Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет6/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Зерттеу  нысаны  –  мөлшер  категориясының  қазақ  тілі  дамуының  бес 
тарихи кезеңіндегі (V–IX ғғ.,  X–XII ғғ., XIII–XIV ғғ., XV–XVIII ғғ., XIX–XX 
ғғ.) тілдік бірліктері.  
Зерттеу  пәні  –  қазақ  тіліндегі  мөлшер  категориясының  тарихи 
парадигмасын танудың лингвистикалық аспектісі. 
Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері.  Диссертациялық  жұмыстың 
мақсаты  –  мөлшер  категориясының  тарихи  парадигмасын  лингвистикалық 
аспектіде  анықтау.  Зерттеу  мақсатына  жету  үшін  мынадай  міндеттер 
қойылады:  
-  «мөлшер»  ұғымының  тілдік,  логикалық  мәнін  ашу  және  оған  жақын 
ұғымдармен байланысын көрсету; 
-    мөлшер  категориясының  бес  тарихи  кезеңдегі  (V–IX  ғғ.,    X–XII  ғғ., 
XIII–XIV  ғғ.,  XV–XVIII  ғғ.,  XIX–XX  ғғ.)  тілдік  көрінісін  функционалды-
семантикалық аспектіде талдау;  
-    мөлшер  категориясын  құраушы  тілдік  бірліктердің  функционалды-
семантикалық ерекшеліктерін бес тарихи кезең және тіл деңгейлері бойынша 
салыстыру, әр тарихи кезеңнің өзара байланысы мен өзіндік ерекшеліктерін 
шығару;  
- мөлшер категориясының поэтикалық тілдегі ерекшеліктерін айқындау; 
- мөлшер категориясының даму, өзгеруінің негізгі заңдылығын табу және 
оған қандай тілдік және тілден тыс факторлар әсер ететінін анықтау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет