4 Тауарларды нарықта позициялау Мақсатты нарықты таңдағаннан кейін кәсіпорын әр сегментте қандай позицияға орналасу керектігін шешуі тиіс.
Өнімнің позициясы - өнімнің маңызды параметрлері бойынша тұтынушылардың пікірлері. Ол тұтынушылардың ойында бәсекелестердің өнімдеріне қатысты берілген нақты өнімнің алатын орнын сипаттайды.
Тәжірибе жүзінде өнім позициясын позициялау картасының көмегімен сипаттайды, олар сипаттамалардың түрлі жұптарының екі өлшемді матрицасы түрінде келеді, мысалы, «баға-сапа», «сапа-сенімділік» және т.б.
Пазициялау – бұл тауардың уникалды мүмкіндіктері, оның нарықтағы және тұтынушылардың ойындағы арнайы ойы, тауардың берілген спецификациясының перспективадағы орны ескерілген түсінік.
Позициялау мақсаты қайсібір белгісі бойынша берілген тауарды бәсекелестердің ұқсас тауарлары арасынан потенциалды сатып алушыларға бөліп көрсетуге көмектесуден және сатып алу кезінде оған назар бөлуден тұрады.
Тауарды позициялау – тауарға нарықта бәсеке қабілетті орын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер.
Бәсекелестердің айқындалған позицияларын ескере отырып фирма қолында бар екі жолдың біреуін таңдап ала алады.
Бірінші жол – өзін нарықта бар бәсекелестердің қасында позициялау және нарықтық үлес үшін күресу.
Екінші жол – берілген тауарлық ассортимен шеңберінде нарықта әлі жоқ өнімді әзірлеу.
5.2 Бақылау сұрақтары
Сегменттеудің маңызы неде?
Нарықты сегменттеудің белгілері мен критерийлері жүйесін ашып көрсетіңдер.
«Мақсатты нарық –маркетингті көздеу нүктесі» уәждемесін талдаңдар. Сегменттеудің қандай тиімді тәсілін білесің?
Котлер – Портердің қандай стратегиялары бар?
Тауарды нарықта позиционирлеудің маңызы неде?
5.3 Тесттер
1. Нарықты сегменттеу– бұл
A) құрылған сұранысқа сай қалған тұтынушылардың жеке топтарын белгілеу;
B) белгілі бір тауарлар мен қызметтерге қызығушылығы бар тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеп білу;
C) нарықты тұтынушылардың жеке топтарына бөлу;
D) жеке топтардағы сатып алушыларға ұсынылуы мүмкін өзіне сай тауар немесе маркетинг кешенін көрсету;
E) тауарларды жеке топтарға бөлу.
2. Шағын тігін кәсіпорны бәрінен бұрын қандай маркетинг түрін қолданады
A) дифференциалданған маркетинг;
B) дифференциалданбаған маркетинг;
C) концентрирленген маркетинг;
D) бұқаралық маркетинг;
E) стандартты маркетинг.
3. Тауардың нарықта позициялануын жүргізу бұл:
A) бәсекеге қабілеттілігі бойынша тауардың нарықтағы орнын сегментке сай анықтау;
B) тауардың сатылуы мүмкін көлемін бекіту;
C) берілген тауарға потенциалды сатып алушылардың көзқарасын
айқындау;
D) берілген тауардың тұтынушылар тобына арналуы;
E) тауар өндірісінің мүмкін көлемін айқындау.
4. Тігін фирмасы жас сипаты бойынша ерлерге арналған костюмдердің нарығын сегменттеуді жүргізді. 50 және одан жоғары жастағы ер адамдарға нарық сыйымдылығы өте үлкен екені белгілі болды, бірақ бұл тұтынушыларға костюмдерді ешкім тікпейді. Алынған ақпаратқа байланысты фирма бұл сегментті жылдам және мына түрде қарастырады.
A) нарықтық текше;
B) фирманы қызықтырмайтын сегмент;
C) нарықтық терезе;
D) жетілдіруді қажет ететін әрекеттер сегменті;
E) нарықтық сегмент.
5. Аяқ киім фабрикасы алынған нарықты сегменттеуді жүргізіп, мақсатты бағыттағы нарықты, орналасуын, позициялануын және тұтынушылардың іс-әрекетін анықтады:
A) тауарларды нарыққа шығаратын болады;
B) маркетинг кешенін шығарады;
C) өз тауарларының жарнамасын жасайды;
D) өзіне стратегиялық серіктестерді іздей бастайды;
E) өзінің стратегиясын жасай бастайды.
6. Нарықты сегменттеу - бұл
A) бәсекелестерді бірыңғай топтарға бөледі;
B) тұтынушыларды бірыңғай топтарға бөледі;
C) тауарларды бірыңғай топтарға бөледі;
D) бәсекелестер мен тұтынушыларды бірыңғай топтарға бөлу;
E) бәсекелестерді, тұтынушыларды және тауарларды бірыңғай
топтарға бөлу
7. Тауарды позициялау – бұл
A) тауардың нарықтағы орнын анықтау үшін негізгі тұтынушылардың тауарын олардың бәсекелестерімен салыстыру;
B) тауардың қатынасындағы кәсіпорынның нарықтық саясатының барлық мүмкіншілігін талдау;
C) тауардың потенциалдық тұтынушыларын анықтау;
D) өндірушілердің және түпкі тұтынушылардың бір бірімен әрекеттесуін үйлестіру;
E) үлкен нарықтың бөлінуінің процесі;
8. «Нарықтық терезе» түсінігі байланысты
A) фирмадағы тауарлардың бәрінен көп келетін сегментімен;
B) мұқтаждықты қанағаттандырмайтын тауардың болуындағы сегментпен;
C) бар тұтынушылардың ойлап тапқан сегментімен;
D) барлық жауаптар дұрыс;
E) дұрыс жауабы жоқ.
9. Сегменттің критерийлік бағасы керек:
A) нарық сыйымдылығын анықтау үшін;
B) мақсаттық нарықты таңдау дұрыстығын дәлелдеу үшін;
C) сегментке ұсыныс құру үшін;
D) барлық жааптар дұрыс;
E) дұрыс жауабы жоқ.
10. «Сегменттеу» және «позициялау» түсінігі арсында қандай байланыс бар
A) сегменттеу және позициялау – бұл өзара бір мағынаны білдіреді;
B) өнім нарықта жалпылай позицияланады, ал сегменттеу нарықты бөлуге бағытталған;
C) бірінші өнім позицияланады, соден кейін нарықты сегменттеу
жүргізіледі;
D) өнім таңдалған сегментте позицияланады;
E) сегменттеу тауарды топтарға бөлуге бағытталған, ал позициялау нарықты бөлуге.