Маркетинг



бет21/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауапты тауып, шешім қабылдаңыз
Маркетологтар екi достың жұмыстан кейін шаршап дем алуға бір кафеге барған оқиғасын көп айтады. Ұзақ уақыт әңгімеден кейін олар жақсы көңілмен әррбіреуі өз үйлеріне қайтады. Солардың біреуі үйдегі күтіп отырған қуанышты жанұясын есіне түсіріп, әйелі оған нан ал дегені есіне түседі. Содан қайтадан кері оралып нан аламын деп жургенде, кафенің жанынан өтіп келе жатқанда досының шамы көзіне түсіп, оның бұл жерде не істеп жүргенін білгісі келеді. Бірден ол бірдене іздеп жүргенін көреді. Жанына келіп: «Досым, не іздеп жүрсің?» деп сұрағанда, досы: «Манағы сырадан кейін бір қараңғы жерге баруға тура келді, қарасам әмияным жоқ екен, енді соны іздеп жүрмін» дейді. «Енді қараңғы жақтан қарамай бұл жерден іздеп жүрсің?». Досы сол кезде: «Бәрібір қараңғы жақтан оны таппаймын ғой» деп жауап беріпті. Неліктен, адамдар өзіне қажетті мәліметті керек жерден іздемейді? Ең негізгі маркетологтарға қажет мәлімет қандай және оны қайдан табуы керек?


4 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауапты тауып, шешім қабылдаңыз
Депутатқа ұсынушы кандидаттардың біреуі өзіне қажетті ең негізгі дауысқа түсетін округте тұрғындардың құрамы туралы мәлімет беруді ұсынды, соның ішінде ерекше топтардың пайыздық мөлшерін, яғни мекен-жайын, жанұяның құрамын, білім деңгейін жұмыс істейтін жерін көрсетуді ұсынады. Неліктен депутатқа ұсынушы кандидатқа бұндай мәлімет қажет? Өзінің алға шығарып отырған компаниясында маркетингті өз деңгейіне шығару үшін біріншіден не істеуі қажет?


5 тапсырма. Талқылаңыз
Бірінші ретті мәлімет негізінде Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері


6 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауапты тауып, шешім қабылдаңыз
Сіз-дүкендер желісінің иесісіз және алмалардың сату көлемін ұлғайту үшін оларды тұтынушыларға өздеріне қарап ала алатындай идея қарастырдыңыз. Сіз бұл идеяңыз бойынша тәжірибені сипаттаңыз. Мақсатқа жетуде қандай белгілер болды?


7 тапсырма. Есептің шешуін табыңыз
Маркетингтік зерттеулер бойынша фирманың нарықтағы12%-дан 15 %- ға дейін үлесін үлкейту көзделіп отыр, нарықтың сатып алу көлемі 63 млн өнімді құрайды. Егер осы өнiмге нарық сыйымдылығы бұлжымайтын, бiр бұйымға есептеудегi пайда 1, 1 ш.б. құрайтыны белгiлi болса, фирманың қосымша пайдасы алдағы жылда қандай болады, егер маркетинг қызметiне шығындар 35000 ш.б. болса?


8 тапсырма. Есептің шешуін табыңыз
Тауарларға сұраныс айға 2000 даналарын құрайды және 6%ке ай сайын өседi. Сұраныс еселенуі үшін қанша уақытты талап етеді, егер қазiргi тенденция жалғаса берсе?


9 тапсырма. Есептің шешуін табыңыз
Сұрақтарының төменде аталған тұжырымдарынан қандай қолдану формасын алуға болады - ашық және жабық:

  1. Сiз қалай ойлайсыз неліктен адамдар қымбат пәтерді сатып алады?

  2. Сіздің көзқарасыңыз бойынша сатып алушы қандай факторларды есепке алады?

  3. Сатып алушылар пәтер алғанда мәртебе туралы ойлай ма?

  4. Сiз неліктен қымбат пәтерді сатып аласыз?

  5. Сіз осы жағдайда қандай факторларды ескересіз?

  6. Сіз пәтер сатып аларда, сізге мәртебе маңызды ма?



10 тапсырма. Түсіндіріңіздер
Төменде көрсетілген ұйымдар маркетингтік зерттеулерді қалай пайдаланады:

  • шағын спорттық тауарлар дүкені;

  • ірі авиакомпания;

  • университет;

  • бейсбольдық топ;

  • ірі телекомпания;

  • компьютер шығаратын ірі бірлестік;

  • үлкен қаладағы музей;

  • қала орталығындағы супермаркет.



11 тапсырма. Тапсырманы орындаңыздар
Ұйымға маркетингтік ақпарат жүйесінің өзіңіз жақсы білетін және нақты көрсеткіштерімен құрыңыздардар, мысалы, ішкі ақпарат- ай бойынша тауарлық номенклатураның сатылу көлемі және т.б. Ақпаратты алу көздерін атаңыздар. Кәсіпорынды тиімді басқаруға бұл ақпараттың жеткілікті екеніне көз жеткізіңіздер.


12 тапсырма. Тапсырманы орындаңыздар
Берілген жағдайларға байланысты зерттелу типін көрсетіңіздер. Жауаптарыңызды нақты дәлелмен келтіріңіздер.
1. Институттың кітапханалық дүкені өздерінің ассортименті, бағалары және сапалы қызметтері туралы студенттердің өз ойын білгісі келеді
2.«Gillette» фирмасы өзінің жаңа ерлерге арналған дезодоранттарын сату барысында мүмкіншілік табысты анықтау қажет.
3. Фирма тез өркендеу жолындағы қала маңынан дүкен ашатын орынды анықтағысы келеді.
4. Кір жуатын ұнтақ шығаратын кәсіпорын өз өніміне деген тұтынушылардың көзқарасын білгісі келеді.


13 тапсырма. Талқылаңыздар
«Маркетингтік зерттеу – бұл Америка Құрама Штаттарында бизнес, бұл Ұлыбританияда индустрия, Германияда ғылым және Ресейде өнер» (Белгілі маркетингтік агентствода айтылғандардан GFK Rus).


14 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер
Сіздер жақсы білетін ұйымның жағдайын қисынға келтіріп және олардың шешу жолдарын белгілеп (екінші және бірінші ретті) анықтап қажеттісін жинау, критерийларды бағалау үшін қисынға келтіріңіздер, балама терімділікті және қолданылған шешімдерді іске асырыңыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет