Венгер нарығындағы жаңа тіс пастасы Fiko косметикалық кәсіпорыны Венргияда өз өнімдерінің жоғары сапасымен кең танымал. 80-ші жылдардың соңында кәсіпорын директоры жұмысты пайданы көбейтуге бағыттауды ұсынды. Әрбір басшы жұмысшыға жаңа тауар шығарудың мүмкіндіктерін ізденуді тапсырды. Ең тез шешім жаңа тіс пастасын шығару екендігі болып шықты. Пастаны шығару бойынша барлық зерттеулер мен талдаулар аяқталып, пастаға жаңа атау табу керек болды. Жаңа паста ең сапалы құраушылардан жасалды. Ағартқыш қасиеті, хош иісі, кариеске қарсы және никотин жоюшы қасиеттері басқа пасталарға қарағанда айтарлықтай жақсы болды. Сондықтан ол нарықтағы пасталардың орнын басушысы болатынына күдік болмады.
Венгрия нарығына тез арада шығудың тауары осы деген шешім қабылданды. Тіс пастасына «Квалиташ» деген атау беріліп, оны көзге жайлы көрінетін қаптама таңдалды. Маркетинг бөлімі бұл пастаны нарықтық бағадан жоғары бағамен нарыққа шығарушы ұсынды. Нарықтағы арзан өніммен үздік маркалы тауарды ажырату үшін кәсіпорын бұндай әдісті бұрыннан бері қолданып келуде. Басшылық бұл ұсынысты қолданды. Тауарды сату қиындыққа түспеді, өйткені Fiko баяғыдан бері көтерме сауда кәсіпорындарымен жақсы қатынаста болды.
Бірақ «Квалиташ» пастасы нарықта сұранысқа ие болмады. Сатып алушыларға жүргізілген сауалнама негізінде келесі жағдай көрінді:
Мен қазір қолданып жүрген паста өте жақсы, ал «Квалиташа» пастасының дәмі маған ұнамады;
Тауар сатып алатын универсамнан ешқашан «Квалиташ»-ты көрмедім, маған бұрыннан қолданып келе жатқан паста ұнайды, не үшін мен оны ауыстырам?
Қымбат пастаны алғым келмейді, менің ойымша ол қаншалықты қымбат болғанымен, соншалықты жақсы болуы мүмкін емес;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Fiko кәсіпорынының қызметкерлерінің алдына қойылған тапсырманы сипаттаңыз.
Венгерлік кәсіпорын нарықта қандай стратегия жүргізді?
«Квалиташ» пастасын қалай позициялады?
Fikо нарықтың қандай сегментіне бағытталды?
Венгерлік нарықта жаңа пастаның сәтсіздікке ұшырауының себебі неде екенін түсіндіріңіз.