Маркетинг – қазіргі бизнес философиясы, ойлау стилі және тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға
бағытталған мақсат. Мұндай көзқарасты ұсынатын авторлар маркетингті әлеуметтік – экономикалық жағынан қарастырады, бірақ мұнда оның мақсаттары тым мінсіздірілген (идеализированы). Бұл көзқарас нарықтық экономикасы дамыған елдердегі фирмалардың маркетингтік қызметіне сәйкес келеді.
Маркетингті адамдардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін зерттеуге және қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік көзқарастар маркетингтің әлеуметтік сипатын көрсетеді.
Маркетингтің теориясымен тәжірибесін зерттеу, оларды сынай ұғынып, мағынасына жетіп, фирмаға қатысты маркетингті авторлық түсіндіруін қалыптастыруға, оның қағидаларын, әдістері мен міндетті қызметтерін сипаттауға мүмкіндік береді. Маркетинг – бұл нарықты жан – жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және біріккен қызмет. Бұл анықтама маркетингтің екі жақтылығын бөліп көрсетеді, ол екі маңызды аспектілерден – тұжырымдамадан және іс - әрекеттен тұрады.
Тұжырымдамалық аспектіде маркетинг адамдардың қажеттілігін ұқсастыру және қанағаттандыру арқылы пайданы көтеруге бейімделген бизнестің идеясы мен философиясы ретінде сипатталады.
Маркетингтің қызметтік және тұжырымдамалық екі жағы бар:
Қызметтік тұрғыдағы маркетинг – ол бұл кәсіпорынның қазіргі жағдайында фирманың маркетингтік қызметіе ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін жүзеге асырылатын қызметтер жүйесі. Бұл көзқарас бойынша маркетиг менеджменттің маңызды қызметі ретінде қарастырылады.
Тұжырымдама ретінде маркетинг қатаң бәсекелестік күрестің, сұраныс ұсыныстан жоғары болуынан және тауарлар ассортиментінің жылдам жаңаруына байланысты туындаған. Осының нәтижесінде өндірушілер қатаң бәсекелестік жағдайында өзінің тауарларына осы тауаша (ниша) іздеу, тауарларын осы тауашада тұрақтандыру және оның кеңейтумен айналысады. Сондықтан бәсекелестік жағдайда маркетинг фирмаладың стратегиясы мен тактикасын анықтайтын қазіргі бизнестің философиясы болып табылады.
Тұжырымдамалық аспектіде маркетингті кез келген ұйымның бизнес философиясы, идеясы және ойлау бейнесі деп көрсетуге болады. Бұл мәні бойынша маркетингтің идеологиялық және саяси жағдайы.
Экономикаға, өндірушіге және тұтынушыға ықпал ету тұрғысынан қарағанда маркетинг ролі мынада.
Тиімді ұйымдастырылған маркетинг өндіруші табысына жол ашып, экономикалық және саяси факторлардың екіұдай жағдайында баяндылығын арттырып, нарықтағы бәсекелестік қабілетін ұштайды.
Маркетинг тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін, сондай – ақ өндіруші мен тұтынушылардың өзара ұзақ мерзімді қатынастарды орнықтыруды зерттеу мен соларға жету негізінде еңбек тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Осылайша, маркетингтің негізгі сипаттарын, белгілерін, табиғатын талдай келе, оны: қазіргі бизнес философиясы мен идеологиясы; экономикалық үрдіс; шаруашылық қызметтің саласы; ойлау жүйесі және тұжырымдамасы; шаруашылық етуші субъектілердің басқару жүйесі; ғылыми сала деп сипаттауға болады. Маркетингтің осындай белгілері Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында қалыптаса бастады.
Маркетинг көптеген ғылымдар тоғысында тұр, әсіресе әлеуметтану және психология ғылымдарының қиылысында, өйткені оның маңызды міндеттерінің бірі әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қарағандағы сатып алушының мінез – құлқын зерттеу болып табылады. Сондықтан маркетингті экономикалық және де әлеуметтік ғылымға да жатқызуға болады, өйткені оның зерттеулері әлеуметтік бағытта. Дамыған елдердің экономикасы мен менеджмент жүйесінде дүниежүзілік өзгерістер 60 – жылдар басында мінез – құлық ғылымы негізінде қалыптаса бастаған тұтынушылардың мінез – құлқы туралы ғылымның маркетинг құрамында пайда болуына түрткі басты фактор.