Маркетинг


Тақырып МАРКЕТИНГТЕГІ ТАУАРЛЫҚ САЯСАТ



бет44/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

7 Тақырып
МАРКЕТИНГТЕГІ ТАУАРЛЫҚ САЯСАТ







Ерекше бұйымдар зертханаларда,
ұлы тауарлар маркетинг бөлімінде
жасалынады
Уильям Х. Давидоу
7.1 Жалпы теориялық ұғымдар


Оқудың мақсаты
1 Жаңа тауар түсінігін, инновациялық енгізулердің себептерін, жаңа тауарды әзірлеудің негізгі кезеңдерін, ТӨЦ ұзартудың әдістері мен стадияларын оқу.
2 Фирманың тауарлық саясаты аумағында білімді бекіту.


Сұрақтар
1 Тауарлық саясат: түсінігі, мақсаты және маркетинг кешеніндегі оның орны
2 Ассортименттік саясат.
3 Жаңа тауар: түсінігі, инновациялық енгізулердің себептері, әзірлеу жолдары.
4 Жаңа тауарды әзірлеудің негізгі кезеңдері.
5 Тауардың және фирманың бәсеке қабілеттілігі.


1 Тауарлық саясат: түсінігі, мақсаты және маркетинг кешеніндегі
оның орны
Тауарлық саясат – бұл тұтынушы үшін тауарды құнды ететін және сол қасиетімен фирманы сәйкес табыспен қамтамасыз ете отырып, қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыратын тауардың сипаттамаларын құрастыру және бәсекелестік басымшылдықты қалыптастыру бойынша стратегиялар мен шаралардың жиынтығын жоспарлау және жүзеге асырумен байланысты маркетингтік қызмет.
Тауарлық саясаттың негізгі мақсаты:
- табысты қамтамасыз ету;
- тауар айналысын ұлғайту;
- фирма жұмыс істейтін нарық үлесін ұлғайту;
- шығындарды азайту;
- имиджді жоғарылату;
- қауіп-қатерді жою.
Жалпы жағдайда тауарлық саясат үш күрделі мәселені қамтиды:
1. нарыққа жаңа тауарларды құру және шығару;
2. өндірістік бағдарламада бар тауарларды модификациялау;
3. сұранысқа ие тауарларды әрі қарай өндіру.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет