Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы. Маркетинг тұжырымдамалары. Маркетингтің қағидалары және қызметтері



бет1/3
Дата09.02.2023
өлшемі21,22 Kb.
#66591
  1   2   3
Байланысты:
л 1 (1)


1- тақырып
Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары.

  1. Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы.

  2. Маркетинг тұжырымдамалары.

  3. Маркетингтің қағидалары және қызметтері.

  4. Маркетингтің негізгі мақсаттары.

  5. Маркетингтің түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары.

  1. Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы.

Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі ғасырдан астам уақытқа созылып келеді. Ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ол, ең алғаш АҚШ - та, содан кейін Еуропа елдерінде де пайдаланыла бастады. ХХ ғасырдың 60 – жылдары маркетинг ғылыми негізделді және толысқан нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданды, 70 – жылдары өнеркәсіпте белсенді пайдаланылды, ал 80- жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс - әрекетке де енгізіле бастады.
«Маркетинг» ұғымы ағылшынның «market» (нарық) сөзінен шыққан, ал «инг» жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Маркетинг ірі ауқымды өндірістің қалыптасуы және бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайында өнімді өндіру мен өткізуді басқарудың әдісі ретінде бөлініп шықты.
Маркетинг дамуының бірінші кезеңі ХХ ғасырдың басынан бастап 40 – жылдардың соңына дейін созылды. Бұл кезеңдегі маркетингтің мақсаты – тауарларды ұтымды өткізу, тездетіп сату және коммерциялық іс - әрекеттің тиімділігін арттыру болды.
Оның инстуционалдық қалыптасуы және ұйымдық ресімделуі бір уақытта жүзеге асырылды. 1926 жылы АҚШ – та Маркетинг және жарнама ұлттық ұйымы құрылды, ол 1973 жылы Американдық маркетинг ассоциациясы деп өзгертілді. Кейіннен мұндай ұйымдар Батыс Еуропа елдерінде және Жапонияда құрылды.
Маркетингтің дамуының екінші кезеңі 1960 - 1970 жылдарды қамтиды, осы кезеңде маркетинг тұтынушылардың сұранысына бейімделген басқару теориясы мен тұжырымдамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырыла бастады. Бұл компаниялардың қызметін басқаруды маркетинг қағидалары негізінде жүзеге асыру ғылымының негізін қалады, ол «басқарудың нарықтық теориясы» деп атала бастады.
Маркетинг теориясы экономикалық ғылым жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Маркетингті тереңдете зерттеу тек нарық, айырбас, сұраныс, қажеттілік сияқты экономикалық категориялардың мәнін түсіну негізінде ғана болмауы мүмкін. Бұл түсініктер маркетингтің прагматикалық теориясының даму негізі болып табылады.
«Нарық» түсінігі экономикалық категориялардың кең тараған түрінің бірі екеніне қарамастан, оның біріңғай түсініктемесі жоқ. Алғашқы кездерде «нарық» базар, сату орны ретінде қарастырылды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеу шамасына қарай, маркетинг түсінігінің мәні дамып, неғұрлым күрделі мағынаға ие болды. Осыған орай, «нарық» түсінігінің көптеген анықтамаларын екі топқа бөлеміз. Бірінші топқа нарықтың саяси – экономикалық мазмұнына орай, нарықты еркін кәсіпкерлікке және мемлекеттің ролін шектеуге негізделген қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың әдісі ретінде қарастыратын анықтамалар жатады. Екінші бағыт нарықтың экономикалық мазмұнына сүйеніп, оны тұтынушылар мен жабдықтаушыларды айырбас мақсатында жақындататын механизм ретінде сипаттайды. Бұл жағдайда нарық тауарлар мен қызметтерге сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауға мүмкіндік беретін механизм ретінде қарастырылады.
Маркетинг жүйесінде нарық – нақты және әлуетті (потенциалды) тұтынушылардың жиынтығы. Нарықты өзінің тауарларды сатып алу мүмкіндігі және қажеттіліктері бар тұтынушылар құрайды. Сондықтан маркетингтің басты міндеті тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін айқындау және қанағаттандыру болып табылады.
Практикалық маркетингте «нарық» категориясының нақты сипаты бар және оның параметрлерін сандық түрде өлшеуге болады.
Тауар макркетингтік бүкіл іс - әрекеттің қозғаушы күші, оның төңірегінде маркетингтің саясаты мен стратегиясы жасалады. Тауарға маркетингтік тұрғыдан келу үшін ең алдымен оның тұтыну ерекшелігінің маңызы мен нақты бір қажеттілікті қанағаттандыратын мүмкіндігін ескеру керек.
Тауар – бұл адамның нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын және айырбасқа түсетін өнім. Тауарлар материалды (шикізат, машиналар, құрал – жабдықтар, азық – түлік) және материалды емес ( қызмет, идеялар) сипатта болады.
Тауардың падалылығы және оны жасаушылардың барлық жұмсалған күш – жігері маркетинг теориясында маңызды орын алатын айырбас барысында айқындалады. Айырбас - өндірушілер мен тұтынушылардың баламалы (эквивалентті) негізде жүзеге асырылатын қоғамдық байланыс түрі. Айырбас жүргізу үшін екі немесе одан да көп жақтардың қатысуы керек, олардың әрқайсысында құндылығы бар тауар және сонымен қатар айырбастауға деген ниет болуы тиіс. Екі немесе одан да көп жақтың құндылықты айырбасқа салуы трансакция немесе мәміле деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет