Маркетинг



бет17/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

Жіктелу белгісі

Зерттеулер түрі

Зерттеу бағыты бойынша

Сыртқы өзгерулерді зерттеу
Ішкі өзгерулерді зерттеу

Территориялық тұтастығы бойынша

Локалдық
Аймақтық
Ұлттық
Халықаралық

Зерттелетін мақсаттардың түрі бойынша

Ізденушілік
Сипаттаушы
Каузалдық
Тесттік
Болжамдық

Зерттелетін мақсаттардың саны бойынша

Бір мақсатты
Көп мақсатты

Нәтижелерді негіздеу сипаты бойынша

Сандық
Сапалық

Ақпарат көздерін қолдану түрі бойынша

Далалық (бірінші ретті)
Бөлмелік (екінші ретті)

Мәселелерді қамту дәрежесі бойынша

Толық
Жеке

Жүргізудің реті бойынша

Бір реттік
Көп реттік

Ұсынылған қызығушылықтардың саны бойынша

Жеке
Ұжымдық

  1. Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру

Тәжірибе жүзінде зерттеулерді жүргізуді фирма өз күшімен, сонымен қатар берілген облыста мамандандырылатын басқа ұйымдардың көмегімен жүргізе алады. Зерттеулерді жүргізу түрі туралы шешім қабылдаған кезде факторлар қатарын ескеру қажет: зерттеу құны, зерттеу жүргізу тәжірибесінің және қажетті квалификация мамандардың бар болуы, өнімнің техникалық ерекшеліктерін терең білу, объективтілік, арнайы жабдықтардың болуы (ДК және оларға арналған арнайы бағдарламалар, тесттілеуге қажетті жабдықтар), құпиялылық.
Маркетингтік зерттеулер процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең. Маркетингтік зерттеуді жүргізу нәтижесінде шешілуге тиісті мәселе анықталады.
Екінші кезең. Зерттеудің мақсаты қойылатын зерттеудің объектісі мен әдістері анықталатын маркетингтік зерттеулердің жоспары құрастырылады.
Үшінші кезең. Бріншіден екінші ретті, ал содан кейін бірінші ретті ақпаратты жинақтау жүзеге асырылады.
Төртінші кезең. Ең сенімді, сапалы ақпаратты таңдау жүзеге асырылады, ал артық қажетсіз ақпарат жойылады.
Бесінші кезең. Сәйкес мәліметтер қорларын толықтыра отырып, ақпарат жинақталады.
Алтыншы кезең. Маркетингтік зерттеулердің алдына қойылған мәселелерді шешу үшін ақпарат сипаты және олардың көлемдері жеткілікті болған кезде, олар болашақтағы нұсқаларды талдауларға қолайлы болуы үшін кестелерге, графиктерге және т.б. құрастырылады.
Жетінші кезең. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтерді маркетинг бойынша сараптаушылар, мамандар және менеджерлер тиянақты ойластыруға тартады, оларды өңдейді, салдарлар мен қорытындалар шығарады.
Сегізінші кезең. Салдарлар мен қорытындылар негізінде нарықтық жағдайдың, тұтынушылар сұраныстарының, фирманың бәсекелестік позициясының және т.б. келешектегі дамуының болжамдары құрастырылады және зерттеулердің алдына қойылатын мәселені оптималды шешуді қамтамасыз ететін ұсыныстар әзірленеді, олар есеп және нарықтық іс-әрекеттердің маркетингтік жоспары түрінде рәсімделеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет