Маркетинг


Сегменттеудің белгілері және критерийлері



бет33/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

2 Сегменттеудің белгілері және критерийлері
Сегменттеудің белгісі – бұл берілген сегментті нарықта айырықша көрсету тәсілінің көрсеткіші.
Тұтынушылық тауарларды сегменттеудің және өндірістік-техникалық тағайындалған тауарларды сегменттеудің белгілерін бөліп көрсетеді.
Тұтынушылық тауарлар нарығын сегменттеу белгілері.
- географиялық; - әлеуметтік және мәдени;
- демографиялық; - психогеографиялық;
- экономикалық (мүліктік); - тәртіптік.
Өндірістік-техникалық бағыттағы тауарлар нарығын сегменттеу белгілері:
- өндірістік-экономикалық критерийлер;
- сатып алуды ұйымдастыру спецификасы;
- сатып алуға тапсырыс беру тәуелді болатын тұлғалардың жеке
сипаттамалары;
Сегменттеудің критерийлері – бұл фирма қызмет ету үшін белгілі бір нарықты қаншалықты дұрыс таңдағанын көрсетеді. Тәжірибе жүзінде келесілерді бөліп көрсетуге болады:
- сегменттің сандық параметрлері;
- кәсіпорынның сегментке қол жеткізу мүмкіндігі;
- таңдалған сегменттің бәсекелестіктен қорғалуы;
- сегменттің мәнділігі;
- сегменттің негізгі бәсекелестер нарығымен сәйкестендірілуі;
- талданған сегментте тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі
- табыстылық.
3 Мақсатты нарықты таңдау
Мақсатты нарық фирманың маркетингтік қызметі және маркетингтік зерттеу үшін ең оптималды, тиімді және перспективті деп таңдалған бірнеше немесе бір сегментінен тұрады.
Мақсатты нарықты таңдау бір жағынан бизнестің сыртқы шарттарының талаптарын, маркетингтік ортаны, нарықтың жеке сегменттердің сұраныстарын, ал екінші жағынан фирманың өндірістік-өткізушілік мүмкіншіліктерінің есебін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда бір жағынан нарықтың түрлі сегменттерінің қызығушылықтарын, ал екінші жағынан – фирмаға оны жауалап алуға және позицияны кеңейтуге мүмкіндік беретін бәсекелестік басымшылықты анықтау қажет. Осындай ұқсас «өлшеу» мақсатты және өнімді нарықты табуға мүмкіндік береді.
Нарықтың оптималды сегментін іздеу кезінде екі әдісті қолдану ұсынылады:

  1. Шоғырландырылған әдіс немесе «құмырсқа» әдісі, - бір сегменттен екінші сегментке реттелген мақсатты нарықты іздеу жұмысы жүргізіледі; Нарықтың бір сегменті, содан кейін келесісі және т.с.с. игеріледі.

  2. Дисперсті әдіс немесе «инелік» әдісі, - тұтынып көрулер және қателер әдісі немесе «садақ ату» әдісі – ол тауарды нарықтың максималды мүмкін сегменттер санына бірден шығуын көздейді, нәтижесінде бұл оған анықтау шамасы бойынша шығындалатын, перспективсіз сегменттерді жою арқылы көбіне оптималды сегменттерін таңдау мүмкіндігін береді.

Котлер-Портер стратегиялары
Егер маркетингтік стратегиялардың негізгі бағыттарын – мақсатты нарықты таңдау және стратегиялық артықшылық (тауардың уникалдығы немесе оның бағасы) екі аспектілер бойынша біріктірсек, онда фирманың келесі негізгі стратегияларын ерекшелеуге болады.
Жаппай, дифференциалданбаған, стандартты маркетинг стратегиясы. Бұл жағдайда фирма сегменттердегі айырмашылықтарға қарамай, бір тауарды бірден барлық нарыққа шығарады.
Дифференциалданған маркетинг стратегиясы. Фирма тұтынушылық қасиеттерімен, сапасымен, рәсімделуімен, қаптамасымен және т.б. ерекшеленетін және нарықтағы әртүрлі тұтыну топтарына арналған бір тауардың әр түрлі тұрпаттарын шығарады.
Шоғырланған, мақсатты маркетинг стратегиясы. Сатушы-фирма нарықтың бір немесе бернеше сегметінде өзінің іс-әрекеттерін шоғырлайды, және де тек осы топтардың сатып алушыларын қанағаттандыру есебімен тауарларды шығарады және маркетингтік жолдарды құрастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет