Маралбек ермұхамет


Зерттеу  жұмысында  қолданылған  әдіс-тәсілдер



Pdf көрінісі
бет8/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Зерттеу  жұмысында  қолданылған  әдіс-тәсілдер.  Диссертацияда 
мөлшер  категориясының  тілдік  табиғатын  қазақ  тілінің  бес  тарихи  кезеңі 
бойынша зерттеу көзделгендіктен, бұл түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды қажет 
етеді.  Атап  айтқанда:  әр  тарихи  кезеңдердегі  мөлшер  семантикалы  тілдік 
бірліктердің  лексика-грамматикалық  ерекшеліктерін  айқындау  үшін 
құрылымдық  әдіс  қолданылды;  қазақ  тілінің  қазіргі  және  тарихи 
қабаттарындағы  мөлшер  семантикалы  тілдік  бірліктердің  функционалды-
семантикалық, 
функционалды-грамматикалық 
ерекшеліктерін 
өзара 
салыстырып, олардың байланысын, тарихи даму үдерісін анықтау үшін тарихи-
салыстырмалы әдіс қолданылды; қазақ әдеби тілінің даму кезеңдеріндегі (XV–
XX  ғғ.)  тілдік  материалдар  мен  түркілік  кезеңдегі  (V–XIV  ғғ.)  тілдік 
материалдарды  салыстыру,  тілдің  тарихи  кезеңдерімен  байланысын, 
генетикалық туыстығын анықтау үшін салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды; 
«мөлшер»  ұғымының  философиялық  мәні  мен  тілдегі  логика-семантикалық 
құрылымын  анықтау  үшін  анализ  әдісі  қолданылды;  микромөлшер  ұғымдары 
мен әр тарихи кезеңдерге байланысты мөлшер семантикалы тілдік бірліктердің 
санын  анықтау,  оларды  өзара  салыстыру  және  кейбір  тірек  сөздердің  қазіргі 
қазақ  тіліндегі  қолданылу  жиілігін  анықтау  үшін  сандық  әдіс  қолданылды. 
Сондай-ақ  мөлшер  семантикалы  тілдік  бірліктерге  лингвистикалық  талдау 
жасауда  мәнмәтіндік  талдау,  бөлшектік  талдау,  этимологиялық  талдау 
тәсілдері қолданылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет