5. Новеллалық ертегілер Новеллалық ертегі(«Уәзірдің қызы», «Әке өсиеті», «Әділ патша туралы ертегі», «Аяз би» т.б.) — шытырман оқиғаларға құрылып, үй-іші, ерлі-зайыптылардың адалдығын дәріптейді. Тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты туған. Онда бай баласы мн жарлы баласының таптық айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары суреттелінеді.
6. тарихи өлеңге талдау «Кенесары-Наурызбай» тарихи жыры
Дастанның тақырыбы – Кенесары, Наурызбай бастаған – ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи сипатын таныту, идеясы – ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін даралау, мінездеу.
Дастанның композициясы мынадай бөліктерден құралған: біріншісі – Ресей патшалығының отарлау ықпалына түскен қазақ халқының мүшкіл хал-ахуалына автордың эпикалық баяндауы мен лирикалық толғаныстармен баға бергені; екіншісі – екі жақтан епкіндеп торлай бастаған отарлау құрсауына қарсы Кенесары, Наурызбай бастаған әскердің жиналуы; үшіншісі – Наурызбай, Ағыбай батырлардың Кене хан әскері үшін тұлпарлар жинауы, Жолды аяқ сынды тілеулес батырлар шоғырының құралуы; төртіншісі – Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жауынгерлерінің орыс жазалаушыларымен шайқасып, Қызылжарды, Көкшетауды, Бурабайды, Атбасарды, Қараөткелді және т.б. мекендердi отаршылдардан азат еткенi; бесiншiсi – Ресей патшалығынан азат болу жорығына қырғыз елін де қосу жолындағы әрекеттің қырғыз манаптарының және кейбір қазақ руларының опасыздығының кесірінен сәтсіздікке ұшырағаны; алтыншысы – дастанның тұтас желісіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке құштар қаһарман халықтың көркем жинақталған тұлғасының сомдалуы. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласуы еді.
7.Магиялық поэзия ерекшеліктері Магиялық поэзия (гр. maqos - абыз, сиқыршы) (өз кезегінде грек тіліне парсы тілінен сіңген сөз) - әр түрлі құбылыстарға табиғаттан тыс күштер арқылы әсер етуге болады дейтін наным-сенімнен туған сиқырлау, дуалау мақсатымен айтылатын ғұрып өлеңдері. Мысалы, қазақ фольклорындағы бәдік, арбау-байлау өлендері, бақсы сарыны, т.б. Магиялық поэзия жанрларына жатады. Ерекшеліктері: сиқырдың, тылсым күштің болуы.