ТОПСЕРУЕНДЕР ӨТКІЗУДІҢ БІРНЕШЕ ҮЛГІСІ: №1. Ү Л Г І — САБАҚ : Топ үлескісіне күзгі топсеруен
Мақсаты:
1.Балалардың назарын күздің алғашқы белгілеріне аудару/жапырақтар түс өзгерді/.
2. Ағаш атауларын/2-3/,қабығы мен жапырақтарының түсі бойынша бұталарды/1-2/ ажырата білуге үйрету.Сөздік қорларын молайту.
3.Бақылауларға деген қызығушылықтарын оятып, эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу.
Мұндай мақсаттағы топсеруендеркүз белгілері анық біліне бастағанда жүргізіледі.
Қ. Шаңғытбаев «Күзгі жапырақтар»:
Алтын сары, қызыл, көк…
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап
Ағаштардан жамырап
Түсті енді жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
«Жазда тұрып жоғары, күзде жерге құлады» /жапырақ/
№2. ҮЛГІ-САБАҚ:
ҚЫС КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫ СЕРУЕНГЕ ДАЙЫНДАУ, КИІНУГЕ ҮЙРЕТУ.
Мақсаттары:
Серуенге шығуға дайындау, дұрыс киіну ретін үйрету. Баланы өзінің назары ауған заттарды сөзбен айтуға үйрету, тілдерін дамыту.Өз-өздеріне қызмет ете білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Тәрбиеші мен оның көмекшісі балаларды серуенге дайындауда.Бұл әрекеттер әлі өздігінен киініп-шешінуі нашар балалармен жасалынады /3 жастан асқан бала жалпы киіне білуге тиіс/.
–Кәне,Жәңгір, алдымен не киеміз? Қолына кофта алады.
-Кофтаны,- дейді бала.
-Дұрыс, кофтаны. Ал, енді не киеміз?- деп тәрбиеші қалың шалбарды алады.
Аяқ киім, сырт киім, бас киім,шарф рет-ретімен киіліп жатады.Дұрыс айтпаған сөздер болса ақырын ғана тәрбиеші дұрыс қайталатуы керек.
-Малақай қайда?Малақай қайда кеткен?- деп көз алдында жатса да, қам жеген болвп іздейді.бала оны тез «тауып алады»
-Міне, мақай/малақай/!
-Ә, мұнда екен ғой, Қане, құлағыңды аяз тістеп алмауы үшін бауын байлайық.Енді не киеміз?
-Қолғап.
-Дұрыс, енді біз серуенге дайынбыз.Аяз бізге: «Бала жылы киінген екен.Онымен ойнауға болады!» — дейтін болады, кеттік.
№3. СЕРУЕНДЕГІ ОЙЫН: «Аю және тышқан» /Жылдың барлық мезгілінде/
Дидактикалық ойынның мақсаттары:
Балаларды табиғат әлемімен таныстыруды, оның ішінде жануарларлар әрекеттерімен т-ды жалғастыру.Ойын барысында дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту. Көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Топпен әрекет етуге, бір бірін сыйлап, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Уақыты, орны:
Серуен кезі , беседкада жүргізіледі.
Барысы:
Балаларды екі топқа бөліп отырғызу :
— «Мына жерге тышқандар отырады , олар менің барлық сұрақтарыма И-И-И деп жауап береді
-«Мына жерге аюлар отырады, олар менің барлық сұрақтарыма Ы-Ы-Ы деп жауап беретін болады». Ал енді , балалар, менің сұрақтарымды тыңдаңдар.
— Тышқандар-ау, тышқандар, сендер қалай күлесіңдер?
Тышқандар /қуанышты дауыспен/: И- И-И
-Аюлар-ау, аюлар, сендер қалай күлесіңдер?
Аюлар /қуанышты дауыспен/ Ы-Ы-Ы
Келесіде тапсырманы ауыстыру, аюлар мен тышқандар қалай жылайды екен?Тәрбиеші көрсетеді, балалар қайталайды.Жарты минуттан соң рөлдер ауысады.Кейбір балалардың тапсырманы дұрыс орындамағанын байқаған тәрбиеші олармен жеке жұмыс жүргізу үшін белгілі бір сылтаумен шақырып алады.Мысалы,
-Ал, бір аю /тышқан/ жалғыз қалып қойыпты, Алихан, кәне, ол қалай жылап келе жатыр екен, көрсетіп жіберші?
-Ал, бір тышқан /аю/ гүл теріп, көбелек қуып, күліп, бөлек кетіп бара жатыр. Кәне, Жансая, сен сол тышқан болшы.
Балалар, біз бүгін ойнаған ойын сендерге ұнады ма? Тышқандар мен аюлардың күлуі мен жылауын ұмытпаңдар, жарай ма?
№4. ҮЛГІ-САБАҚ:
«Құстарға, аңдарға, жәндіктерге арналған мереке» / қимылды әрі дидактикалық ойын/
Мақсаттары:
Серуенді көңілді өткізу.Жұптасу әрекеттерін дамыту, жан-жануарлардың дыбыстау әрекеттеріне қызығушылықтарын ояту, білімдерін бекіту.Бір-бірін, қыз баоаны сыйлауға тәрбиелеу.
Өткізу уақыты, орны:
Табиғат аясындағы серуен.Саябақ немесе өз б/б ауласы
Тәрбиеші өзін үй иесі деп таныстырып, балаларды бір ұл-бір қыздан жұптастырады.
-Құстарға, аңдарға, жәндіктерге арналған мерекеміз басталады! Мерекеге дыбыстарды дұрыс айтқан балалар жіберіледі .Қазір мен қай жұпқа қарап амандассам,сол жұп жауап береді.Қол ұстасып тұрасыңдар, келістік пе?
— Амансыңдар ма, қоңыр қаздар!
-Га-га-га, — деп қаңқылдайды қаздар.
-Амансыңдар ма, бал аралары?
— З-З-З,- деп ызылдайды аралар.
-Амансыңдар ма, жасыл көлбақалар?
Ит, әтеш, есек, арыстан, т.с.с. Үй иесі барлығымен амандасып болған соң, балалар да бір-бірімен амандасады: алдымен бәрімізқаздар сияқты амандасайық /қаңқылдап қанаттарын қағады/, Ал енді жылан болайық /балалар Ш-Ш-Ш деп ирелеңдейді, бүкіл денелерін қозғайды/
Қорытындылау: Балалар, барлықтарың ойынға жақсы қатыстыңдар.
Мереке ұнады ма, келесіде тағы ойнаймыз ба? Рахмет.
№5. ҮЛГІ-САБАҚ:
« Көктемнің алғашқы гүлдері» /Саябақта, орманда/
Мақсаттары:
Көктем белгілеріне назарларын аудару.Бақыланатын заттардың белгісі мен сапасын сөзбен айтуға үйрету.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Барысы:
Далада серуендеу кезінде балалар бір гүлдң көріп, оның айналасына жинала қалады.
-Бұл – түймедағы.-дейді тәрбиеші.-Оны үзбеу керек.Егер біз оны үзбесек, келесі жылы ол бізге өзі сияқты көптеген гүлдер сыйлайды.Оның тұқымынан жаңа гүлдер өсіп шығады. Келіңдер, онан да біз гүлдерді тымашалайық.
-Қандай әдемі гүл екенін көріп тұрсыңдар ма?
-Оның гүл жапырақшасы қандай?
— Ақ түсті ме?ұзын ба? Сен айтшы , Аружан,.
Бала қайталайды.
-Иә, гүл ақ, ұзын.
-Ал, ортасы қандай? Сары түсті ме? Барқыт секілді ме?
-Сары түсті, барқыт секілді.
-Сен оған аздап еңкейіп иіскеші, иісі қандай екен? Хош иісті ме?
-Хош иісті екен.
— Бұл гүлдің сүйкімді, жағымды иісі бар.Сен оның қалай аталатынын есіңе түсірші, мен бағана айтқам.
— Түймедағы.
-Қараңдаршы, ол күнге ұқсай ма?
Жүріңдер , енді басқа гүлдерді тауып қарайық. Таныс гүлдер көріне ме?- деп , гүлді жұлғызбай назарларын басқа жаққа бұрып жіберу.