«Марсианские хроники» романы бойынша
ЭССЕ (140- 210 беттер)
Қазіргі дамыған елдер арасында өзге планетаны зерттеу, ондағы тіршілік белгілерін анықтау, осылайша күллі жер бетіндегі елдер алдында өздерінің өнер табыстарын паш ету күн өткен сайын артып келеді. Көршілес Қытай, Ресей сонымен бірге құрлықтың арғы жағындағы Америка елдері өзге планетаны бағындыру, ондағы тіршілік көздерін анықтау аясында көптеген жұмыстар атқарды. Бірақ өзге ғаламшарда «адамдар тіршілік етеді ме?» «олардың бет-бейнесі, тіршілігі қандай?» - деген сұрақтарға әлі де жауап таппай келеміз. Бірақ та өзге ғаламшарда адамдар өмір сүретінін көптеген ғалымдар жазып келеді.
Рэй Брэдбери «Марсианские хроники» романының 140 - 210 беттері Марс планетасындағы өмір, олардың жер бетіндегі адамдармен байланысы туралы ерекше фантастикалық сюжетпен баяндалған.
Осы Марс ғаламшарына жердегі адамдар төртінші рет барғанында, ол жердегі тұрғындардың жеке заттары, зәулім - зәулім сарайлары мен үйлерін, сонымен бірге сол ғаламшар тұрғындарының өлі денелерінің шашылып жатқанын ерекше тебреніспен суреттеген.
Жерден арнайы төртінші рет ұшып барған экспедицияның дәрігерлері Марс тұрғындарының жердегі кішкентай балалар арасында жұқпалы «шешек ауруына шалдығып, қайтыс болғандарын, зерттеп, анықтайды.
Осылайша жер бетінде өмір сүрген адамдар, Марс яғни (қызыл) планетаның мұрагері болып қалатындығын суреттейді. Сонымен бірге жер планетасынан көптеген адамдар Марсқа ұшып келіп, қоныстана бастайды. Осы қоныстанушылар ішінде Бэнджеми Дриско атты кісі болады. Оған жерде денсаулығына байланысты Марсқа ұшып баруға болмайтынын дәрігерлер ескерткенімен, ол өзге ғаламшарға ұшып барып, ағаштар мен көптеген өсімдіктер отырғызған. Шын мәнісінде Марс ғаламшарының улы ауасы оған дем алуға қиындықтар келтіргенімен, ол өз дегінен қайтпай, өсімдіктерді отырғызу ісіне белсене араласады. Ол жерде жауын-шашын мүлде аз болғанымен, бірде күтпеген жерден аспанды қара бұлт торлап, жауын жауады.
Жаңбыр аяқталған соң, ол өз өсімдіктерінің ерекше жасылданып, бой түзегендігін, ауаның тазарғанын аңғара келе, өкінішке орай өмірден озады. Дегенмен осы төртінші эксепдиция жердегі адамдар үшін сәтті жағына бет бұрғынан аңғара аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |