Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет26/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

грамматикалық 
формалар, 
аналитикалық тәсілдер арқылы берілу жолдарымен ұштасып жатады [139, 181 
б.].  Сонымен  қатар  «мөлшер»  ұғымын  білдіретін  оқ,  елі  сияқты  бірнеше 
сөздердің  этимологиясы  мен  мөлшер  семантикалы  -дай,  -дей,  -тай,  -тей 
грамматикалық  формалары  жайлы  құнды  пікірлер  айтады.  Ғалымның  қазақ 
тілінің  ғылыми  грамматикасына  қатысты  тұжырымдарынан  функционалды 
грамматика ұстанымдарын байқауға болады. Десе де мөлшер семантикалы кей 
құрылымдар жайлы тосын пікірлері де кездеседі. Айталық, сын есім тарауында 
кейбір күрделі құрылымдар жайлы былай дейді: «Осылар сияқты бір сөз болып, 
әлі  кіріге  алмай  келе  жатқан  сын  есімдер  де  бар.  Мысалы:  Жол  бойы  таяқ 
тастам ел (Ғ.Мүс.);  Бір құшақ суық Асқармен бірге кірді (С.Мұқ.); Бір құшақ 
шөптен бір-ақ уыс бар қалғаны. Осылар тәрізді бір асым ет, бір қайнатым шай, 
бір шүйке жүн, бір түйір отын, бір үйір жылқы, бір сауым сүт, бір салым тұз, 
бір тартым жіп, бір дем жер деген сөздер кездесе береді. Мұндай сөздер соңғы 
кезде  мағынаға  ие  болып,  өмір  жаңалығына  байланысты,  дәуірге  сай, 
қажеттілікпен байланысты туған жаңа ұғымдарға жол беріп, өздері кейін қалып, 
ескіріп  барады»  [140,  32  б.].  Ғалымның  халықтық  өлшемдердің  ескіріп, 
қолданыстан  шығып  бара  жатқаны  жайлы  пікірі  құптарлық,  алайда  «бір  сөз 
болып, әлі кіріге алмай келе жатқан сын есімдер» дегенін құптау қиын. Өйткені, 
біріншіден,  бұл  сөздер  –  сын  есім  емес,  мөлшер  семантикалы  синтаксистік 
конструкция. Екіншіден, бұл типтегі синтаксистік құрылымдар ешқашан кірігіп, 
бір  сөз  болмайды.  Өйткені  бұл  –  мөлшер  семантикасын  берудің  ең  ежелгі 
аналитикалық  формаларының  бірі.  Көне  түркі  ескерткіштері  мен  М.Қашқари 
сөздігінде де мұндай құрылымдар көптеп кездеседі және олар қанша уақыт өтсе 
де, дәл сол құрылымын бүгінге дейін сақтаған. Тіптен бұл құрылым генетикалық 
туыстығы  қазақ,  түркі  тілдерінен  мүлде  алшақ  тілдерден  де  кездеседі. 
Синтаксистік  құрылымдағы  әр  сөзге  жүктелген  мөлшерлік  мазмұн  сөздердің 
басын біріктіріп, бір сөзге айналдырып жібермейді де.   
Отандық лингвистикадағы белгілі ғалымдарының бірі М.М.Копыленконың 
«Средства выражения количества в русском языке» атты еңбегінде сан-мөлшер 
категориясын орыс тілі материалдары негізінде қарастырады. Ғалым сан-мөлшер 
(көптік)  семантикалы  тілдік  бірліктерді  тоғыз  семантикалық  топқа  бөледі  [6]. 
Алайда  мұнда  да  көптік  категориясы  мен  сан-мөлшер,  мөлшер 
категорияларының аражігі  нақты  көрсетілмеген.  Еңбек  алғашында үш бөлімге 


31 
 
жоспарланған.  Екінші,  үшінші  бөлімінде  қазақ  тілі  мен  орыс  тіліндегі  сан-
мөлшер категориясын салыстыра зерттелу мақсат етілгенмен,  жарық көрмеген. 
Бұл туралы кітаптың кіріспе мазмұнында баяндалады. Дегенмен, аталған еңбек 
қазақ тіліндегі мөлшер категориясын зерттеуде теориялық негіз бола алады.  
З.Қ.Ахметжанова мөлшер категориясын «зонтичная категория» деп атайды. 
Ғалым  өзінің  «Принципы  сопоставительного  функционального  исследования 
казахского    и  русского  языков»    докторлық  диссертациясы  [141]  мен 
«Функционально-семантические  поля  русского  и  казахского  языков»  [20],  
«Сопоставительное  языкознание:  казахский  и  русский  языки»  [142]  
еңбектерінде қазақ тілі мен орыс тілі материалдарын салыстыра отырып, қазіргі 
қазақ  лингвистикасында  қарқынды  дамыған  функционалды  грамматиканың 
негізгі ұстанымдары мен теориялық негізін қалыптастырды. 
Қазіргі  қазақ  лингвистикасында  мөлшер  категориясын  сан-мөлшер 
категориясы деп беру біршама қалыптасқан. «Сан-мөлшер категория» терминін 
ұсынған  ғалым  –  С.Исаев.  Ол  өзінің  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  негізгі 
грамматикалық  ұғымдар»  атты  монографиясында  мұны  арнайы  тақырып 
көлемінде сөз етеді. Еңбекте көптік категориясын сан-мөлшер категориясы дей 
келіп,  зат  есімнің  көптік  жалғау  категориясы  мен  көптік  категориясының 
айырмашылықтарына  тоқталады.  Мұның  алғашқысын  жалқы  ұғым  деп  білсе, 
соңғысын  жалпы  ұғым  деп  таниды  да,  осы  жалпы  ұғымды  сан-мөлшер 
категориясы  ретінде  таниды.  Бұдан  әрі  «көптік»  ұғымды  берудің  тәсілдері, 
көптік жалғауының басқа да мағыналары, синтагмадағы қызметі туралы нақты 
мысалдармен ғылыми талдау жасалады [143, 58-64 бб.]. С.Исаевтің түсінігіндегі 
сан-мөлшер  категориясы  ол  «мөлшер»  ұғымы  (категориясы)  емес,  керісінше, 
«санның мөлшері» деген мағынаға келеді, яғни көптік категория. 
Белгілі ғалым Б.Момынова да «Қазақ тілінің морфологиясы» еңбегінде (оқу 
құралы)  көптік  категорияны  грамматикалық  категориялардың  бірі  ретінде 
арнайы қарастырады. Ғалым көптік категориясын жалпытілдік категория ретінде 
алып, оның «жекелік», «көптік» ұғымдарын өз алдына дербес категория ретінде 
алуға  болатынын  айтады.  Сонымен  қатар  аталған  категорияның  тіресім 
құрайтын бұл екі түрінен бөлек, санскрит, ежелгі орыс тілдерінде екілік тұлға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет