39
өрнектер
(қошқар мүйіз, қосмүйіз, аймүйіз, қармақ, қосалқа, т.б.
); қолөнер
бұйымдары
(киіз үй, оның ішкі жабдықтары) бәрі-бәрі симметриялық өлшемге
құрылған [164]. Заттардағы
табиғи симметрия жоғары деңгейдегі
жаратылыстық қасиетті білдірсе,
жасанды симметрия адамзаттың өмір сүру
сапасының және табиғатты тануының жоғары деңгейін көрсетеді. Сондықтан
симметрияны – аса дәлдікке
құрылған мөлшерлік пішіндер, мөлшерлік
шамалар
деуге болады. Ал мөлшердің
симметриялық сипатына тән басты қасиет –
дәлдік.
Мөлшер, ол – тепе-теңдік. Мөлшер – біржақты ғана құбылыс емес, өзара
қатар өмір сүретін екі немесе одан да көп шамалардың байланысы және екі
немесе одан да көп нысандардың өзара селбестігі, ықпалдастығы. Мысалы,
қазақтың
алтыбақан ойыны. Алтыбақанның тіреуіштерінен бастап, орналасуы,
бірдей қашықтықта төрт жіптің байлануы, оны ойнаушы адамдарға дейін тепе-
теңдікті сақтайды. Тепе-теңдік – өте ауқымды және сан тараулы күрделі ұғым.
Ол адамзат қоғамының кез келген саласы мен табиғат дүниесінің барлық
нысандарына қатысты айтылады. Мысалы,
құқықтық тепе-теңдік, әлеуметтік
тепе-теңдік, саяси тепе-теңдік, химиялық тепе-теңдік, механикалық тепе-
теңдік, физикалық тепе-теңдік, т.б. Десек те, тепе-теңдікті ішкі сипатына қарай
екі түрге бөлуге болады. Бірі –
нақты тепе-теңдік, екіншісі –
шартты тепе-
теңдік. Нақты тепе-теңдікте
теңдік нысандары қанша болса,
мөлшерлік нысан
соған теңдей бөлінуі шарт. Мысалы:
зілтемірдің екі басы бірдей салмақта;
құстар қанатын бірдей жылдамдықпен қағады т.б. Ал
шартты тепе-теңдікте
теңдік нысандары қанша болса,
мөлшерлік нысан соған теңдей бөліну міндетті
емес. Керісінше, осы тепе-теңдік
шарттылық негізінде құрылады. Нақтырақ
айтсақ, мұндай тепе-теңдік өміршеңдік қажеттілікке құрылады да, теңдік
нысандары өзара
қарама-қарсылықтың бірлігі қатынасында болады. Бірін-бірі
шектейді, тежейді және сол арқылы бірін-бірі әрі қарай өмір сүруі мен дамуын
қолдайды. Мысалы, астрономдардың дәлелдеуінше, жершары маңайындағы
планеталарсыз, әсіресе, Күн мен Айсыз өмір сүрмейді. Күн (149,6 млн.км)
жершарына Айдан (384000 км) қарағанда әлдеқайда алыс қашықтықта
орналасқан. Соған қарамастан, Күн мен Ай жершарындағы тіршілік үшін қажетті
тепе-тең қашықтықты сақтап отыр. Егерде Күн жермен тұрақты қашықтығынан
сәл жақындаса, жер бетінде ғаламат ыстық болып, отқа оранады да, сәл алыстаса,
жер бетінде ғаламат үсік жүріп, мұз құрсанады. Бұл жер бетіндегі тіршілікке,
тіпті жершарына айтарлықтай қауіп төндіреді немесе жояды. Ал жершарының
Аймен арақашықтығы су деңгейіне әсер етеді. Міне, бұл – тіршіліктің тепе-
теңдігі, шартты тепе-теңдік.
Нақты тепе-теңдік болсын, шартты тепе-теңдік болсын, бәрі де белгілі
шамаға тең. Сондықтан бұлар да «мөлшер» ұғымына жатады. Тепе-теңдік
өміршеңдіктің басты шарты, сондықтан жаратылыстық дүниедегі барлық
заттар
осы тепе-теңдік үшін күреседі. Заттардың кеңістікте орналасуы, іс-әрекет,
қимыл-қозғалыстың бәрі тепе-теңдік аясында өмір сүреді. Адамзат та
жаратылыстың бұл заңдылығын барлық іс-әрекетіне басты өлшем етеді. Ал
қазақтың
«Құда да тыныш, құдағи да тыныш», «Тең теңімен, тезек қабымен»
деген мақалдары – тепе-теңдік ұстанымдарының көрінісі. Мөлшердің бұл
ұғымдық сипатына тән басты қасиеттер –
шарттылық, дәлдік.