78
кісіні «бедүк бағырлық // үлкен бауырлы» дейді. Онысы «бауыры бүтін» дегені.
Садақтың орта тұсын да «иа бағыры // садақтың бауыры (МҚ, Т
1
-105). Бұдан
бедүк сөзінің
бауыр сөзіне қатысты туындайтын
үлкен деген мағынасы
анықталады.
Сын // бой; тұрық (сын-сымбат – А.Е.): бодзлығ сынлығ кіші // ұзын бойлы
кісі; бой-тұрқы ұзын кісі (Бойшаң сындарлы кісі – А.Е.). Көрді де «сын» дейді.
Өйткені, көрдің ұзындығы адамның бойымен бірдей шығатын (МҚ, Т
3
-195).
Сын – адам тұлғасының ұзындық қалпын білдіретін мөлшерлік лексема. Бойдың
ұзындығын не боймен өлшенетін кез келген шаманың ұзындығын білдіреді.
Қазақ тіліндегі
«сын түзелмей, мін түзелмейді» деген мақал бар. Осы мақалдағы
сын сөзі
бой мағынасын білдіріп,
«бой түзелмей, мін түзелмейді» деген ұғымды
білдірмей ме деген ойға жетелейді.
Бөң // бәкене; тайпақ: бөң кіші // бәкене кісі; тайпақ кісі. Бұл сөздің негізі
«шебең // шебең» болып, кейін қысқарған. Темірден жасалған астаяқ
мағынасындағы сөз (МҚ, Т
3
-477).
Бөң – адамның бой тұрқының қысқалығын
білдіретін мөлшерлік лексема. Сөздің бастапқы негізі зат (құрал) болса да,
заттың бойындағы сол қасиет (қысқалық) метафораланып, адам бойына балама
ретінде
қалыптасқан, қашықтық семантикасына ауысқан.
Достарыңызбен бөлісу: