Мапенова маятай рамазановна


Ортаңғы топ балаларына арналған табиғат бұрышы



бет2/5
Дата27.10.2022
өлшемі24,39 Kb.
#45835
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасы.

Ортаңғы топ балаларына арналған табиғат бұрышы
Ортаңғы топ балаларының санасында заттар мен олардың бөліктерінің қасиеттері мен сапалары арасындағы байланыстарды көру қалыптаса бастайды./формалардың, түстердің, көлемдердің,денелердің қасиеттерінің сан алуандығы/.Балалар заттарды терең салыстыруға, олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын табуға, жалпылама қорытындылар жасауға үйренеді.Өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы білімдері қиындайды.4 жастан 5жасқа қараған бала жануарлар әлемімен танысқанда олардың түр ерекшеліктерін, құрылысын,қозғалысын, қоректену әдістерін түсіне бастайды.Мысалы ,өсімдіктерді/тәрбиешімен бірге/ күту кезінде қарапайым еңбекке үйренеді – гүлді қалай суару, сарғайған жапырақтардан арылту.Олардың қалай өсіп келе жатқанын көреді.Сондықтан , бөлме өсімдіктерінің пішіндері , жапырақтарының формалары әртүрлі болуы керек.Ұсақ жапырақтарды шашыратқышпен суару, үлкен жапырақтарды дымқыл шүберекпен сүртүді үйренеді.Ұсынылатын гүлдер атауы: герань, мәңгі гүлдейтін бегония, алоэ, агава, барлығы 4-5 гүл.
Аквариум туралы айтсақ,онда сырт пішіні мен қылық-әрекетіне орай 2 түрлі балық ұстау керек:біреуі – баяу қозғалатын, екіншісі шапшаң болуы шарт.Ұсынылатын балықтар «алтын балық», карась, телескоп.
Сүтқоректілерді ұстауға мүмкіндік болмаған жағдайда көрнекілік әдісті көптеп қолдануға тура келеді, сонымен қатар ауылдық жер балабақшасының тәрбиеленушілерінің үй жануарлары, үй құстары туралы бастапқы білімі бар екенін ұмытпайық.Ортаңғы топ балаларын үй жануарларымен таныстыруда жыл мезгілдеріне сай,әкеліп көрсетуге болатынын ескеру керек.Мысалы:күшік, марғауды,т.б.ұсақ жәндіктерді көрсете отырып бақылау жүргізу, ал ірі қараны бақылау үшін жайылымға топсеруен кезінде алыстан бақылау жүргізуге болады.
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ БАҚЫЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Бағдарлама мазмұны:
І .КҮЗ.
Балаларды күзгі табиғат өзгерістерін бақылауға үйрету /күннің суытуы, жаңбыр, жел/, жапырақтардың түсуі;күзде гүлдейтін гүлдерді /георгин, «алтын шар», календула немесе тырнақгүл/,күзде пісетін жеміс жидектерді,түсіп жатқан жапырақтар қандай ағаштікі екенін танытып, дұрыс атауға үйрету.Күзгі табиғатқадеген қызығушылықтарын оятып, оны аялауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
а/ Ауа райын бақылау.
Күнделікті серуен кезінде ауа райы жағдайына балалардың назарын аудару: суық па, жылы ма?жел ме, тынық па?аспанның түсі қандай? Жауын – шашын болса оның түріне тоқталу. Желдің бағытын бақылау үшін зырылдауық алып шығу.Табиғаттағы кейбір байланыстарды түсіндіру, мысалы:жер неге су?себебі – жаңбыр,ал күн шықса жер кебеді..
ә/ Ағаштарды бақылау.
Күзде ағаштардың әдемілігіне назар аудару, жазда бұл ағаштың жапырақтары қандай еді?қазір қандай?Жапырақ жауған кезде олардың қайдан? Қайда? құлап жатқанын сұрау /жоғарыдан төмен/.Тәрбиеші әдемі жапырақ тауып алуды ұсынады, бәрінің жапырақтарын салыстыру,не нәрсеге ұқсайды?ең әдемісін топ бөлмесіне алып кіру.Түскен жапырақтар қалың болған жағдайда тәрбиеші балалармен бірге жүріп, аяқ астындағы жапырақтардың сыбдырын тыңдатып, себебін бірге іздейді.Топта сурет сабағында сол жапырақтарды салғызуға болады.
б/.Гүлзарларды бақылау.
Тәрбиеші гүлдердің атауларын айтқызып, кейбір гүлдерді ұқыпты үзіп, құрылысына, түсіне, не нәрсеге ұқсайтынына назар аударады, балаларға иіскетеді.Кішігірім гүлдесте жасауға болады
в/. Дидактикалық ойындар.
Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін нақтылау үшін және сөздік қорларын байыту үшін күз соңында балалармен әртүрлі дидактикалық ойындар жүргізуге болады.Кіші топта олар тек қана атап үйренсе, ортаңғы топта сипаттап немесе сипаттама бойынша тауып үйренеді. Мысалы: «Қолымда не бар екенін таны», «Дорбада не бар екен?», «Ұзын, сары, тәтті» атты д/о жүргізу.
г/Еңбек тәрбиесі
Еңбек тәрбиесін жүргізу мақсатындв тәрбиеші күнделікті тапсырмалар орындатады. Мысалы: Қай гүлді суару керек , қанша су керек?Серуен кезінде жапырақтар жинату, т.б.
Серуенге шыққанда күзгі ауа райына сай киіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет