Мардан сапарбаев


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет26/42
Дата15.11.2023
өлшемі290,41 Kb.
#123185
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Деректер орталығы деген не?
2. Бұлтты есептеулердің принциптері қандай?
3. Виртуализация технологиялары деген не?
4. Бұлттың Web-қызметі қандай?
5. LTE және WiMAX стандарт арасындағы айырмашылық қандай?
Дәріс №11. Мультимедиялық технологиялар.
Мақсаты: мультимедиалық технологиялар және виртуалды әлем мен
3-D анимацияларының ұсынуы туралы түсінік беру.
Жоспары:
1.Мәтіндік, аудио, бейне және графикалық ақпаратты сандық форматта
ұсыну. Ақпаратты сығу үшін базалық технологиялар.
2.Виртуалды әлемді 3-D ұсыну және анимация. Мультимедиялық
қосымшаларды әзірлеу құрал-саймандары.
3.Бизнес-процесстерді жоспарлау және сипаттау үшін мультимедиялық
технологияларды пайдалану, олардың визуализациялау.
1.Мәтіндік, аудио, бейне және графикалық ақпаратты сандық форматта
ұсыну. Ақпаратты сығу үшін базалық технологиялар.
Қазіргі заманғы компьютер сандық, мәтіндік, графикалық, аудио және
бейне ақпаратты өндей алады. Ақпараттың барлық түрлері компьютерде
екілік кодта ұсынылған, яғни екі шығыс әліпбиі (тек екі 0 және 1 цифр)
пайдаланылады. Бұл бірінші кезекте электр импульстің реттік түрінде
ақпаратты ұсынуға ыңғайлы екендігін көрсетеді: импульс жоқ (0), импульс
бар(1). Машина тілі - бұл бірлік және нөл логикалық кодтау реттілігі, мұндай
кодтау екілік деп аталады.
Әрбір сан екілік машинаның кодында ақпараттың бір битке тең.
Ықтимал жағдай ретінде машина алфавитінің цифрларын ескере
отырып, мұңдай қорытынды жасауға болады . Екілік сандар жазған кезде тек
екі ықтимал жағдайдының бірін таңдауы жүзеге асырылуы мүмкін,
сондықтан, бұл ақпарат, бір битке тең. Демек, екі сан екі бит ақпаратына тең,
төрт сан -4 битке және т.б. Ақпараттық биттер санын анықтау үшін екілік
машиналық кодта сандардың санын анықтау жеткілікті.
Деректерді қысу орналастырылатын нысан бойынша бөлінеді:
1. Файлдарды сығу(мұрағаттау): транспорттау және сыртқы байланыс
каналдарына аударуға дайындау кезінде файл өлшемін азайту үшін
пайдаланылады;
2. Қалталарды сығу (мұрағаттау): Сақтық көшірме жасау кезінде,
мысалы, сақтаудан бұрын қалталардың санын азайту құралы ретінде
пайдалану;
3. Дискілерді қысу (тығыздау): ақпаратты тасымалдаушыға жазу
кезінде (әдетте операциялық жүйе) оларды жазып дискіде қысу тиімділігін
арттыру үшін пайдаланылады.
Көптеген практикалық деректерде қысу алгоритмдері бар, бірақ олар
деректер резервтеуін азайту үшін теориялық әдістерге негізделген. Бірінші
әдіс деректерінің мазмұнын өзгерту, екінші - деректер құрылымын өзгерту,
және үшінші - деректер құрылымы мен мазмұнын де бір мезгілде өзгерту.
Деректерді қысқанда мазмұны өзгерсе, қысу әдісі қайтымсыз деп
аталады, яғни қалпына келтіргенде ақпарат толық қалпына келмейді. Бұл
әдістер ақпараттың жоғалуын реттейтін әдістер деп аталады. Осы әдістер
мазмұның бөлігінің жоғалуы ақпаратқа елеулі бұрмалауына әкеп соқпайды.
Мұндай деректер түрлері бейне және аудио деректерді, сондай-ақ
графикалық деректерді қамтиды. Ақпараттың жоғалуын реттеуге қысу
әдістері әлдеқайда үлкен деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ оларды мәтіндік
деректермен қолданылуы мүмкін емес. Ақпараттың жоғалуы және қысу
форматтарына мысалдар:
• JPEG – графикалық деректерге;
• MPG - бейне деректерге;
• MP3 - аудио деректерге.
Деректерді қысқанда тек қана құрылымы өзгерсе, қайтымды қысу әдісі
деп аталады. Бұл жағдайда, ақпаратты толығымен мұрағаттан қалпына
келтіруге болады. Қайтымды қысу әдістерін кез келген деректердің түрлеріне
қолдануға болады, бірақ олар қайтымды қысу әдістерімен салыстырғанда
төменірек қысу коэффициентті береді. Ақпаратты жоғалтпай қысу
форматтарының мысалдары:
• GIF, TIFF - сурет деректерге;
• AVI - бейне деректерге;
• ZIP, ARJ, RAR, CAB, LH - еркін деректердің түрлеріне арналған.
Деректерді мен көлемінің түрлері үшін әртүрлі тиімділігіне сай
ақпаратты шығынсыз қысудың көптеген түрлі практикалық әдістері бар.
Алайда, бұл әдістер теориялық үш алгоритмдерінде негізделген:
• RLE алгоритмі (Run Length Encoding);
• KWE тобының алгоритімі (KeyWord Encoding);
• Хаффман алгоритімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет