33
«шама» концептісінің
морфологиялық репрезентациясын сын есімнің шырай
категорияларымен байланыстырады. Сондай-ақ салыстырмалы шырай тұлғалы
етістіктердің қимыл мәнін білдіру ерекшеліктерін
қимыл-сын, мезгіл мәнді,
мөлшер мәнді, кеңістік мәнді, сипат мәнді, заттың түр-түсіне қарай сияқты
бірнеше топқа бөліп көрсетеді [146, 221-275 бб.].
Сан-мөлшер категориясын
функционалды бағытта қарастырған келесі бір
жұмыс – Л.М.Қабылдинаның «Мөлшер-өлшем мағыналарының
функционалды-
семантикалық өрісі» атты кандидаттық диссертациясы. Зерттеуші бұл
жұмысында ұлттық өлшем бірліктерге қатысты тілдік бірліктер мен қимылдың
қайталануын білдіретін кейбір қосымшаларды «мөлшер-өлшем мағыналы» деп
танып, оның функционалды-семантикалық өрісін талдауға баса назар аударылды
[147]. Ал Г.Сәрсеке өз мақаласында сан-мөлшер категориясы мен көптік
категориясын бірдей ұғымдар ретінде қарап, тек сандық жағынан «көптік»
ұғымдарды білдіретін лексикалық, морфологиялық, синтаксистік бірліктерді
көрсетумен шектеледі [148].
Л.О.Асқардың «Қазақ тіліндегі тәулік кезеңдері атаулары» атты
кандидаттық диссертациясында тәулік кезеңдері атауларын семантикалық,
концептілік және функционалды-семантикалық өріс тұрғысынан зерттеп,
«тәулік кезеңдері» функционалды-семантикалық өрісі құрылымын, оның тілдегі
берілу формаларын анықтайды. Сондай-ақ тәулік кезеңдерін білдіретін тілдік
бірліктерді
табиғат құбылыстарына байланысты атаулар, діни әдет-
ғұрыптарға байланысты атаулар, адамның қимыл-әрекетіне, төңіректі
қабылдауына байланысты атаулар, шаруашылыққа, төрт түлікке байланысты
атаулар, жан-жануар, құстарға байланысты атаулар деп бес семантикалық
топқа бөліп көрсетеді [149, 14 б.].
Өз кезегінде біз де мөлшер категориясы тақырыбында шағын мақалалар
жаза бастап, әрі қарай ізденісімізді тереңдетуге талпындық, мөлшер
категориясының тілдік табиғатына өзімізше үңілдік. 2011 жылы шыққан «Қазақ
тілінің функционалды грамматикасы» атты ұжымдық еңбекте мөлшер мәнді
тілдік бірліктердің құрылымдық ерекшелігін қарастырсақ [150, 721-775 бб.],
2014-2016
жылдары
«Қазақ
тіліндегі
сан-мөлшер
категориясының
функционалды-семантикалық өрісі» тақырыбында магистрлік диссертация
жаздық. Бұдан соң осы жұмыстың толық мәтіні «Грамматикадағы дүниенің
тілдік бейнесі» атты ұжымдық еңбекте жарық көрсе [151, 255-353 бб.], оқулық
мазмұнына сәйкес ықшамдалып өңделген нұсқасы (30 бет) «Жұмсалымды
грамматика» атты монография-оқулықта жарық көрді [152, 422-466 бб.]. Ал
мөлшер категориясын «тарихи парадигма» тұрғысынан қарастыруға арналған
зерттеулеріміз, нақтырақ айтқанда, XV–XVIII ғасырлардағы тілдік деректер
бойынша мөлшер категориясының поэтикалық ерекшелігі талданған
«Поэтикалық мәтіндерде «мөлшер» ұғымының теңеу тәсілі арқылы берілуі» [153]
деп аталатын бір мақала отандық конференция материалында, «Поэтикалық
тілдегі «мөлшер» ұғымының метафора тәсілі арқылы берілуі» [154],
«Поэтикалық тілдегі «мөлшер» ұғымының перифраз тәсілі арқылы берілуі» [155],
«Miktar Semantiğinin Dünya Dillerine Ortak Eski Sentaktik Yapısı» [156] деп
аталатын үш мақала шетелдік конференция материалдары мен ғылыми
журналдарда, «Поэтикалық тілдегі мөлшер ұғымының көрінісі» [157], мөлшер