Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет58/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

соғысты, оғыздармен бес рет соғысты. «Тониқуқ» ескерткішіндегі бұл мәтінде 
Табығач  (қытайға)  пен  Қытанға  (Кидан)  қарсы  соғыстың  дүркіндік  мәні  рет 
сөзімен  анықталатыны  айқын.  Ол  ескерткіштерде,  кей  тұстарда  нақты  көрініс 
тауып  отырады.  Кейде  тілдің  ықшамдалу  заңдылығы  мөлшерлік  конструкция 
шегінде де іске асады. 
2. Синтаксистік модельдер:  
Жалпы  тілде  «мөлшер»  ұғымын  берудің  синтаксистік  тәсілдері  біршама 
көп.  Ескерткіштер  мәтінінде  соның  көпшілігі  кездеседі  және  ол  бүгінгі  қазақ 
тілінің синтаксистік құрылымымен негізінен ұқсас. Солардың бірі – синтаксистік 
модельдер. Олардың өзі төмендегідей бірнеше түрлі болып келеді: 


72 
 
Сан  есімдер  мен  тәуелдік  жалғаудың  байланысы  арқылы  «бүтін  заттың 
бөлшегі» семантикасы беріледі. Бұл құрылымды (сан)+ ы, (сан)+ і  формасында 
өрнектеуге болады. Ескерткіштер  мәтінінде  бұл модельмен берілетін мынадай 
құрылымдар кездеседі: бір үлүгі йадағ (Тон., 4) // бір бөлегі жаяу; екі үлүгі атлығ 
(Тон., 4) // екі бөлегі атты т.б.  
Бұл құрылымдарда бірнеше бөлікке бөлінген бірбүтін шаманың бір бөлігі 
және  екі  бөлігі  айтылып  тұр.  Бір  бүтін  шама  қанша  бөлікке  бөлінсе  де,  оның 
бөліктері белгілі сандық немесе одан да басқа мөлшерлік семантиканы білдіреді. 
Осы  тіркестердің  семантикасына  толық  мәтін  ішінде  талдау  жасап  қарайық. 
«Тониқуқ» ескерткішінде былай беріледі: Ыда ташта қалмысы  қубранып йеті 
йүз  болты  екі  үлүгі  атлығ  ерті  бір  үлүгі  йадағ  ерті  иеті  йүз  кісіг  удыағыма 
(Тон., 4) // Ағаш-тас арасында қалғаны жиналып, жеті жүз болды, екі бөлегі 
атты еді, бір бөлегі жаяу еді жеті жүз кісіні ерткен
Контексте  тау-тастың  арасынан  жиналған  жеті  жүз  әскердің  үш  бөлікке 
бөлініп,  оның  екі  бөлігі  атты,  бір  бөлігі  жаяу  екені  айтылады.  Мұнда  «сан 
мөлшері» семантикасы бар. Алайда жалпы «сандық мөлшер» семантикасы нақты 
болғанымен,  бөліктердің  нақты  саны  белгісіз.  Әр  бөлігінің  сандық  мәні  кез 
келген сан болуы мүмкін. Бұл арада нақты сандық мәндерге ұғымдық қажеттілік 
жоқ. Керісінше, «шамалық» ұғымдар шегінде беру ыңғайлы. Бөлшектік мағына 
сандар арқылы емес, шамалар негізінде берілген.  
Жоғарыдағы синтаксистік модель керісінше болып та келеді. Яғни тәуелдік 
жалғаулы сөз бен сан есімдердің ы+(сан), і+(сан) формада байланысуы арқылы 
да  мөлшерлік  семантика  туындайды.  Бірақ  бұл  құрылым  арқылы  «бүтіннің 
бөлшегі»  семантикасы  емес,  «жалпылауыш»  семантикасы  беріледі.  Мысалы, 
сүсі үч бің ерміс (Тон., 16)  // әскері үш мың екен т.б. Мұнда  аффиксі жинақтық, 
меншіктік  мағына  тудырады,  ол  сан  есімдермен  грамматикалық  байланыста 
келіп,  белгілі  заттың  нақты  жинақтық  мәнін  көрсетеді.  Бұл  құрылымдардың 
семантикасына  мәтін  ішінде  талдау  жасап  қарайық.  «Тониқуқ»  ескерткішінде 
былай беріледі: Сүсі үч бің ерміс біз екі бің ертіміз сүңүсдіміз теңірі йарылқады 
йаңдуқ йолта йеме өлті күк анта өтрү оғуз қопын келті (Тон., 16) // Әскері үш 
мың  екен,  біз  екі  мың  екенбіз  соғыстық  Тәңірі  жарылқады  қайттық  өзенге 
түсті қайтар жолда тағы да көп өлді. Содан соң оғыз түгел келді. Үзіндіде жау 
әскерінің саны үш мың екені баяндалады. Бұл «сан мөлшері» семантикасы і+(сан) 
құрылымы  арқылы берілген.  Мұнда  әскер  санында  бөлшектік  емес,  жинақтық 
мән бар.   
Шығыс  септік  жалғаулы  (жасырын)  сөз  бен  кейбір  сын  есім  сөздерінің 
(Ø)+артуқы  ((дан)+артық)  синтаксистік  байланысы  арқылы  «межелі  шамадан 
көптік» семантикасы беріледі. Мысалы: Білге қаған бітігін Йолығ тігін бітідім, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет