Мапенова маятай рамазановна



бет4/5
Дата27.10.2022
өлшемі24,39 Kb.
#45835
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
ІІІ.КӨКТЕМ.
Бағдарлама мазмұны:
Табиғаттағы көктемгі құбылыстармен балаларды таныстыру,көктемгі табиғат өзгерістері туралы білімдерін нақтылау және тереңдету Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді өзара байланыстыру/күн қатты қыздыра бастады, қар еріді/.
Астрономдардың пікірінше, көктем 21-нен 22-не қараған наурыз айының күн мен түн теңелуі көктемнің басталуы боп, ал соңы болып жылдың ең ұзақ күндері -21-22маусым саналады.Натуралистер үшін көктем 19 наурызда – ұзақтар ұшып келген күні басталады.
а/ Өлі табиғаттағы өзгерістер
Наурыз айының ортасынан былай күн ұзарып, түн қысқарады.талтүсте күн неғұрлым биікке көтеріліп, сәулесі жерді қыздыра бастайды.Қар еруін бастайды.Сәуір айында еріген қарлар суға айналып, мұздар ери бастайды.Мамыр айының басында алғашқы рет күн күркірейді.Тәрбиеші серуен кезінде «Қар қайда кеткен?» деген сұраққа балалармен бірге жауап іздейді.
ә/ Ағаштардың оянуы
Сәуір айында қар құрсауынан босаған ағаштар бүр жарып, жапырақ жая бастайды.Қайың мен мойылды бақылауға болады.
Мамыр айында үйеңкі, акация, емен мен жөке ағаштары бүр жарады. Нағыз көктем — мамырдың соңында жидектер гүлдеуі.
б/тірі табиғаттың оянуы:
—-/Жәндіктердің пайда болуы.
Алғашқы көбелектер ұшып, қоңыздар тіріледі.
—-/ Жыл құстарының ұшып келуі.
Жәндіктердің пайда болуынан соң ұзақ, қараторғай, бозторғай ұшып келе бастайды.қыстап қалған қарға, сауысқан, торғайлар да олармен бірге ұя салуға әрекеттенеді.
—-/ Қысқы ұйқыға жатқан аю, суыр оянып, қояндар мен тиіндер, қасқырлар балалайды Аңдар түлейді
в/ Еңбек тәрбиесі
Гүлзарларға гүл отырғызу.Тәрбиеші гүл тұқымын сеуіп, одан қандай гүл өсіп шығатынын суретпен көрсетеді.бір балаға суқұйғышты ұстауды көрсетіп, үйретеді.Жұмысты қорытындылайды: «міне, балалар, біз бүгін тұқым септік.Енді осы гүлзарды үнемі суарып, күтіп, қандай өсімдік өсетінін бақылайық».
ІV. ЖАЗ.
Бағдарлама мазмұны:
Балаларды жаз маусымының ерекшеліктерін бақылауға және олардың өзара байланыстарын орната білуге үйрету/күн шақырайып тұр – сондықтан ауа ысып кетті,жаңбырдан соң шөп тез өседі/;қарапайым қорытындылар жасауға үйрету/алма, алмұрт – жеміс, сәбіз, қияр – көкөніс/ ;жан-жануарлардың тіршілігіне жылу, жарық, ылғалдың қажеттілігін түсінуге жетелеу.Табиғат сұлулығын көре білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
а/ Өлі табиғат құбылыстарымен таныстыру.
Серуен кезінде тәрбиеші балаларға табиғатты бақылатуды, күн, жел, жауын-шашынға назар аударуын жалғастырады.Ыстық кезде қалай киіну керектігіне назар аударады.
ә/Тірі табиғаттағы өзгерістермен таныстыру.
-жаздың басында гүлдер көп өсетін алаңқайларға бірнеше топсеруен ұйымдастыру, биік шөп арасынан әдемі гүлдерге назарларын аудару.Тәрбиеші1-2 гүл үзіп алып, олардың құрылысына, түсіне назарларын аударып, қысқа көлемді өлең оқуына болады.Бақбақ гүліне назар аудару: «Балалар, қараңдаршы өткен жолы келгенде аппақ үлпілдеген шар нді, енді міне әдемі сары гүлге айналыпты»,- деп қызықтыру
— гүлден гүлге онып жүрген көбелектердің әрекеттерін түсіндіру/ұшқан кезде қанаттарын жайып, қонғанда жинайды екен/.
-«Жылдың төрт мезгілі» топтамасынан бір суретті таңдап, сол бойынша әңгіме жүргізу.
б/ көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін тереңдету мақсатында әңгіме жүргізу, «Сипап сезіп, таны»сияқты дидактикалық ойындар жүргізу.
в/ Еңбек тәрбиесі
Күнделікті бөлме өсімдіктерін, гүлзарларды күтеді.Мүмкіндігі бар топтар табиғат бұрышындағы жұмыстарын орындауды жалғастыра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет