Мапенова маятай рамазановна



бет3/5
Дата27.10.2022
өлшемі24,39 Kb.
#45835
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасы.

ІІ. ҚЫС.
Бағдарлама мазмұны:
Балаларды қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру:Қардың жаууы, аяз, қар мен мұздың қасиеттерімен таныстыру.Қыс кезіндегі ағаштардың бейнесіне назар аударту.Қысқы пейзаж туралы түсінік беру.Ауылымызда қыстайтын құстарды танытып, дұрыс атауға үйрету.Қысқы ауа райы мен адамдардың еңбегінің байланысын түсіндіру.
а/ Өлі табиғат құбылыстарымен таныстыру.
Күнделікті серуен кезінде балалар табиғатты бақылауды жалғастыра береді;ауа райына сай киінудің қажеттілігін түсінеді.
ә/Бақылау жүргізу
«Қардың жаууы» :қар қалай жауып тұр?баяу ма немесе тез бе?қар қайда түседі?
Тәрбиеші қардың қарлы бұлттардан жауатынын түсіндіріп, әркез серуенде қар басқан бұталар мен ағаштардың сұлулығына назарларын аударуы керек, қар туралы тақпақ немесе қысқа әңгіме айтуға болады.
б/ Қарапайым тәжірибе
Серуенге шыққанда бір ыдысқа су құйып алып шығып, қалдыру.Күннің екінші бөлігінде мұз боп қатқан суды бөлмеге кіргізіп, балаларға ұстатып , оның суық қатты. Тайғақ екенін сезіндіп, білімдерін бекіту.
в/ Ағаштарды бақылау
Ортаңғы топ балаларының санасында қысқы ағаштар бейнесі туралы салыстырмалы түсінік қалыптастыру үшін бір серуен кезінде жалаңаш ағашты, келесі серуен кезінде түгелдей қар басқан ағаштарды бақылату тиімді.Сұрақтар:ағаштың діңі қандай?жоғарғы жағы мен төмен жағын салытыру;жапырақтары қайда кеткен?Қане, көктемде бұл ағашымызға көп жапырақ шығу үшін қардан көрпе жабайық, тоңбасын,- деп топтық жұмысқа бейімдеу.
г/ Құстармен таныстыру.
Балалардың бойында құстарға деген қамқорлық, аяушылық сезімдерін оятып, тәрбиелеу үшін үнемі жемсалғыштарға жем салып, , серуенге шыққан кезде қонған құстарды бақылату.Қонған торғай, қарға, сауысқандарды сырттай көлемі , сырт пішіні және дыбыстауы бойынша салыстыруға үйрету.
Мысалы:қарғаның түсі қандай?қара екен;сауысқанның құйрығы ұзын ба?қысқа ма?
Бекіту мақсатында ойын жүргізуге болады «Қарғалар мен торғайлар»
Тәрбиеші балаларды екі топқа бөледі де, құстардың әрекеттерін көрсетуге тапсырма береді, көмектеседі. Торғайлар секіріп, «чик-чирик» деп дыбыстайды, ал қарғалар тобы шайқала жүріп, бастарын шұлғып, «қар-қар» деп қарқылдайды.Тәрбиеші немесе бір бала мысық боп, құстардың бірін ұстауға тырысады.ұсталған бала мысық болады.ойын барысында топтар атауларымен алмасады.
д/ Еңбек тәрбиесі
серуенге шығарда және кірерде өз-өздеріне қызмет етуге, киімдерін және аяқ киімдерін тазалауға дағдыландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет