Маркетинг


Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….............…



бет7/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….............…

173



Кіріспе

Фирма әртүрлі тұжырымдамаларды – инвестициялар және шығындардың оптималдық деңгейін есептей отырып, қаржылық; нарыққа бәсекенің әртүрімен шыға отырып, бәсекелестік; өз өнімдерінің көрсеткіштерінің сапасын жақсарта отырып, тауарлық және т.б. пайдалана отырып өзінің басқару түрін таңдап алады. Бірақ, қазіргі уақытта белгілі бір мақсатты нарықтағы тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және түсінуге бағытталған маркетингтік тұжырымдама басқаруда көп тиімділік алып келеді.


Соңғы жылдары тәжірибешілердің, ғалымдардың және жалпы қоғамның маркетингке деген қызығушылығы философиялық және кәсіпкерліктің құралы тұрғысында айтарлықтай өсіп отыр. Маркетинг – нарықтың кәсіптік қызметіне арналған негізгі пәндердің бірі болып табылады және оларда нарықты қалай сипаттау және оны сегменттерге қалай бөлу; мұқтаждықты, сұранысты және мақсатты нарық аясында талғамдарын қалай бағалау; осы нарыққа қажет тұтынушылық қасиеттері бар тауарды шығару және сынау; баға арқылы осы тауардың құндылығы жайлы ақпаратты қалай тұтынушыға жеткізу; тауарды тұтынушыға жақсылап насихаттап, оны көбірек сату үшін жақсы делдалдарды қалай таңдау, тұтынушылар тауар жайлы ақпарат таратып, оны тұтынушылар алатындай етіп қалай жақсылап жарнамалау сияқты ұғымдар міндетті түрде болу қажет.
Ұсынылып отырған оқу құралы ««Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бағыты бойынша оқитын студенттерге арналған «Маркетинг» пәні бойынша типтік және оқу жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Аталған оқу құралының авторы өз мақсаттары мен есептерін мазмұндау барысында қызметтер өнімдерді өндіру және өткізудің кез келген саласында осы білімдерді қолдануға арналған отандық және шетелдік авторлардың маркетингтің теориясы мен тәжірибесі бойынша оқу құралдары мен әлемдік тәжірибе базасында қалыптасқан маркетингтік қызметтерді жүзеге асырудың негізгі әдістері мен қағидаларынан тұратын, маркетингтің теоретикалық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар, әрбір тақырыпты білімді тексеру мен бекітуге арналған бақылау сұрақтарымен; теориялық және тәжірибелік материалдарды игеруді бағалайтын тесттермен; маркетингтік шешімдерді қабылдай білуге арналған білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған тәжірибелік жаттығулармен; логикалық ойлауды дамытатын, негізгі ғылыми түсініктер мен ережелерді толық игеруге көмектесетін жеке үй тапсырмаларымен толықтырып отырған. Материалды мазмұндау әдісі аталмыш оқу құралын барлық оқу нысандарындағы студенттерді даярлау барысында қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу құралы менеджерлердің, маркетологтардың, экономистердің, қаржыгерлер мен есепшілердің біліктіліктерін көтеру барысында қолданылуы мүмкін.
Маркетинг мақсаты - өткізуге күш салуды
керексіз қылу
П. Друкер






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет