Маркетинг



бет45/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

Ассортименттік саясат

Тауарлық саясат жоспарында оның құрамды бөлігі ретінде ассортименттік саясат өте маңызды болып келеді, оның негізгі мәселелерінің бірі болып фирманың нарықтағы жемісті жұмысына және оның жалпы қызметінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететуге арналған тауар топтарын анықтау табылады.
Ассортимент деп төмендегі бағыттарға арналған тауар жиынтықтарын айтады:

  • қолданудың белгілі бір аумағына арналған;

  • белгілі бір баға интервалында сатуға арналған;

  • нақты дүкендер, супермаркеттер, бутиктерде және т.б. сатуға арналған;

  • тұтынушылардың белгілі бір категориясына арналған.

Егер фирма тауардың әртүрлі түрлерін шығаратын болса, онда олардың ассортименттік топтарының сомасын тауарлық номенклатура деп атайды.
Номенклатураның (ассортименттің) басты сипаттамалары:

  • кеңдігі;

  • тереңдігі;

  • қанықтылығы;

  • үйлесімділігі.

Тауарлардың оптималдық жинағын құрастыру бойынша біртекті ұсыныстар жоқ, бірақ келесі тауарлық топтарды нарыққа бір мезгілде шығару ұсынылады:

  • негізгі – өсу кезеңіндегі тауарлардың сатудан түсетін кірісті тұрақтандыратын тауарлар;

  • қолдайтын – жетілу кезеңіндегі тауарлардың сатудан түсетін кірісті тұрақтандыратын тауарлар;

  • стратегиялық – кәсіпорынның болашақ пайдасын қамтамасыз етуге арналған тауарлар;

  • тактикалық – ереже бойынша өсу және жетілу стадиясындағы негізгі тауар топтарын сатуды ынталандыруға арналған тауарлар.

Ассортименттік саясатта сонымен қатар әзірленетін тауарлар және нарықтан кететін тауарлар да есепке алынады.


Ассортименттік стратегияның бағыттары:

  • тар тауарлық мамандану;




  • тауарлық дифференциация;




  • тауарлық диверсификация;

  • тауарлық тік интеграция.












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет