаңа, жас ұрпаққа арнады. Соларды жаңа рухта, күрескерлікке, адамгершілікке тəрбиелейтін кітаптар жазды. Оның балаларға арнап жазған "Жаман тымақ”, "Шал мен кемпір”, "Көк өгіз”, "Үш қыз” сияқты ертегілері бар. Олар суретті кітапша үлгісіндежазылған.
Жаңа əдебиеттің жаңа туа бастаған кезінде осындай белсенді еңбегімен оның барлық жанрын бірдей өркендетуге күш-жігерін жұмсаған Жүсіпбек соның бəрінде де дəуірдің жаңа сөзін айтуға тырысты. Ескілікті аяусыз шенеп, жаңаны орнықтыруға қызмет етті. Ол сөз өнерінің шебері ретінде танылды. Жазушы суреткерлігі, стилистігі кезінде жас қаламгер үшін зормектепболды.
Ол ойлы публицист те еді. 1917жылы февраль революциясы болып, патша тақтан түскенде Жүсіпбек "Тұр, бұқара! Жиыл, кедей! Ұмтыл, жастар!” деген мақала жазып, "жасыратын қылық жоқ – бостандық, теңдік күштіге, жемқорға келген теңдік емес, бұл өзі қара бұқараға, кедейге келген теңдік, қолы жете алмай жүргендерге берілген бостандық”6 деп жар салған еді. Содан өмірінің соңғы шағына дейін ол жалынды публицистік қаламын қолынан түсіргенжоқ.
Жүсіпбек көптеген сын мақалалар да жазған. Олардың ішінде М. Əуезовпен бірігіп жазған "Абайдан соңғы ақындар” (1918), "Мағжанның ақындығы туралы” (1923), "Аударма туралы” (1925), "Сұңқар жыры” (1925) атты еңбектері – автордың əдебиет жөніндегі, оның ерекшеліктері туралы, жазушы шығармашылығын түсінудің принциптері жайындағы ұғымтүсінігін, көзқарасын көрсете алатынелеулі туындылар.
Жүсіпбектің сыншылық көзқарасында жазушы не ақын шығармашылығын оның өзі өмір сүрген дəуірдің көкейкесті мəселелерімен, өнер адамына тəн ерекшеліктерімен есептесе отырып талдау концепциясы бірінші орында тұрады. Ол Мағжан Жұмабаев шығармаларына осы тұрғыдан баға береді. Онда Мағжан туып-өскен ортаның қайшылықты шындығының ақын өлеңдеріндегі көрінісі, революциялық дүмпулер кезіндегі ақындық ізденістің əрқилы беталысы нанымды талданады. Сөйтіп, сыншы Мағжан ақынның табыстары мен қайшылығындəлтауыпкөрсетеді.
"Сұңқар жырын” ол Максим Горький шығармаларының қазақшаға аударылып басылуына арнаған. Онда ұлы жазушының революциялық əдебиеттегі орнына зор баға беріледі. "Максим – көк теңіздің иісін жұтып, мастанып, жұртты кеңдікке, еркіндікке, нұрлы күнге, ерлікке, тартысқа шақырған, өрттей лаулаған, толқындай тулаған төңкеріс ақыны. Ол жабыларды жан екен демейді, ерді, сұңқарды мадақтайды. Сұр өмірді өмір екен демейді. Ерікті, көрікті өмірді көксейді… өлі жүрек, жылан жанды, жорғалаған, қыбырлаған адамдарды жаратпаған” деп жазады.
"Аударма туралы” мақаласында аударудың принципі туралы сөз қозғайды. Ол көркем əдебиетті аударғанда қарапайым адамға ұғымды ету мақсатын ғана көздемей, мəдениетті жұрттың үлгісін, сөз қолданысын бар бояуымен, кестесімен бере білу қажеттігіне назар аударады. Олардың "Салыстыру пернесімен таныстыру”, "Оқушыны тереңге айдап, қиялын байыту”, "сезімінұстарту” керектігін көтереді.
Жүсіпбектің театр, музыка, өнер тарихына қатысты жазғандары да бірсыпыра.
Жүсіпбектің артында бірталай ғылыми мұра да қалды. Ол халық ағарту комиссариатында, педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақты жаңа рухта тəрбиелеуге, олардың ғылымның əр саласында жан
6 Сарарқа. 1917. 17-маусым.
жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Олардың ішінде "Тəрбиеге жетекші” (1924), "Психология” (1926), "Жан жүйесі мен өнер таңдау” (1926) атты елеулі кітаптар бар. Бұлар, əрине, бүгінгі педагогика мен психологияның методологиясы тұрғысынан əлсіз көрінсе де, өз дəуірі үшін аса пайдалы қызмет атқарды. Қазақ жастарына осы ғылымдар негізінде алғашқы мəлімет берді, ғылыми терминдердің тууына негіз болды. Жүсіпбек аудармашы есебінде қазақ əдебиеті мен орыстың жəне дүниежүзілік классикалық əдебиеттің шығармашылық байланысын ұлғайтуға көп күш жұмсады. Қазір оның аударуымен басылған Н.В. Гогольдің "Бақылаушы” ("Ревизор”), А.С. Пушкиннің "Тас мейман”, "Сараң сері”, А. Дюманың "Дəмелі” ("Тамилла”), Дж. Лондонның "Телегей теңіз”, К. Берковичтің "өрбике”, С. Чуйковтың "Тау еліндегі оқиға” атты шығармалары табылып отыр. Олардан басқа В. Шекспирден, Г. Мопассаннан, Р. Тагордан, М. Горькийден аударған шығармаларын ол кезіндемерзімдібаспасөздежариялаған.
Бұлардан басқа Жүсіпбек кезінде бірқатар саяси, тарихи еңбектерді, оқулықтарды қазақшаға аударуға қатысқан. Оның аударуымен Н.И. Бухарин мен Е.А. Покровскийдің "Коммунизм əліппесі”, М.И. Покровскийдің "Ресейдің ХІХ–ХХ ғасырлардағы төңкеріс қозғалыстары тарихынан”, "Орыс тарихы”, Богдановтың "Саяси экономияның қысқаша курсы”, П.И. Стучкийдің "РСФСР конституциясы” атты кітаптары басылған. Бұлар Жүсіпбекті өз заманының жан-жақты білімді, ағартушы, педагог, ғалымы ретіндетұлғаландыратүседі.
Жүсіпбектің сан салалы шығармашылық қызметі дəуірдің талап етуінен туды. Бұл – бір Жүсіпбек басындағы ғана емес, қазақ интеллигенциясының алғашқы буынына түгелдей ортақ сыпат. Əр саланың өз мамандары жоқ кезде олар заман, өзгеріс дəуірі күн тəртібіне қойып отырған қажеттікті өтеуге бар мүмкіндіктерін жұмсады. Ақын да, жазушы да, драматург та, ғалым да болып еңбектер жазды. Аударма да жасады. Бүгін біз Жүсіпбектің көркем туындыларының əдебиет тарихындағы орнын, жазушы шеберлігін, ізденістерінің байсалдылығын айта отырып, оның барлық шығармашылығыныңтарихимаңызынайрықшаатаймыз.
Жүсіпбектің жазықсыз жазаға тартылып, оның шығармаларын оқуға тыйым салынғанына (1929-жылы ұсталып, 1931-жылы арамыздан кетті) 70жылдан асты. Осы уақыт ішінде оның еңбектері жоғалып, аты ұмтылып бітуге таяды. Газет-журналдар бетіндегі өлең-жырлары да жыртылып алынып, жойылған. Оны білетін, онымен істесболған, шығармаларын оқыған ұрпақ өкілдері де азайды. Осы жағдайда жазушы шығармаларын жинаптеріп, бастыру, ол жайлы зерттеулер жасау – бүгінгі əдебиеттану ғылымыныңүлкен міндеттерінің бірі.
СЕРІК Қирабаев, ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Жүсіпбек Аймауытов 1889-ж. Семей губерниясының Павлодар уезінде Қызылту болысының бірінші ауылында туған. 15 жасқа дейін ауыл молдасынан сауат ашады.
1907-ж. Баянауылғабарып, орысмектебінетүседі.
1911-ж. Керекуге келіп, екі класты орыс-қазақ мектебіне орналасады. Əуелі солмектепте, кейінинтернаттабілімалады.
1914-ж. Семейдегі мұғалімдерсеминариясына түседі.
1919-ж. Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіреді. Семейде ол "Абай” журналын шығарысады. Осы жылы Алашордадан бөлініп, Кеңес өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына өтеді. Семейде, Павлодардапартия, кеңесжұмыстарынатқарады.
1920-ж. Қазақстан Кеңестерінің съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін Қазақ АССР Халық ағарту комиссиариатында басшылық қызметте (комиссардың орынбасарыболып) қалады.
1921-ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, кейін "Қазақ тілі” газетініңредакторы болыпістейді.
1922–1924жж. Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады.
1924–1926жж. Ташкентте шығатын "Ақ жол” газетінің редакциясында қызметатқарады.
1929-ж. "Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар” деген сылтаументұтқынғаалынып, репрессия құрбаныболды.
1931-ж. Кеңестік қуғын-сүргінкезіндеатылды.
1988-ж. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қаулысы бойынша толық ақталды.

ЖҮСІПБЕКАЙМАУЫТОВ

Жазылмас жара қатын жылдар емдер –
Жоқтаусыз қалмайды əсте шын кемеңгер!
"Тоздырған топырағын топанізжоқ,
көз жұмған бұлар а да кім?” демеңдер.

Уақыттың уын бекер ішіп пе еді?..
Келіңдер, бақтарың нан түсіп бері?..
Дарыны дархан елдің жатыр мұнда,
Арұлы – Аймауыттың Жүсіпбегі!

Жазушы,
ақын,
сыншы,
ұстаз əрі…
Қайнаған қасіреттің мыс қазаны!
Кетіпті шерін бірақ тарқата алмай,
Жетіпті бір басына ішкі азабы!..

Құйғандай өз еуреген өртке жасын,
Қиынға қайрап салса "Қартқожасын” –

ҮмітінТұлпар-жырғаүкіқылып, Қаранан – қара сөзге артты азасын!
Жазықсызжапашеккен "Ақбілегі!”
ақ жүрек,
ақ көңілі,
ақ тілегі!
Жауының табанын атап талғанда
Жанының түпкірінде жатты кегі!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет