МАРКЕТИНГТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Жалпы теориялық ұғымдар
Оқудың мақсаты 1 Маркетингтің маңызы мен мазмұнын, оның тұжырымдамаларын,
функциялары мен қағидаларын оқу.
2 Маркетингті құраушы кешендерді, маркетингтің түрлері мен типтерін
анықтау.
3 Маркетингтің пайда болуы мен дамуының экономикалық алғышарттары
бойынша білімді бекіту.
Сұрақтар 1 Маркетингтің мәні мен мазмұны.
2 Маркетинг концепциялары.
3 Маркетингтің функциялары мен негізгі қағидалары.
4 Маркетинг кешені.
5 Маркетингтің түрлері мен типтері.
1 Маркетингтің мәні мен мазмұны Қазіргі уақытта басқаруда ең үлкен тиімділікті қамтамасыз ететін маркетингтік концепция белгілі бір мақсатты нарық тұтынушыларының мұқтаждықтарын білу және қанағаттандыруға бағытталған.
Маркетинг (ағылшынның market – нарық сөзінен) – бұл кәсіпорынның өндірістік-өткізушілік және ғылыми-техникалық іс-әрекетін басқаруының нарықтық концепциясы, ол кәсіпкерлік өрісті, нарықты, тұтынушылардың нақты мұқтаждықтарын және өндірілетін тауарлар мен қызметтердің оларға бағыттылығын танып білуге арналған. Маркетинг негізінде өте қарапайым бастапқы ой жатыр: сатып алушы қалайтын және оның мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін және сұранысын жалпы қанағаттандыра алатын затты, ол төлеуге дайын баға бойынша өндіру. Маркетологтардың ойынша: «Құртты балықшы емес, балық ұнатуы керек».
Маркетинг – бұл таза нарықтық түсінік, бұл белгісіз нарыққа шығарылған тауардың аты мен таңбалануы емес, бұл сатып алушылардың талаптарын есепке алудың және талдаудың ғылыми құрастырылған тұжырымдамасы және жаңа тауардың қажеттігі анықталған кездегі құрылым; бұл ынталандыру мен жарнама бойынша шараларды қоса алғандағы сатуларды ұйымдастыру жүйесі. Оның функциясы – белгілі нарықтық жағдайларда өндіруші, сатушы және тұтынушы арасында олардың барлығымен пайда алуды мақсат тұтатын арақатынасты дамыту.
Әлемде маркетингтің 2000 астам анықтамалары саналады, сонда да маркетингті сипаттау көзқарастар шеңбері өте кең, ал кейбір кездерде қарама-қарсы.
Маркетингті бизнестің философиясы ретінде, іске нақты әдістеме ретінде және іскерлік сипаты ретінде қарастырады.
Маркетинг – айырбас жолымен адамдардың қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған адамның іс-әрекет түрі.
Маркетинг – мүмкін болатын сатып алушыны фирма клиентіне аударуға бағытталған фирманың нарықтағы іс-әрекеті.
Маркетингтік қызметтің негізгі мақсаты: сатулар көлемін және өткізу нарықтарын кеңейту, нарықта алатын үлесті үлкейту, белсенділігінің және табыстарының өсімі, фирма басшыларымен өндірістік-өткізушілік және ғылыми-техникалық іс-әрекет саласында қабылданатын шешімдерінің негізделгенін қамтамасыз ету, фирманың ары қарай дамуын болжау мүмкіндігі.